+4 дауыс
71.1k көрілді
3 жарым жасар сiңлiм әлi күнге дейiн (соска) емiзiктi ауызынан тастамайды. Алып қойсақ жылап қолды-аяққа тұрмай кетедi. Қалай шығаруға болады?

13 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Ананың сүтінің бала үшін ең маңызды және ең пайдалы екенін әр ана жақсы біледі. Бірақ ана қаншама қаласа да, емшектен шығару кезі келеді. Ол ананың денсаулығына байланысты болуы мүмкін, немесе жұмысқа шығу кезіне байланасты болуы мүмкін, не болса да, ол — психология және физиология жағынан өте қиын қадам.

Қазір мамандардың көбісі баланы 6 айға дейін міндетті түрде емізу керек, бір жасқа толғанша ананың мүмкіншілігіне қарап емізу керек деп айтады. Басқалар инволюцияға (сүтінің өзімен-өзі таусылуы) дейін емізетіндері де бар. Ол шешімдерді ананың өзі өз денсаулық және әлеуметтік жағдайына қарап қабылдау керек.

Сонымен, баланы жайлап және қинамай емшектен шығару үшін не істеу керек?

Бірнеше ай бұрын күндізгі емізуді ақырын жоққа шығарыңыз. Мысалы, баланың мазасы кетсе, бала шөлдесе, шаршаса, емшек беруінің орнына шырынды беріңіз, басқа ойынмен ойнатыңыз, немесе мультфильм көрсетіңіз.
Жаймен түнгі емізуді де басқа тамақпен ауыстырыңыз, мысалы бөтелкеден су, немесе айран беріңіз. Егер бала ішкісі келмесе, уқалаңыз, жұбататын ән айтып беріңіз.
1-2 ай бұрын баланы әкесі немесе әжесі ұйықтатуға дайын болсын. Ең бастысы бала емшексіз ұйықтауға үйренсін. Егер анасы жалғыз болса, онда емшекті не болса да шыдап, бермеу керек!
Өзіңізге мұқият қараңыз, егер емшектеріңізде сүт жиналмаса, ауырмаса, ыңғайсыздық пайда болмаса, ол сіздің емшектен шығару кезеңізді дұрыс таңдадыңыз дегенді білдіреді. Ал егер ыңғайсыздық пайда болса, емшек қатты толып кететін болса, онда 1 минутқа балаға емізіңіз, одан көп емес! Емшек кішкене босатылады да, жаңа сүтінің пайда болуы процесі басталуға үлгермейді. 1 минуттан кейін көп ұзамай ақырындап емшегіңізді шығарыңыз.
Емшектеріңізді қатты байлауға қажеті жоқ, өйткені емшек – тек сүт жинағыш ретінде қолданылатын резервуар, ал сүттің пайда болуы – гормоналдық деңгейде өтетін процесс. Сонымен қатар, қатты байлауымен нәзік сүт бездерінің жарақаттануы әбден ықтимал.
Балаға емшектеріңізді көрсетпей, кеудені толық жабатын киімді киюге тырысыңыз. Емізу кезенінде бала ананың иісіне қатты үйренеді, сондықтан тазалықты сақтаңыз.
«Тастап кеттім» немесе «балам ананың сүйіспеншілікті сезбейді» деген сезімдеріңізді жоққа шығарыңыз. Сіз бұрынғыдай баламен біргесіз, сонымен қатар, балаға ананың жылуы, құшағы жеткілікті.
Осылай аптадан аптаға сүтіңіз азаяды, бала емізусіз өмір сүруге үйренеді.
Егер тез арада емшектен шығару керек болса, онда әжелердің көмегін сұрауға тура келеді. Анасы 2-3 түнге баланы ата-әжесімен немесе әкесімен қалдыру керек, уақыт өткен соң баламен кездескенде емшекті бермей шыдау керек. Ол кезде сәбиіңізді алдастырып ойнату немесе далада қыдырту, яғни емізуді еске салмау керек.

Сүтіңізді азайтатын дәрумендер туралы дәрігермен ақылдасыңыз. Халықтың даналығына сенсеңіз, онда жалбыз (шалфей) шөбінің тұндырмасын немесе магнезияны ішіп көріңіз. Күндізгі сұйықтықтың мөлшері 800 мл-ден аспау керек. Емшектеріңіз қатты толып кетсе, онда жайлап 10-20 мл –ден асырмай сүзіп алыңыз. Бір сағаттан кейін қайталаңыз.
Ең бастысы: емшектеріңізді уқаламаңыз және жылытпаңыз! Емшектен шығарғаннан кейін уқалау және сүт бездерінің стимуляциясы постлактациялық маститті тудырудың себебі болу мүмкін.

Балаңызды емшектен шығаруы сіз және кішкентайыңыз үшін жеңіл өтсін! Сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі Балана.кз сайты.

+4 дауыс
Емізіктің бала соратын жерін отпен шамалы күйдіру керек. Сонда ол сәл еріп, өзінің сәбиге деген тартымды әрі тәтті келбетін жоғалтып, оны көргенде ұстамақ түгілі алыстан көруге жүрексінетін болады. "Құбыжық, құбыжық" деп көрсетсең, мүлдем сұрамайтын болады. Бұл күлкілі естілер, бірақ, сынақтан өткен.
Ия ,солай етiп кору керек сиякты. Рахмет +1
+2 дауыс
ащы қара бурыш сеуіп қой ауызына салғанда ауызы ашып өзі ақ қашады сосын, солай істеген менің жеңгем)))))))))))(
+1 дауыс

№1 ҚБА денсаулық мектебіндегі кезекті сабақтағы әңгіме баланы емшектен қалай шығару керек деген мәселенің төңірегінде өрбіді. Шынына келгенде, баланы дұрыс емізу тақырыбының ауқымы кең: баланы емізу туралы жан-жақты және жиі айта беру керек. Сондықтан кейбір тақырыптарды бірнеше сабаққа бөлген дұрыс. Бүгін біз сабақты баланы емшектен қалай дұрыс шығару керек деген тақырыпқа арналған дәрістер циклін бастағалы отырмыз.

Баланы емшектен шығару қашанда ана мен сәбидің қарым-қатынасындағы күрделі кезең болып табылады. Әдетте бұл ана үшін оңайға соқпайды: бұл жерде баласының денсаулығын ойлау да болады, өзінің аналық сезімдері де, көңілсіздік те... Баланы емшектен шығару анағұрлым сәтті өту үшін не істеу қажет?

Шұғыл түрде...

1. Өкінішке орай, кейде, бұл өте сирек кездесетін болса да, анасының немесе баласының қауіпті ауруы себебінен баланы емізу мүмкін болмай жатады.

2. Нені назарға алу қажет? Егер анасы баланы емізуді жалғастырғысы келсе, міндетті түрде бұл жайында бірнеше дәрігермен, мүмкіндігінше, бала емізу жөніндегі кеңесшілермен ақылдасу қажет. Бір дәрігер таба алмаған шешімді екінші дәрігер ұсынып жататын оқиғалар сирек кездеспейді.

3. Егер анасы ауруханаға түсіп қалған болса, ол міндетті түрде медперсоналға өзінің бала емізетіні жайында хабарлау қажет. Кейде бұл осы әйел үшін анағұрлым жұмсақ әсер ететін дәрілерді тағайындауға себеп болып жатады, бұл ананың кейін баласын емізуін жалғастыруға мүмкіндік береді; бұлай болмаған жағдайда да, сіздің ескертуіңіз сүттің ұйып, маститтің пайда болуына жол бермейді.

4. Егер анасында баланы қанша мерзім емізетінін тез арада білу мүмкіндігі болмаса, онда сүттің бөлінуін белгілі бір уақыт сүзу арқылы қолдай тұру қажет. Бұл анасы өзіне қатысты белгілі бір жайттар себебінен баласын емізуді тоқтатқан жағдайларға да қатысты: егер балаға жасанды қоспалар жақпайтыны анықталатын болса, онда жартылай ана сүтімен қосымша тамақтандыру, немесе тәжірибелі кеңесшінің көмегімен тіпті баланы емізуді қайта жалғастыруға болады.

Анасы қандай әрекеттерді жасамауы тиіс?

1. Сүттің бөлінуін дәрі-дәрмекпен тоқтату – бұл сүттің бөлінуін шұғыл тоқтату қажет болған кезде баратын ең соңғы әрекет. Бұл үшін қолданылатын дәрілерді және олардың дозасын тек қана дәрігер тағайындайды! Мұндай дәрілердің қауіпті әсері бар: жүрек айну, құсу, бас ауруы, бас айналу, шаршағыштық, депрессия...

Өзін-өзі нашар сезінумен қатар, таблетка қабылдау кезінде (бұл бір ғана күнге созылмайды) анасы баласына қарауы қажет болады! Сондықтан дәрі-дәрмек қабылдамастан бұрын, жақсылап ойлануы қажет...

2. Бұрын сүттің бөлінуін азайту үшін кеудені қатты буып тастау ұсынылатын. Бұл әдісті қазіргі уақытта ешкім қолданбайды, өйткені бұл әдіс ұсынылмайды, себебі кеудені буып тастау маститтің пайда болуына әкеп соғады. Кеудені байлап матау сүттің азаюына әкелмейді, бірақ сүт бездеріндегі қан айналымын бұзады, сүттің ұюына және ісіктің пайда болуын тудырады.

3. Тамақ не сусынды шектеудің бөлінетін сүттің мөлшеріне қатысы жоқ, ол ананың ағзасындағы пролактин гормонының санына байланысты. Тек өте қатты жүдеу кезінде ғана сүттің айтарлықтай азаюы байқалады, ал егер анасы сұйықтық ішуді азайтатын болса, ол өз ағзасын сусыздануына мәжбүрлейді, оның үстіне лактостаз даму қаупі артады.

Баланы емшектен шығару үшін не істеуге болады?

1. Ананың ағзасы үшін ең қауіпсіз әдіс - бұл сүттің бөлінуін біртіндеп азайту. Сүттің бөлінуін тоқтатуға шамамен екі-үш апта кетеді – бұл уақыт ішінде емшек қатайып кетпейтіндей дәрежеге жетеді. Алайда біраз уақытқа дейін емшекте сүт болуы мүмкін, мұнда тұрған ешнәрсе жоқ. Тек баланы емізуді тоқтатқаннан үш ай өткен соң сүт өзінен-өзі аға бастаған жағдайда ғана дәрігерге қаралу қажеттігі туындайды.

2. Ең басында, анасы баланы емізуді тоқтатқан кезде, емшек сүтке толып, ысып, ауыртуы мүмкін. Бұл жағдайда ананың негізгі мақсаты сүттің бөлінуін азайту және жағымсыз сезінулерді жеңілдету болады. Емшек тола салысымен, сүтті сүзіп отыру қажет болады (қолмен не сүт сүзгішпен). Сүтті емшек жеңілдегенше сүзу қажет, егер оны соңғы тамшысына дейін сүзуге тырысатын болсаңыз, бұл тек сүттің көп мөлшерде бөлінуіне ықпал етеді, өйткені сүт сүзген сайын бөліне береді.

3. Емшектің ісуі және сүттің толуынан болатын қолайсыздықты азайту үшін суық компресс қойып немесе кеудені орау қажет (суы мол орамжапырақ жапырақтары немесе суық сарысуға малынған дәке). Сүттің бөлінуін азайтуға шалфей және жалбыз тұнбалары көмектеседі.

Егер Сіз баланы емізе алмауыңызды уайымдап жүрсеңіз, мұны ішіңізде сақтамаңыз, бұл жайында жақын туысыңызбен немесе психологпен сөйлесіңіз. Депрессияға немесе сары уайымға салынбауға тырысыңыз – сәби анасының көңіл-күйін сезіп отырады, ал артық стресс Сізге де, оған да дәл қазір керек емес. Есіңізде болсын, сәбиіңізге деген махабаттыңызды тек оны емізу арқылы ғана емес, оны бағып-қағу, күту арқылы да білдіре аласыз, сәбиіңіз бұған мұқтаж!

Бала жасына толмаған болса...

Бұл жағдайда нені ескеру қажет? Әлі бір жасқа толмаған сәби үшін ана сүті тамақтанудың негізгі қайнар көзі болып табылады. Аналардың шамамен алты айда бере бастайтын қосымша тамағы толығымен ана сүтін алмастыра алмайды, алғашқы кезеңде онымен бала тек таныса бастайды, ол тек қана қосымша рөлін атқарады. Егер баланы ана сүтінен жасына толмай жатып айыратын болса, мұның оның иммунитетіне ықпалын тигізері анық. Сондықтан баланы емізуді жалғастыруға бар күш-жігерді салу қажет.

Егер ана сүтін емуден бала өзі бас тартып жатса, көбіне, мұны баланың еркелігі деп білу керек, бұл тез басылатын уақытша құбылыс. Емуден бас тартудың жиі кездесетін себептері – емізік беру, сирек емізу, анасының түнгі емізулерді алмастыруды немесе мүлдем алып тастауды қалауы.

Бірден айта кететін жайт, жұмысқа шығу баланы емізуді тоқтатуға себеп бола алмайды! Бұл тақырып алдыңғы мақалаларымызды қозғалған болатын. Қандай болған күнде де, баланы емізу жөніндегі кеңесшілер бала емізу мен жұмысты қалай өзара үйлестіруге болатынын айтып береді.

Егер анасы өзінің жағдайларына байланысты баланы емшектен шығару туралы нақты шешім қабылдаған болса, мұны ең қолайлы уақытта жасаған дұрыс. Мысалы, егер бала аурып қалған болса, қатты толқу үстінде немесе жаңа бір нәрсені үйреніп жатқан болса, мұны сәл кейінірек іске асырған жөн.

Емшектен шығару үшін не істеу қажет? Егер анасында баланы емшектен шығару қажеттілігі туындаған болса, онда алдында айтылған қағидаларды ұстану қажет. Емшектен шығару жайсыздық тудырмауы үшін, емізуді біртіндеп қоспамен немесе сүзілген ана сүтімен алмастырып отыру керек. Осылай барлығы үшін жақсы болады, сондай-ақ лактостаз бен мастит дамуының қаупі төмен болады. Ананың бір қалыпты көңіл-күйі осы ауыр кезеңді жеңіл бастан кешіруге көмектеседі.

Бәлкім, бала анасы емізер деген үмітпен анасының берген сүт құйылған ыдысты алмауы мүмкін. Бұл жағдайда сүті бар бөтелкені туыстардың біреуі беруі қажет (әдетте, әкесі немесе әжесі). Бала үшін ең маңызды емізу сәттерінен (әдетте, бұл ұйықтар алдындағы емізу) бас тартуды кейінге қалдырған жөн..

Бала жасы бірден екі жас аралығында болса...

Бұл баланы емшектен шығару үшін ең жиі таңдап алынатын және ең қиын кезең. Бұл жерде дәл психологиялық проблема орын алатынын атап кету керек: сәби бұл жаста бәрін түсінеді және бұған күші жеткенше қарсы тұруы да мүмкін…

Кейде, аналар бір жастан кейін баланы емшектен айыру қиынырақ болатынын біліп, мұны кішкене ертерек жасауға тырысады. Шынына келгенде, мұның ешқандай артықшылығы жоқ: емшектен шығару неғұрлым ерте басталған болса, бала денсаулығы үшін бұл соғұрлым қауіпті болады.

Жасына толған бала расында да ана сүтіне мұқтаж, ол енді өз қалауын анық білдіре алады, сондықтан отбасы өміріне бұл оқиға теріс әсер беруі мүмкін. Сондықтан, анасы емшектен шығаруға бел буған болса, ол мұның себебін анықтап алуы қажет.

Баласы бірге жаңа толған анаға жан-жақтан қысым көрсетіле бастайды, ол: «Сен әлі емізіп жүрсің бе? Бала өсіп қалды ғой» дегенді жиі ести бастайды. Әрине, бірге толғанымен баланы өсіп қалды деуге әлі ертерек. Сондай-ақ ол ана сүтін керек етпеймін деген ойдан аулақ))))...

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы баланы «ең кемі 2 жасқа дейін» емізуді ұсынады, өйткені бір жастан кейін ананың сүтінде денсаулықты нығайтатын иммундық факторлар мөлшері арта түседі. Бұған қоса, бала ана сүтінен қоректік заттардың көп бөлігін алады, егер бала басқа тамақты аз ішетін болса, онда емшектен шығарылғаннан соң, ол көбіне, «ересектер» тамағын соншама көлемде жей бастайды. Міне, сол кезде анасы қиын жағдайға тап болуы мүмкін...

Кейде, әйелдер баланы ұзақ емізу денсаулығыма зиян деп ойлайды. Бірақ, әдетте, ана ағзасы сүт бөлінуді тоқтатуға тек 1,2-2 жылдан кейін дайын болады. Ерте мерзімде емшектен шығару физиологиялық жағынан дұрыс емес, оның салдары денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін. Мұндайда ауырсыну, лактостаздардың дамуы орын алады, бала ембеген соң, күнделікті сүзіп отыруға тура келеді. Аяқ астынан болған гормоналды өзгеру депрессияның дамуына әкеп соғуы мүмкін.

Баланың жасы бір жарым жасқа келгенде көп аналар шаршағанын айтып, баласын емшектен шығаруды ойлайды. Бірақ, ең қызықтысы, дәл осыны, яғни шаршап кеткенін бала емізбейтін аналар да айтып жатады ғой!

Босанғаннан кейін көп уақыт өте қойған жоқ қой, сол үшін анасының ағзасы қалпына келген жоқ, сондықтан іс-әрекеті бұл күнде шапшаң болып кеткен баланы күнделікті бағудан анасы шаршайтыны рас… Бұл жағдайға басқа жағынан қарап көріңізші: анасы үшін қосымша жүктеме болып саналатын бала емізуді кішкене тынығып алу мүмкіндігі ретінде қабылдауға да болады! Емізу кезінде бала ешқайда жүгірмейді, бір нәрсені бүлдіріп алады деп абыржымайсыз. Осы жастағы барлық балалар (ембейтіндері де) түнде бірнеше рет оянады, оны тербетіп, қолға алудың қажеті жоқ, бар болғаны емізсеңіз болды. Шаршаған ана бала еміп жатқан кезде, жай ғана жатып, босаңсуына болады!

Жасынан асқан баланы жиі емізуден шаршайтын аналар болады. Көбіне мәселе емізуде емес, ана мен баланың арсындағы қарым-қатынаста болып жатады. Баласы үшін анасы беделі бар ересек адам емес, өз қалауынша араласатын «досы» сияқты. Мұндай жағдай анасы баласының барлық еркелігін көтеріп, соның айтқанынан шықпаған кезде қалыптасады. Емшектен шығару бұл проблеманы шеше алмайды, тек қана оның жаңа кезеңі басталады – баласы бұрынғыдай анасын билеп-төстейді. Жағдайды өзгерту үшін анасы баласына және өзіне деген көзқарасты өзгертуі; өзінің ойыншық емес, кішкентай сәбиінің денсаулығына, өміріне жауап беретін әйел екенін; анасы баласының емес, баласы анасын тыңдауы қажет екенін түсінуі қажет.

Соңында айтарымыз, көп жағдайда, емізуге қандай да бір қатысы бір проблема туындай қалса, анасына баланы емшектен шығаруды ұсынады. Емшектен шығарғаннан кейін, проблема да шешілмейді, анасы мен баласы көптеген артықшылықтардан құралақан қалады. Тіпті көп жағдайда, емшектен шығарғанға дейін болмаған жаңа қиындықтар пайда болады. Сондықтан емшектен шығармастан бұрын, анасы жақсылап ойланып алуы қажет: емізу арқылы шешетін жағдайларды не істейді? Туындаған қиындықтарды емшектен айырудан басқа шаралармен шешуге бола ма? Мысалы, қағазға өзіңізді толғандыратын проблеманы жазыңыз. Мысалы, ұйқым қанбайды деп. Тәулігіне неше сағат ұйықтайтыныңызды есептеңіз. Осы жерге ықтимал шешімдерді жазыңыз – мысалы, бала ұйықтап жатқанда, онымен бірге ұйықтау (үй жинап, тамақ пісірудің орнына). Белгілі бір уақыт баланы күйеуіне немесе туыстарына қаратып, осы уақытта демалып алу қажет.

Есіңізде болсын, нгер анасы емшектен шығаруға дайын болмаса, өзін кінәлі санаса, баласы бұрынғыдан да жиі емгісі келе береді. Қандай жағдайда, баланың өзіне көңіл аударуды талап етуі арта береді.

0 дауыс
Мен қызымды емшектен шығарғым келмейді. Жаным ашиды, бірақ жұмыс істеп,екіншісін де көтергім келеді...
0 дауыс
Кызым 1 жас 2 ай жумска байланысты шгаруым керек. Бурыш жактм барибир емип алд енди нестим
0 дауыс
кызым жаска толды.мен белгили бир себептермен больницада жатырм енди емшегим тырсиып озимди колайсыз сезинудемин енди не истеим?сыгуга болмайды дит енем
0 дауыс
Әй қазақтар ай, орыс тілді сайттан аударылып алынған ақпарат қой. Несіне көлбірсіп жариялап қойғансыңдар.
0 дауыс
Не болса ол болсын коп нарсенин козин ашып жазгангой. Емшектен шыгарып журм акырын бирак накты себеп жок. Емизгим кеп турады кейде.
0 дауыс
Менде кызымды шыгарып жатырмын о мыраудан...уйыктайтын кезде киынырак екен. Зеленка жагып коигам омырауды алмайды.бугин екинши кун ембегенге
0 дауыс
Мен отим толып кетип приступ берип жатып калдым кызыма 10 ай.Емшектен шыгармасам баланын асказаны бузылад деди антибиотик кабылдап жатрмын.Кызыма ана боп жарытып емшек те бере бере алмаганыма ишим ашып жылай берем муншалыкты ауыр болатынын билмедим.кызым Аллага шукир акылды ауырганымды корип тек касымда жатад бетимди устап сомен уйыктайд тунде сут берем.Озимди озим жек корем.бир кызыма емшек жарытып бере алмадым.
0 дауыс
менде баламды шыгарып жатырм бирак кешке уйыктарда ембей уйыктамайды..кырсыгып жылап ештенеге конбей жатады,тунде 2-3рет емип шыгад еще..
0 дауыс
Сәлеметсіз бе ! Менің төсім фибриозная мастопатия деп дәрігер нақты емес диагнозын қойды бірақ баланы емшектен шығар дейді ал бала бірге енді толды.Не істеймін бұл жағдайда басым қатты ббүгін бірінші күн емізген жоқпын өзі де сұрамайды
...