+5 дауыс
57.0k көрілді
Salamatsyzdarma. Menin aiagym auyr 2ai jarym boldy. Menin kyzym 1 jas 2 aiga tolady. Ol ali emwek emedi. Ony emwekten kalai wygaram. Kop adister koldandym jylap emem dep bolmaidy. Kundiz amaldap emizbeim. Al tunde emim wygady. Emizbesem emwegim tagy syzdaidy. Endi ne istesem bolady. Kyzym eme berse zianba.alide ewtene etpeima.
Кызымды емизе берсем иштеги балагы зияны тие ма?негизи канша айга дейин емизе берсе болады екен? Емшек сурап мазасызданганда жанымды койарга жер таппаймын. Егер айагым ауыр болмаганда канша жас болсада емизер ем.

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

№1 ҚБА денсаулық мектебіндегі кезекті сабақтағы әңгіме баланы емшектен қалай шығару керек деген мәселенің төңірегінде өрбіді. Шынына келгенде, баланы дұрыс емізу тақырыбының ауқымы кең: баланы емізу туралы жан-жақты және жиі айта беру керек. Сондықтан кейбір тақырыптарды бірнеше сабаққа бөлген дұрыс. Бүгін біз сабақты баланы емшектен қалай дұрыс шығару керек деген тақырыпқа арналған дәрістер циклін бастағалы отырмыз.

Баланы емшектен шығару қашанда ана мен сәбидің қарым-қатынасындағы күрделі кезең болып табылады. Әдетте бұл ана үшін оңайға соқпайды: бұл жерде баласының денсаулығын ойлау да болады, өзінің аналық сезімдері де, көңілсіздік те... Баланы емшектен шығару анағұрлым сәтті өту үшін не істеу қажет?

Шұғыл түрде...

1. Өкінішке орай, кейде, бұл өте сирек кездесетін болса да, анасының немесе баласының қауіпті ауруы себебінен баланы емізу мүмкін болмай жатады.

2. Нені назарға алу қажет? Егер анасы баланы емізуді жалғастырғысы келсе, міндетті түрде бұл жайында бірнеше дәрігермен, мүмкіндігінше, бала емізу жөніндегі кеңесшілермен ақылдасу қажет. Бір дәрігер таба алмаған шешімді екінші дәрігер ұсынып жататын оқиғалар сирек кездеспейді.

3. Егер анасы ауруханаға түсіп қалған болса, ол міндетті түрде медперсоналға өзінің бала емізетіні жайында хабарлау қажет. Кейде бұл осы әйел үшін анағұрлым жұмсақ әсер ететін дәрілерді тағайындауға себеп болып жатады, бұл ананың кейін баласын емізуін жалғастыруға мүмкіндік береді; бұлай болмаған жағдайда да, сіздің ескертуіңіз сүттің ұйып, маститтің пайда болуына жол бермейді.

4. Егер анасында баланы қанша мерзім емізетінін тез арада білу мүмкіндігі болмаса, онда сүттің бөлінуін белгілі бір уақыт сүзу арқылы қолдай тұру қажет. Бұл анасы өзіне қатысты белгілі бір жайттар себебінен баласын емізуді тоқтатқан жағдайларға да қатысты: егер балаға жасанды қоспалар жақпайтыны анықталатын болса, онда жартылай ана сүтімен қосымша тамақтандыру, немесе тәжірибелі кеңесшінің көмегімен тіпті баланы емізуді қайта жалғастыруға болады.

Анасы қандай әрекеттерді жасамауы тиіс?

1. Сүттің бөлінуін дәрі-дәрмекпен тоқтату – бұл сүттің бөлінуін шұғыл тоқтату қажет болған кезде баратын ең соңғы әрекет. Бұл үшін қолданылатын дәрілерді және олардың дозасын тек қана дәрігер тағайындайды! Мұндай дәрілердің қауіпті әсері бар: жүрек айну, құсу, бас ауруы, бас айналу, шаршағыштық, депрессия...

Өзін-өзі нашар сезінумен қатар, таблетка қабылдау кезінде (бұл бір ғана күнге созылмайды) анасы баласына қарауы қажет болады! Сондықтан дәрі-дәрмек қабылдамастан бұрын, жақсылап ойлануы қажет...

2. Бұрын сүттің бөлінуін азайту үшін кеудені қатты буып тастау ұсынылатын. Бұл әдісті қазіргі уақытта ешкім қолданбайды, өйткені бұл әдіс ұсынылмайды, себебі кеудені буып тастау маститтің пайда болуына әкеп соғады. Кеудені байлап матау сүттің азаюына әкелмейді, бірақ сүт бездеріндегі қан айналымын бұзады, сүттің ұюына және ісіктің пайда болуын тудырады.

3. Тамақ не сусынды шектеудің бөлінетін сүттің мөлшеріне қатысы жоқ, ол ананың ағзасындағы пролактин гормонының санына байланысты. Тек өте қатты жүдеу кезінде ғана сүттің айтарлықтай азаюы байқалады, ал егер анасы сұйықтық ішуді азайтатын болса, ол өз ағзасын сусыздануына мәжбүрлейді, оның үстіне лактостаз даму қаупі артады.

Баланы емшектен шығару үшін не істеуге болады?

1. Ананың ағзасы үшін ең қауіпсіз әдіс - бұл сүттің бөлінуін біртіндеп азайту. Сүттің бөлінуін тоқтатуға шамамен екі-үш апта кетеді – бұл уақыт ішінде емшек қатайып кетпейтіндей дәрежеге жетеді. Алайда біраз уақытқа дейін емшекте сүт болуы мүмкін, мұнда тұрған ешнәрсе жоқ. Тек баланы емізуді тоқтатқаннан үш ай өткен соң сүт өзінен-өзі аға бастаған жағдайда ғана дәрігерге қаралу қажеттігі туындайды.

2. Ең басында, анасы баланы емізуді тоқтатқан кезде, емшек сүтке толып, ысып, ауыртуы мүмкін. Бұл жағдайда ананың негізгі мақсаты сүттің бөлінуін азайту және жағымсыз сезінулерді жеңілдету болады. Емшек тола салысымен, сүтті сүзіп отыру қажет болады (қолмен не сүт сүзгішпен). Сүтті емшек жеңілдегенше сүзу қажет, егер оны соңғы тамшысына дейін сүзуге тырысатын болсаңыз, бұл тек сүттің көп мөлшерде бөлінуіне ықпал етеді, өйткені сүт сүзген сайын бөліне береді.

3. Емшектің ісуі және сүттің толуынан болатын қолайсыздықты азайту үшін суық компресс қойып немесе кеудені орау қажет (суы мол орамжапырақ жапырақтары немесе суық сарысуға малынған дәке). Сүттің бөлінуін азайтуға шалфей және жалбыз тұнбалары көмектеседі.

Егер Сіз баланы емізе алмауыңызды уайымдап жүрсеңіз, мұны ішіңізде сақтамаңыз, бұл жайында жақын туысыңызбен немесе психологпен сөйлесіңіз. Депрессияға немесе сары уайымға салынбауға тырысыңыз – сәби анасының көңіл-күйін сезіп отырады, ал артық стресс Сізге де, оған да дәл қазір керек емес. Есіңізде болсын, сәбиіңізге деген махабаттыңызды тек оны емізу арқылы ғана емес, оны бағып-қағу, күту арқылы да білдіре аласыз, сәбиіңіз бұған мұқтаж!

Бала жасына толмаған болса...

Бұл жағдайда нені ескеру қажет? Әлі бір жасқа толмаған сәби үшін ана сүті тамақтанудың негізгі қайнар көзі болып табылады. Аналардың шамамен алты айда бере бастайтын қосымша тамағы толығымен ана сүтін алмастыра алмайды, алғашқы кезеңде онымен бала тек таныса бастайды, ол тек қана қосымша рөлін атқарады. Егер баланы ана сүтінен жасына толмай жатып айыратын болса, мұның оның иммунитетіне ықпалын тигізері анық. Сондықтан баланы емізуді жалғастыруға бар күш-жігерді салу қажет.

Егер ана сүтін емуден бала өзі бас тартып жатса, көбіне, мұны баланың еркелігі деп білу керек, бұл тез басылатын уақытша құбылыс. Емуден бас тартудың жиі кездесетін себептері – емізік беру, сирек емізу, анасының түнгі емізулерді алмастыруды немесе мүлдем алып тастауды қалауы.

Бірден айта кететін жайт, жұмысқа шығу баланы емізуді тоқтатуға себеп бола алмайды! Бұл тақырып алдыңғы мақалаларымызды қозғалған болатын. Қандай болған күнде де, баланы емізу жөніндегі кеңесшілер бала емізу мен жұмысты қалай өзара үйлестіруге болатынын айтып береді.

Егер анасы өзінің жағдайларына байланысты баланы емшектен шығару туралы нақты шешім қабылдаған болса, мұны ең қолайлы уақытта жасаған дұрыс. Мысалы, егер бала аурып қалған болса, қатты толқу үстінде немесе жаңа бір нәрсені үйреніп жатқан болса, мұны сәл кейінірек іске асырған жөн.

Емшектен шығару үшін не істеу қажет? Егер анасында баланы емшектен шығару қажеттілігі туындаған болса, онда алдында айтылған қағидаларды ұстану қажет. Емшектен шығару жайсыздық тудырмауы үшін, емізуді біртіндеп қоспамен немесе сүзілген ана сүтімен алмастырып отыру керек. Осылай барлығы үшін жақсы болады, сондай-ақ лактостаз бен мастит дамуының қаупі төмен болады. Ананың бір қалыпты көңіл-күйі осы ауыр кезеңді жеңіл бастан кешіруге көмектеседі.

Бәлкім, бала анасы емізер деген үмітпен анасының берген сүт құйылған ыдысты алмауы мүмкін. Бұл жағдайда сүті бар бөтелкені туыстардың біреуі беруі қажет (әдетте, әкесі немесе әжесі). Бала үшін ең маңызды емізу сәттерінен (әдетте, бұл ұйықтар алдындағы емізу) бас тартуды кейінге қалдырған жөн..

Бала жасы бірден екі жас аралығында болса...

Бұл баланы емшектен шығару үшін ең жиі таңдап алынатын және ең қиын кезең. Бұл жерде дәл психологиялық проблема орын алатынын атап кету керек: сәби бұл жаста бәрін түсінеді және бұған күші жеткенше қарсы тұруы да мүмкін…

Кейде, аналар бір жастан кейін баланы емшектен айыру қиынырақ болатынын біліп, мұны кішкене ертерек жасауға тырысады. Шынына келгенде, мұның ешқандай артықшылығы жоқ: емшектен шығару неғұрлым ерте басталған болса, бала денсаулығы үшін бұл соғұрлым қауіпті болады.

Жасына толған бала расында да ана сүтіне мұқтаж, ол енді өз қалауын анық білдіре алады, сондықтан отбасы өміріне бұл оқиға теріс әсер беруі мүмкін. Сондықтан, анасы емшектен шығаруға бел буған болса, ол мұның себебін анықтап алуы қажет.

Баласы бірге жаңа толған анаға жан-жақтан қысым көрсетіле бастайды, ол: «Сен әлі емізіп жүрсің бе? Бала өсіп қалды ғой» дегенді жиі ести бастайды. Әрине, бірге толғанымен баланы өсіп қалды деуге әлі ертерек. Сондай-ақ ол ана сүтін керек етпеймін деген ойдан аулақ))))...

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы баланы «ең кемі 2 жасқа дейін» емізуді ұсынады, өйткені бір жастан кейін ананың сүтінде денсаулықты нығайтатын иммундық факторлар мөлшері арта түседі. Бұған қоса, бала ана сүтінен қоректік заттардың көп бөлігін алады, егер бала басқа тамақты аз ішетін болса, онда емшектен шығарылғаннан соң, ол көбіне, «ересектер» тамағын соншама көлемде жей бастайды. Міне, сол кезде анасы қиын жағдайға тап болуы мүмкін...

Кейде, әйелдер баланы ұзақ емізу денсаулығыма зиян деп ойлайды. Бірақ, әдетте, ана ағзасы сүт бөлінуді тоқтатуға тек 1,2-2 жылдан кейін дайын болады. Ерте мерзімде емшектен шығару физиологиялық жағынан дұрыс емес, оның салдары денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін. Мұндайда ауырсыну, лактостаздардың дамуы орын алады, бала ембеген соң, күнделікті сүзіп отыруға тура келеді. Аяқ астынан болған гормоналды өзгеру депрессияның дамуына әкеп соғуы мүмкін.

Баланың жасы бір жарым жасқа келгенде көп аналар шаршағанын айтып, баласын емшектен шығаруды ойлайды. Бірақ, ең қызықтысы, дәл осыны, яғни шаршап кеткенін бала емізбейтін аналар да айтып жатады ғой!

Босанғаннан кейін көп уақыт өте қойған жоқ қой, сол үшін анасының ағзасы қалпына келген жоқ, сондықтан іс-әрекеті бұл күнде шапшаң болып кеткен баланы күнделікті бағудан анасы шаршайтыны рас… Бұл жағдайға басқа жағынан қарап көріңізші: анасы үшін қосымша жүктеме болып саналатын бала емізуді кішкене тынығып алу мүмкіндігі ретінде қабылдауға да болады! Емізу кезінде бала ешқайда жүгірмейді, бір нәрсені бүлдіріп алады деп абыржымайсыз. Осы жастағы барлық балалар (ембейтіндері де) түнде бірнеше рет оянады, оны тербетіп, қолға алудың қажеті жоқ, бар болғаны емізсеңіз болды. Шаршаған ана бала еміп жатқан кезде, жай ғана жатып, босаңсуына болады!

Жасынан асқан баланы жиі емізуден шаршайтын аналар болады. Көбіне мәселе емізуде емес, ана мен баланың арсындағы қарым-қатынаста болып жатады. Баласы үшін анасы беделі бар ересек адам емес, өз қалауынша араласатын «досы» сияқты. Мұндай жағдай анасы баласының барлық еркелігін көтеріп, соның айтқанынан шықпаған кезде қалыптасады. Емшектен шығару бұл проблеманы шеше алмайды, тек қана оның жаңа кезеңі басталады – баласы бұрынғыдай анасын билеп-төстейді. Жағдайды өзгерту үшін анасы баласына және өзіне деген көзқарасты өзгертуі; өзінің ойыншық емес, кішкентай сәбиінің денсаулығына, өміріне жауап беретін әйел екенін; анасы баласының емес, баласы анасын тыңдауы қажет екенін түсінуі қажет.

Соңында айтарымыз, көп жағдайда, емізуге қандай да бір қатысы бір проблема туындай қалса, анасына баланы емшектен шығаруды ұсынады. Емшектен шығарғаннан кейін, проблема да шешілмейді, анасы мен баласы көптеген артықшылықтардан құралақан қалады. Тіпті көп жағдайда, емшектен шығарғанға дейін болмаған жаңа қиындықтар пайда болады. Сондықтан емшектен шығармастан бұрын, анасы жақсылап ойланып алуы қажет: емізу арқылы шешетін жағдайларды не істейді? Туындаған қиындықтарды емшектен айырудан басқа шаралармен шешуге бола ма? Мысалы, қағазға өзіңізді толғандыратын проблеманы жазыңыз. Мысалы, ұйқым қанбайды деп. Тәулігіне неше сағат ұйықтайтыныңызды есептеңіз. Осы жерге ықтимал шешімдерді жазыңыз – мысалы, бала ұйықтап жатқанда, онымен бірге ұйықтау (үй жинап, тамақ пісірудің орнына). Белгілі бір уақыт баланы күйеуіне немесе туыстарына қаратып, осы уақытта демалып алу қажет.

Есіңізде болсын, нгер анасы емшектен шығаруға дайын болмаса, өзін кінәлі санаса, баласы бұрынғыдан да жиі емгісі келе береді. Қандай жағдайда, баланың өзіне көңіл аударуды талап етуі арта береді.

+5 дауыс
Ана сүті балаға ешқашан зиян болмайды. 2-3 жасқа дейін еметіндер бар. лактация болып тұрса жақсы ғой қайта) Ұзақ емсе қайта баланың иммунитеті жақсы болады. Мен педиатор емеспін, білгенімді жаздым, негізі педиатордан консультация алғанығыз жақсы)
+2 дауыс

Қазақта баланы емшектен шығару үшін, 15-20 күнге әжесіне апарып тастайды ))

+3 дауыс
Немесе төсiңiзге қара жүн қойыңыз, күйе жағыңыз, қызыңыздың желаниясы қашып кетедi емуге...
ОЛай баланы емшектен шығаруға болмайды ол баланын психикасына әсер етеди
0 дауыс
Жоғарыдағы ғылыми тілде жазылған жауаптан сіз кеудеден тез шығара алмайсыз. Егер балаңызға лимонды жемейтін болса, байқатпай лимон жағып жіберіңіз. Алдымен дәмі жаман екендігін айтып қорқытып қойыңыз. Түнде де лимонды дайындап қойып, сүт сұрағанда жағып жіберіңіз. Бір күн қиналады, әрине. Сосын орнына соска, бутылка еметін болса, сонымен алдап, балаңыз қызығатын тамақтың түрлерін көбейту керек.
+1 дауыс
Сосын яғыңыз ауыр болса, дереу шығару керек. Ішіңіздегі балаға, өзіңізге зиян келеді. Балаңыз тамақ жей алатын жасқа жеткен екен, қорықпай шығара беріңіз.
0 дауыс
Менин кызым 2де мен емшектенишыгардым шугыл турде ауруханага тускен сон, уйге барып едим емшегимди сурады, бермедим. Енди ауруханада жатканыма 1аптадай боп калды. Бирак емшегимде али сут бар не истеуиме болады?
0 дауыс
Менин 4 айлык кызымнын бир емшегинле кишкентай исик бар. Даригерлер анасынын гормоны болинип кеткен дейди. Ол коркыныштыма
0 дауыс
Салем меним кызым 7 ай га енди толады мен жуктимин 2 3 апта емшектен шыгар ганым дурыспа
...