0 дауыс
106k көрілді
1-билет 1.Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы,тереториясы,шекарасы. 2.Халықтың саны мен табиғи өсімі...  өтінемін толығырақ жауап беріңдерші географиядан 9-сынып

3 жауап

0 дауыс

1. Экономикалық-географиялық жағдайы [өңдеу]

Ел аумағының ең басты сипаты - оның географиялық жағдайы болып табылады.
Шаруашылықтың дамуы үшін экономикалық-географиялық жағдайдың (ЭГЖ) маңызы зор.
Экономикалык-географиялық жағдай - елдің, әлемнің экономикалық картасындағы орнын көрсетеді. ЭГЖ-ға баға беру дегеніміз, оның жағдайын:
әлемдік экономиканың басты орталықтарына, әлемдік нарықка (нарықтық-географиялық жағдайы);
көрші елдерге (көршілік жағдай);
халықаралық көлік жолдарына (көліктік-географиялық жағдай) қатысты анықтау.
ЭГЖ тиімді немесе тиімсіз, қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.
Нарықтық-географиялық жағдайда АҚШ, ЕО, Жапония сияқты әлемдік экономиканың басты орталықтарының маңызы зор. Олардың нарықтары алдыңғы қатарлы технологиямен, сыйымдылығымен, төлем қабілеттілігімен тартымды.
Көршілік жағдайда Қытай мен Ресейді алуға болады. Олар әлемдегі үшінші жөне тоғызыншы орындағы экономикалар. Олар біздің ірі сауда серіктестеріміз болып саналады. Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан экономикалық деңгейі бойынша Қазақстаннан артта. Алайда, болашақта олармен де бірлесіп жұмыс істеудің бірнеше бағыттары жасалған.
Көршілік жағдайдың басты плюсі - көрші елдің аумағын үшінші бір елмен байланыс орнату үшін пайдалану. Оның интенсивтілігі мен географиясын көліктік-географиялық жағдай анықтайды. Ең қолайлысы - теңіздік жағдай. Қазақстанда ашық теңізге тура шыға алатын мүмкіндік жок (ішкі құрлықтық жағдай). Бірақ оның 2000 км-дей шекарасы батыста Каспий арқылы өтеді.
Жер үсті байланысы құрлықтағы шекараның ерекшеліктеріне тәуелді. Оның жалпы ұзындығы 13,3 мың км. Ресеймен шекара (7,5 мың км) негізінен жазық жерлермен өтеді. Онда табиғи кедергілер жоқ. Ел арасындағы шекараны көптеген темір жол мен автомобиль жолдары кесіп өтеді. Қытаймен арадағы шекараның көп белігі таулар арқылы өтсе, Орталық Азия мемлекеттерімен шекара жазық жерлермен жүргізілген. Бұл шекара арқылы әзірге 4 темір жол етеді: біреуі - Қытайға, үшеуі - Орталық Азияға апарады.
Елдің аумағы арқылы басқа мемлекеттердің жүгі мен жолаушыларын тасымалдау (транзиттік жағдай) қосымша кіріс әкеледі. Транзиттік көлік дәліздерінің дамуы ішкі құрлыктық жағдайдың минустарын азайтады.

Жер көлемі бойынша (2 724,9 мың км2) Қазақстан әлемде 9-орын алады. Жер көлемінің ірі болуы - Қазақстанның басты артықшылығы болып саналады. Қазақстан әр алуан табиғи байлықтарымен де ерекшеленеді.
Бірақ үлкен аумақты игеру көп күш жұмсауды да қажет етеді. Алыс жақтарға жүк тасымалдау өнім бағасын қымбаттатады. Көлік жолдарын салу, табиғи қорларды игеру өте қымбатқа түседі. Көп жағдайда жұмсалған шығын тұтас салалар шығаратын өнім көлемінен асып кетеді.


Қазақстанның оңтүстік астанасы - Алматы
Қазақстанда аумақты ұйымдастырудың үш буынды жүйесі қалыптасқан. Оның негізіне 14 облыс жатады. Облыстар аудандарға, аудандар - округтерге бөлінген. Облыс, аудан, округ әкімшілік-аумақтық құрылымның үш басты буыны болып табылады. Бұдан басқа, аумақтық бірліктерге қалалар жатады. Олардың ішінде ерекше орын алатындар - республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалалары.
Астана - мемлекетіміздің саяси орталығы, оның «визит карточкасы» тәрізді. Ол басты біріктіруші қызметті атқарады. Іскерлік белсенділік пен мәдени өмірдің орталығы ретінде Астананың маңызы күн санап артуда.
Алматы — ғылымның, мәдениеттің, өндірістің орталығы ретіндегі ірі қала. Оның еліміздің өміріндегі маңызына байланысты Қазақстанның «Оңтүстік астанасы» деген бейресми атауы да бар.
Аумақтық бірліктердің жергілікті мәселелерді шешуде өзіндік, яғни жергілікті басқару мүмкіндігі бар.
Қазақстанды географиялық тұрғыдан 5 бөлікке - Орталық, Солтүстік, Шығыс, Оңтүстік және Батыс аймақтарға бөледі.

Мына жерде!

Халық саны және динамикалық өсу қарқыны

Қазақстан халқы 2009 жылғы санақ бойынша 16 млн 402 мың адамға жетті. Халық санының аз болуы - бұл әлсіз ішкі нарық, яғни сыртқы нарыққа тәуелділік, сондай-ақ жұмыс қолының жетіспеуі, соған байланысты қажетті аймақтардың игерілмеуі, сонымен бірге елдің қорғаныс қабілетінің әлсіреуі. Сондықтан да халық санын көбейту - қоғамнын, негізгі мәселелерінің бірі. Қазақстан халқының саны бойынша орташа мемлекеттер қатарына жатады. Халық саны жөніндегі толық мәліметтерді халық санағы береді. Мемлекет оны белгілі бір уақыт аралығында жүргізіп отырады (біздің елімізде 10 жыл сайын). Әр санақ аралықтарында қорытынды есеп беріліп отырады. Алғашқы жалпы халық санағы 1897 жылы, ал соңғы ҚР Ұлттық санағы 2009 жылы 25 ақпаннан 6 наурыз аралығында өтті. Бұл уақыттың ішінде Қазақстан халқы 4 есе өсті.Бірақ оның динамикасы біркелкі болған жоқ, жылдам есу айтарлықтай төмендеумен алмасып келіп отырды.
Елдің, аймақтың, елді мекеннің халкының саны екі түрлі себептерге (факторға) байланысты. Бірінші фактор - туу мен өлудін, нәтижесінде ұрпақ, ауысуы немесе халықтың табиғи өсімі, ал екіншісі - адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы (келу мен кету), оны халықтың механикалық қозғалысы (көші-қон) деп атайды. Туу мен көшіп келу тұрғындар санын көбейтсе, өлу мен көшіп кету, керісінше азайтады.

Ақпарат: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%85%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D1%81%D0%B0%D0%BD%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D1%82%D0%B0%D0%B1%D0%B8%D2%93%D0%B8_%D3%A9%D1%81%D1%96%D0%BC%D1%96
0 дауыс
2-інші сұрақтың жауабы барма?
Менің пікірімде тұр.
оқулықта бар ғой!!!!!!!!!! Неге жұртты әуреге саласын!Немесе Шыңнан жазсай!!
Белгісіз
0 дауыс
окулыктан издеп карасан табасын издемеудин амалыма
...