0 дауыс
11.0k көрілді
орталық қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы

1 жауап

0 дауыс
Орталық Қазақстанды минералды ресурстардың қазынасы десек те болады. Бұл ауданда пайдалы казбалардың алуан түрі және үлкен қоры шоғырланған. Жер койнауындағы көмірдің мол қоры Қарағанды көмір алабында орналасқан. Сонымен бірге 100% кокстелетін көмір де осында. Мыс кен орындары Балқаш маңы мен Жезказғанда, марганецтің 100%-ы Атасу және Жезді кен орындарында шоғырланған. Сонымен бірге мұнда сирек металдар да кездеседі. Вольфрам мен молибденнің негізгі кен орындары Жоғары Қайрақты, Көктенкөл, Солтүстік Қатпар,Қараоба және Оңтүстік Жауырда орналасқан. Оңтүстік Торғай мұнай газ алабында мұнай мен газдың 3 кен орны анықталып, барлау жұмыстары жүргізілді. Соныменбірге кенсіз пайдалы қазбалардың қоры анықталып, әсіресе құрылыс материалдары көптеп шоғырланған. Аудан жеріндегі пайдалы қазбалардың ерекшелігі - олардың бір-біріне жақын орналасуында.

Су ресурсыӨңдеу
Орталық Қазақстанның оңтүстік шығысында Балқаш көлі орналасса, қалған аумағында (Қарасор, Қыпшақ және т.б.) ұсақ көлдер кездеседі. Олардың дені ащы көлдер.Судың жетіспеуі өнеркәсіп жөне ауыл шаруашылык салаларын дамытуға кедергі болуда. Сумен камтамасыз ету үшін Ертіс - Қарағанды - Жезқазған су қоймалары және канал салынды.

Орман ресурсыӨңдеу
Орталық аудан орман ресурсына тапшы аудандардың бірі, негізгі ормандары суды қорғауда және рекреациялық мақсатта маңызды рөл атқарады. Негізгі ағаш түрлері - қарағай,қайың жөне көктерек. Табиғаттың әсем жерлерін сақтау максатында Қарқаралы ұлттық паркі ашылған.

Қызықты жағдайларӨңдеу
1. П.И. Шангин (Алтай таулы округінің маркшейдері) Сарыарқаның табиғатына сипаттама бере отырып, аймактың қорғасын мен мыс кендеріне бай екендігін және оларды өндірген ежелгі ошақтарын, 1816 жылғы зерттеу барысында жазып кеткен.
2. XIX ғасырдың ортасында байлық іздеген кәсіпкерлер бірінен соң бірі келіп 85 кен орнын игерген. 1895 жылы бір ғана Қаркаралы уезінде 311 кеніш игерілген.
3. 1940 жылға дейін Қарағанды кемір алабында 22 шахта жөне 1 көмір кесіндісі (Федоров) салынды. Бұл өндіріс орындары тек ауданның ғана емес, бүкіл Қазақстанның индустриалды дамуына септігін тигізді. Қарағанды Ресейдің Еділ маңы жөне Орал экономикалык аудандарын, Башқұртстан республикасы мен Орынбор облысын көмірмен қамтамасыз еткен. Ұлы Отан соғысы жылдары Қарағанды көмірі бүкіл елімізді отынмен камтамасыз етті.
4. Орталық Қазақстан марганец (жез) кенінің барланған қоры бойынша дүние жүзінде 3-орында, ал ТМД елдері арасында Украинадан кейін 2-орында. Кеннің негізгі коры Атасу кенді ауданында (батыс Қаражал, Үшқатын III, Үшқатын I, Шығыс Қамыс, Жомарт және т.б.) және Сарысу-Теңіз кенді ауданында («Түр», «Богач») шоғырланған.
...