–2 дауыс
7.4k көрілді
Қыздар қазір неге зардап шегеді? Қыздығы жоқтар екі талай! Көбісі соған тіреле ме? Айтыңдаршы, қыздықтан гөрі адамгершілігі, имандылығы маңызды емес пе?
Осындайда сұрақ болады екен ау. Кыздыгы болмаса иманы кайдан болсын. Арына еге бола алмаса?
Белгісіз

9 жауап

+3 дауыс
Менім ойынша қыздын пәктігі болған жөн оның иманды қыз болса онда ол пәктігі міндетті турде болады
+1 дауыс
Себебі ондай қызда сіз айтқан адамгершілік пен имандылық болса, пәктігінен айырылмас еді. Менде үйленерде алдымен пәктігіне қараймын. Маған дейін пәктігі  болмаған қыз, маған адал болады деп ойламаймын.
0 дауыс
Адамгершілігі имандылығы бар қыз пәктігін жоғалтпайды үйленгенше. Өзгелерге жауап бермеймін, өзім өмірімнің соңына дейін бірге болатын келіншегімнің ақ босағамды ақ аттағаның қалаймын.

Қазақта сөз бар ғой "тесік моншақ жерде қалмайды" деген, барлық жігіттер мен сияқты ойламайды екен, кейбіреулер үшін ол маңызды емес, көріп те жүрміз ғой...
0 дауыс
Әрине маңызды сен сонда пәктігінен айырылған қызды ала бересіңбе
+1 дауыс
Қазақ халқы үшін,әрқашан қыздың тәрбиесі өте маңызды. "Қызды қырық үйден тию" деген сөздің мағынасын түсіне білу әр қыздың міндеті. Бірақ қазір біздің санамызға  жаһандану кері әсер етіп жатыр.Бұл сұраққа келетін болсақ,әрине ӨТЕ МАҢЫЗДЫ.
+2 дауыс
Пәктік - қыздың абыройы, ары, қала берді бақыты. Мұны қыздар ғана емес, жігіттер де білуге тиіс! Қыздарды пәктігінен айырғаннан көрі, қызғыштай қорығаны дұрыс. Әу бастан ата-ана ұлына да, қызына да солай тәрбие беруге міндетті.

Қыздың абыройы - елдің абыройы. "Мен қыздық алғам", "қыздық көргем" деп мақтануға жігіттер намыстануға керек. Қыз ғана емес, жігіттер де ат салысуға тиіс. Жігіттеріміз арсыз болса, қыздарымызды қалай сақтаймыз?

Біле білсеңіз, АҚ БОСАҒАНЫ адал аттау бақытты болуға жетелейді. Бақытты болғысы келген жігіт АРЫ ТАЗА қызды іздейтіні сондықтан.

Иманды қыз етегін қымтап ұстайды. Жігіттер де көздерін зинадан қорғасын!
0 дауыс
Әрине қыздың пәк болғаны дұрыс бірақ адамгершілігі, ата-анаңды сыйлап сені адал сүйсе пәктіктің маңыздылығыда болмайды, қайдан білесіздер мүмкін жігіттер қыздарды алдап сені алам сені сүйем деп алып өзінің ісін істегеннен кейін қашып пысып жүрет ал, қыздар болса олар табиғатынан сенгіш нәзік болып келет сондықтан қыздарға күнәнің бәрін арттырған дұрыс емес.
Меніңде жүріп жүрген қызым пәк емес барлығын жасырмай түсіндірді сондықтан оны тастамай әлі жүріп келе жатырм, қайдағы жоқ біреудің қазақ қызын солай алдап кеткені үшін далаға тастамайтын шығармыз Ойланайық бауырлар.
0 дауыс
Қысқасы: тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді.
0 дауыс
Иә,әрине пәк қызды алғаны дұрыс. Бірақта қазіргі заманда барлық кінәні қыздарға жаба  беруге де болмайды ғой.Кінә екі жақтан да болады. Шынымен, жігіттер үйленемін, аламын,тастамаймын деп алдап, артынан тастап кететін жайттар да көп кездесе де. Мысалы, ондай жағдай менің қасымдағы адамдардың басында болған. Сол үшін де айтып отырмын,. Алданған қыз сонда бақытты болуға лайықты емес деп ойлайсыздар ма? Ол өмірінде бір қателік болды екен деп, өмір тоқтап қалмайдығой. Әрине ол жерде қыздың да кінәсі бар, некеден кейін деп болмауы да керек еді, бірақ нәзік жандылар көбінге сенгіш болып келеді. Ол алданды екен деп өмір бойы жасырынып жүрмейдіғой. Ол қызда бақытын тауып, отбасылы болуы да керекқой. Әр адам бақытты болуға лайықты. Мысалы үйленем деп жүрген жігіті қайтыс болып, қыз пәктігінен айырылды делік. Ондай жағдайда болады. Өйткені әр адам алдында не күтіп тұрғанын білмейді. Сол үшінде жігіттерге айтарым меніңше пәктік маңызды емес. Сіз ол қыз қандай жағдайда пәктігін жоғалтқанын білмейсіз. Мүмкін ондай жағдай сіздердің апаларыңызда, қарындастарыңызда болған жағдай да сол жағдайын бетіне басып, ешкім алмай қалғанын қаламайсызғой. Сол үшінде барлық жағынан да түсіністікпен қарауымыз керек
...