+2 дауыс
26.3k көрілді

4 жауап

0 дауыс
Табиғаттың иесі - адамзат. Адамзат осы табиғатта өмір сүреді. Мысалға ыстық күнде тал бізге көлеңке,сая болады. Тал мысалға адамға бiз сияқты "әрмен кетші,өзімде күнге шыжып тұрмын" деп тіл қата алмайды ғой:P
+2 дауыс
Мен бұл сөзге өз пікірімді білдірсем,еске түсіре кететін жағдай,АЛЛА адамды топырақтан жаратты.Ал топырақ табиғаттың бір бөлшегі.Яғни біз де табиғаттың бір бөлшегіміз!Сондықтан біз табиғатты қорғамасақ,яғни зиян келтірсек ауа ластанады,сол лас ауаны біз жұтсақ біздің жағдайымыз ауырлай түседі.Егер біз табиғатты қорғасақ біз таза өмір сүреміз,сол жағдайда ғана адамзатта табиғат анада сау болады!Ал керісінше жағдайда болса,табиғатпен қоса бізде зардап шегуіміз мүмкін!Табиғат ана осыны адамзатқа түсіндіргісі келеді,алайда онда біздікі секілді сөйлейтін ауызы жоқ!:x
+1 дауыс
Табиғатта бәрі бір-бірімен байланысты ғой. Мұны ғылым тілінде симбиоз деп атауға болады. Яғни байланысу, селбесу деген мағына береді.
Симбиоз деп бір-бірімен қосарланып тіршілік ететін жануарларды айтамыз.Мысалы:ұсақ балықтар акуланың денесіне жабысып,акуладан қалған қалдықтарды жеп жүреді.Симбиоз деген осы!Есіңізде сақтаңыз!
Иә, бұл сөз жануарларғада қолданылады. Бірақ сіз айтқан мағынада ғана қана қатып қалмайды ғой. Мен келтірген мағынада дұрыс болып табылады. Яғни байланысу, селбесу табиғатқада, жалпы адам тіршілігіне де қатысы бар. Бұл сөз жалпы қолданыла береді, теңеу ретінде. Мысалы мына мақаланың -> http://www.bnews.kz/ru/news/post/9028/ тақырыбын қараңыз.  Енді өзіңіз пайымдай беріңіз.....
0 дауыс
Шіркін, табиғат, тілі болса: "Ағаштарды орынсыз кеспеші, қоқысты тастамашы, зиянды қалдықтарды көбейтетін өндірістерден бас тартудың амалын тапшы, ей, ақыл иесі - Адам!" деп айтар еді-ау... Айта алмайды. Айтса да оны тыңдайтын адам ба? Адам - табиғаттың бір бөлшегі. Ал табиғатта күшті әлсізге әлімжеттік қылады. Бұл - заңдылық. Алайда адам баласы басқа табиғат бөлшектерінен ақыл иесі екенімен оқшау тұр ғой. Бүгінгі күрделі мәселе - адамзаттың табиғи ресурстарды қорғауы мен сақтауы хақында емес, өзінен кейінгі келер ұрпаққа ашкөзденбей, бірдеңе қалдыру жайлы ойлануында болып отыр. Сайып келгенде, адам экологиясы - басты мәселе. Қанағат, рақым, талап, еңбек, терең ой - бес асыл істі басшылыққа алудың қажеттілігі тұр-ау күн тәртібінде...

Ұқсас сұрақтар

...