+2 дауыс
1.1k көрілді
Асыраушысынан айрылған жағдайда жәрдемақыны қалай алуға болады?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Асыраушысынан айрылған жағдайда қайтыс болған адамның отбасындағы, оның асырауында болған еңбекке қабілетсіз адамдарға жәрдемақы беріледі. Еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелері болып:

егер он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, он сегiз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары (оның iшiнде асырап алған балалары, өгей балалары), аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, қарындастары және немерелерi жатады, бұл орайда аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, қарындастары және немерелерi - егер олардың еңбекке қабілетті ата-аналары болмаса, өгей балалары - егер олар ата-аналарынан алимент алмайтын болса;

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар кәмелетке толмағандар бұл құқықты өздерiн асырап алған кезде де сақтайды;

егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе, әкесi, шешесi (оның iшiнде асырап алушылар), зайыбы, жұбайы;

егер қайтыс болған асыраушының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын, сіңілілерін немесе немерелерiн күтумен айналысса және жұмыс iстемейтiн болса, жасы мен еңбекке қабілеттігіне қарамастан, ата-аналардың немесе жұбайлардың бiреуi не атасы, әжесi, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсi, қарындасы;

егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе және заң бойынша асырауға мiндеттi адамдары болмаса және өмiр сүру үшiн басқа қаражат көздерi жоқ болса, атасы мен әжесi есептеледi.

18 жастан асқан студенттердің асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенгі дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар;

Қайтыс болған адамның асырауындағы отбасы мүшелерi, егер олар оның толық асырауында болса немесе одан өздерi үшiн өмiр сүрудiң тұрақты және негiзгi қаражат көзi болған көмек алып тұрса, оның асырауында болған деп есептеледi. Бұл орайда қайтыс болған асыраушының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, сіңілілерімен, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысса, жәрдемақылар олар асыраушының асырауында болғандығына қарамастан тағайындалады.

Жәрдемақы зейнеткер жасындағы адамдарға – өмір бойы, ал басқа отбасы мүшелеріне олар еңбекке қабілетсіз болған уақытының барлығында төленеді.

Асыраушысынан айрылған жағдайда жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерінің барлығына бір ортақ жәрдемақы тағайындалады. Дегенмен отбасы мүшесінің талабы бойынша оның үлесі бөлініп алынып, оған жеке төленеді. Отбасы мүшелерінің жәрдемақымен қамтамасыз етілетін жандарының саны өзгерген жағдайда оның мөлшері жәрдемақы алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің санына қарай тиісінше ұлғаяды немесе азаяды.

отбасының асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы алуға құқығы бар еңбекке қабілетсіз бiр мүшесi болған кезде жәрдемақы 0,66 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

екеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке қабілетсіз мүшелерiне 1,14 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

үшеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке қабілетсіз мүшелерiне 1,41 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

төртеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке қабілетсіз мүшелерiне 1,50 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

бесеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке қабілетсіз мүшелерiне 1,55 ең төмен күнкөрiс деңгейi мөлшерiнде тағайындалады;

отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшелерi болған кезде әрбiр мүшесiне арналған жәрдемақының мөлшерi 1,61 ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң бiрдей үлесi ретiнде есептеледi.

Тұлдыр жетiмдерге айлық жәрдемақы әрбiр балаға 0,90 ең төмен күнкөрiс деңгейi мөлшерiнде, отбасының еңбекке жарамсыз өзге мүшелерiне - 0,41 ең төмен күнкөрiс деңгейi мөлшерiнде, бiрақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелерiне 1,96 ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аспайтын мөлшерде тағайындалады.

Қызметтік мiндеттерiн атқару кезінде немесе әскери қызметін өткеру кезiнде қаза тапқан немесе жаралану, контузия, мертiгу, ауыру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерiне асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшерi отбасының еңбекке қабілетсіз әрбiр мүшесiне 0,25 ең төмен күнкөрiс деңгейiне, бiрақ отбасының барлық мүшелерiне 1,96 ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аспайтын мөлшерде көбейтiледi.

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындау үшін тіркелген жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне барып тиісті құжаттарды ұсыну қажет.

Ескерту: 2011 жылға арналған ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері - 15 999 теңге)

ЗТМО Call-Centre телефоны: 8-800-080-37-07 – республикалық бюджет қаражаты есебінен зейнетақы және жәрдемақы төлеу мәселелері бойынша хабарласу үшін қажет.
0 дауыс
Аудандық немесе қалалық зейнетақы төлеу орталығына құжаттарын жинақтап өткізу арқылы алуға болады
...