0 дауыс
570 көрілді
Менің 2016-жылдың желтоқсан айында әйелім қайтыс болды. Жеке кәсіпкер болатын. Төрт баламыз бар, үлкеніміз сол кезде колледжде оқитын еді, содан кейінгілер 14, 9 және 5 жаста болатын. Екі үлкен қызым оқуларын бітіріп, күйеуге шығып кетті.
Сұрайын дегенім: кішкентай екі балама(қазір 13те және 9да) төленіп келген жәрдемақы 2020-жылдың қыркүйек айынан бастап тоқтап қалды. Сол дұрыспа? Әлде, жәрдемақыны жалғастыруды талап еткенім дұрыспа?

Мен 2018-ж. қарашада екінші рет үйлендім, табыс көзім бар.

2 жауап

0 дауыс

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары кімдер болып табылады?

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын тұлғалар:

1) жұмыскерлер, сондай-ақ ақы төленетін өзге жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар;

2) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) тармақша 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен

4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар;

5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатпайды.

Осылайша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы әлеуметтік тәуекел жағдайлары орын алғанда әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар және ол үшін әлеуметтік аударымдар төленетін жеке тұлға болып табылады.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы.
  2. Асыраушысынан айырылу жағдайы.
  3. Жұмысынан айырылу жағдайы.
  4. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем.
  5. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы.

Әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін ескерілетін табыс

Әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.

Толығырақ: https://egov.kz/cms/kk/articles/allowance

0 дауыс

Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған мына отбасы мүшелеріне тағайындалады.

Кімге тағайындалады

  1. 18 жасқа толмаған және егер 18 жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, осы жастан асқан балаларының, оның iшiнде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар.

Бұл ретте, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің, егер олардың еңбекке қабілетті ата-анасы болмаған немесе егер олар ата-анасынан алименттер алмаған жағдайда құқығы бар. Осы тармақшада көрсетілген, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын немесе білім алған, он сегіз жастан асқан адамдардың оқуды бітіретін уақытқа дейін, бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін әлеуметтік төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар.

  1. Егер қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының 3 жасқа толмаған балаларының, аға-iнiлерiнің, апа-сiңлiлерiнің (қарындастарының) немесе немерелерiнің күтiмімен айналысатын болса, жасына және еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан, ата-анасының немесе ерлі-зайыптының бiреуiнің не атасының, әжесінің, аға-iнiсiнің немесе апа-сіңлісінің (қарындасының) асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар.

Төлем үшін қайда баруға болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.

Төлем мөлшері 

Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерінің 55% шегерілген, әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстырудың, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады.

Әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 24 ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын 24 бөлу жолымен айқындалады. Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтiк аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейiнде қабылданады.

Сол бір кезең үшін жұмыс берушіден және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғадан әлеуметтік аударымдар келіп түскен жағдайда, асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді есептеу кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғаның кірісі қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс деңгейінде қабылданады.

Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiне қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшесiнiң (мүшелерiнiң) әлеуметтiк төлемдерді алу құқығы сақталатын уақыт кезеңі бойына ай сайын төленiп тұрады.

Қажетті құжаттар

  1. Жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе оралман мәртебесі бар адамдар үшін оралман куәлігі – жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі.
  2. Тасыраушысының қайтыс болу туралы куәлігі немесе адамды хабар-ошарсыз кетті деп танығаны туралы немесе қайтыс болды деп жариялағаны туралы соттың шешімі.
  3. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар, неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы, қайтыс болған асыраушының балаларының туу туралы, асырап алу туралы, әке екенін (ана екенін) белгілеу туралы куәліктер.
  4. Он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелерінің білім алатыны немесе күндізгі оқу нысанында білім алатыны туралы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан алынған анықтамалар (жыл сайын жаңартылады).
  5. Банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы.
...