+1 дауыс
5.5k көрілді
қолтығым терлей береді соны қалай кетіруге болады
Қолаңса исін кетірудің жолдары:
Кез келген жағымсыз иістерді, соның ішінде аяқтағы, денедегі, қол астындағы иістерді кетірудің ежелден танымал жолдарының бірі – құрамында 40 пайыз ашудасы бар формалин қоспасын пайдалану. Оны иіс шығатын дене бөлігіне үнемі жағып жүру қажет.
Шалфей майы, эвкалипт майы, қарағай майын араластырып, майлы жұпар қоспасымен бірге душқа арналған гельге қосып пайдаланымыз.
Өткір, жағымсыз тер иістерінен құтылу үшін күн сайын қолдың астын шәй саңырауқұлағының бір ай бойы тұндырылған тұнбасымен сүртіп отыру керек. Содан соң оны сабынмен жақсылап жуып тастаймыз.
Аптекада Теймуров пастасы сатылады. Бағасы аса қымбат емес. Жуынғаннан кейін иіс шығатын жерлерге сол пастаны жағуға болады. Алғашында тері салқындап, бейтаныс иіс шығуы мүмкін. Бұл әдісті аптасына екі рет қайталаса болады.
Күнделікті 2-3 рет жуып отырыңыз. Арнайы құрамында хлорид алюминия гексагидраты бар антиперспирант (аптекалардан сұрасаңыз болады) қолданып , Теймурова  пастасын қолтық астына 1-2 рет жағыңыз

Ұқсас сұрақтар

...