Тазалық, Талғам сұрақ қойды | 39.1k қаралды
39.1k қаралды

Қолтықтың терлеуін қалай кетіруге болады? Және иісі мазалайды(((

10 жауап

жауап берді

Дәріханаларда арнайы жағатын  маздар иіссулар болады.Соларды қолданып көр

Белгісіз жауап берді

Адам денесінен шығатын тердің иісі әрдайым ортада ұятқа қалдырып, жайсыз сезінуге себеп болып жатады. Мұндай жағымсыз иіс көптеген адамдарда: ерлерде де, әйелдерде де болады. Біреулер оның себебі – таза жүрмеу, салақтық, өзіне дұрыс қарамау деп есептеуі мүмкін. Бірақ ол – қате. Себебі тердің жағымсыз иісі (әсіресе қолтықтан шығатын жағымсыз иіс) асқынып, бой бермей кетсе, денсаулықтың ақаулығынан хабар береді. Қазіргі кезде түрлі дезодоранттардың көмегімен иісті біраз уақытқа жасыруға болады. Бірақ оны емдеп, алдын алмаса, алдағы уақытта жағымсыз иіс дезодоранттың өзіне де көнбей кетуі мүмкін. Жағымсыз иістің негізгі себебі – терідегі инфекция, дәрумен жетіспеушілік пен адам ағзасының әлсіздігі, ылғалдың жетіспеуі (сол себепті де иіс әсіресе жаз айларында асқынады).

Біздің күнделікті өмірде тұтынатын тағамдарымыздың өзі теріден шығатын иістерге әсер етіп жатады. Оған күн энергиясының, ауаның немесе судың қатысы жоқ. Қазіргі кездегі құнарсыз, химиялық қоспалары көп тағамдар табиғи ауқаттардың орнын ауыстыруда. Соның нәтижесінде адам ағзасы қажетті мөлшерде дәрумендермен қаныға алмай, өз әлсіздігін түрлі нашар иістер арқылы сыртқа шығаруда.

Мұндай иістермен күресу оңай емес. Қанша жерден тазалық сақтағанмен, таза терінің өзінен бірер уақыттан кейін жағымсыз иістер шыға бастайды.

Адамды ұятқа қалдырып, айналадағылардың теріс пікірін қалыптастыратын мұндай қолаңса иістеріне неден пайда болады? Оның алдын алу үшін не істеу керек?

Теріден шығатын жағымсыз иістің себебі терлеу емес. Терлеген кезде ешқандай иіс шықпайды.
Ол басқа біреудің киімдерін кигеннен, қолтыққа жағатын түрлі дезодоранттарын пайдаланғаннан жұғып кетеді.
Үнемі жуынып жүрмеу салдарынан асқынады.
Біреудің қырынатын құралын пайдалануға болмайды. 
Дұрыс тамақтанбаудың әсерінен терідегі жағымсыз иістер қозады.
Теріден шығатын жағымсыз иіс бала күнінде тұзға шомылдырмау (дұрыс шомылдырмау) салдарынан жасөспірім шақта пайда болады.
Егер иіс өзгеріп немесе күшейетін болса, тіршілікті қамтамасыз етуші табиғи үдерістердің бұзылғанын хабар береді. Себеп – тамақтану жүйесінің бұзылуы.

Қолаңса исін кетірудің жолдары:

 Кез келген жағымсыз иістерді, соның ішінде аяқтағы, денедегі, қол астындағы иістерді кетірудің ежелден танымал жолдарының бірі – құрамында 40 пайыз ашудасы бар формалин қоспасын пайдалану. Оны иіс шығатын дене бөлігіне үнемі жағып жүру қажет.
Шалфей майы, эвкалипт майы, қарағай майын араластырып, майлы жұпар қоспасымен бірге душқа арналған гельге қосып пайдаланымыз.
Өткір, жағымсыз тер иістерінен құтылу үшін күн сайын қолдың астын шәй саңырауқұлағының бір ай бойы тұндырылған тұнбасымен сүртіп отыру керек. Содан соң оны сабынмен жақсылап жуып тастаймыз.
Аптекада Теймуров пастасы сатылады. Бағасы аса қымбат емес. Жуынғаннан кейін иіс шығатын жерлерге сол пастаны жағуға болады. Алғашында тері салқындап, бейтаныс иіс шығуы мүмкін. Бұл әдісті аптасына екі рет қайталаса болады.

Жағымсыз иістердің алдын алмаса болмайды. Ол асқынып, иіс өзгеріп жатса, адам ағзасы әлсіреп, түрлі ауруларға әкеліп соғуы мүмкін.

Негізінен, иістің асқынуы мен өзгеруі орын алған жағдайда сіз күнделікті тағамдарыңызға да мән беруіңіз керек. Әдетте тағам құрамы өзгерген кезде қолаңса исі де қозады.

Есіңіде болсын! Жағымсыз иістердің пайда болу, асқыну себебі гигиенаға қатысты емес. Гигиеналық әдістермен истің алдын алуға тырысу (күніне бірнеше мәрте жуыну, иіс кетіргіш майларды, сабындарды тым көп қолдану) – бос әурешілік. Медицинада гигиеналық құралдарды шамадан тыс пайдаланудың да зиян екені айталады. Олар адам денесіндегі табиғи қорғаныс қабатын сылып тастайды. Соның салдарынан ағзадағы табиғи биохимиялық үдерістер әлсіреп, ағзамыз ауруды тез қабылдауға бейімделеді де, түрлі аурулар пайда болуы мүмкін.

kalasyn.kz

жауап берді

Ол үшін қолтықтың жүнін үнемі қырып тастап, күнделікті "Сейфгард" иіссабынымен не кірсабынмен жуып тұру керек.

жауап берді

Құрамында алюминий бар арнайы антиперспирантарды жергілікті дәріханадан сұраңыз.Көмегі тиеді

Салеметсіздерма қолтықтың исі барлық адамдардың проблемасы деп түсінемін себеді мендеде ис бар болатын мен падругамның айтуы бойынша аптекадан фармедрон деген мазды алып қолдандым содан болар қазір исі жок сіздергеде айтарым фармедронды алып қолданыңыздар. Аса қатты қымбат емес
жауап берді
Саламатсыздарма? Теймуров пастасы да əсер етпейді. Аптекадан алмаған, қолданбаған нəрсем қалмады. Күніне 2-3 рет жуынамын. Сонда да терлеген сайын шыға береді. Дезодоранттарды қолдансам одан сайын жағымсыз иіс шығады. Не істесем екен, көмектесіңіздерші?
жауап берді
Колтыгынызды лимон жана сода екеун араластырып суртиниз 100 пайыз кетеди
жауап берді
мен де де сондай проблема драй драй жактм дым асер жок накты кетирген адам болса жазсыншы алунитке кандай отзыв бересиздер
жауап берді
Алаканнын терлегенин калай кетируге болад
жауап берді
Аптеканын ең қымбат дәрісін де алып жағып көрдім көмек теспей жатыр. Терлей береді бірақ исі жоқ. Терлегенді қалай кетіреміз? Кетіргендер болса жазып жіберіңізде
жауап берді
жариялады
Мендеде исі мықты болды. ешқандай сода . темурвый паста .тұзда көмегі болғаны шамалы..дезодарандтардын барін көріп болдым.тек сонын ішінде дезодарантардан орифлемдікін жай менсімбей қолданып көріп едім.Ма онын жақсы көмегі бар екенін сонда білдім.көзім шайдай ашылды. кошеге бір айналып келсем сол кофтаны екінші рет кіие алмайтын едим .күн сайын үйдеде түздеде киім ауыстыра беретін едім .казір тфа тфа 3-4 күнде бір ауыстырамын.куде жатарда жуып жатамын. танертен жуып дезодарандтымды жагып алам .Жатқанша дым іс жоқ алаңсыз жүремін.хабарласып сұрауларыңызға болады тел;+77757296952(ватсап)

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
117,524 сұрақ
301,354 жауап
153,275 пікір
64,537 қолданушы