+1 дауыс
53.4k көрілді
Менің қолтығым су тер болып терлейді, қанша дезедорант алып қолдандым,ешқандай көмек берген жоқ. Не істесем болады?

17 жауап

0 дауыс
Қолтықтың терлеуін қойдыру үшін  қолтық астына ботокс ектіртіңіз . Біржолата терден құтыласыз.Бағасы онша қымбат емес. Артистер көбінесі бетіндегі әжімдерден құтылу үшін көз айналасының әжімдеріне ектіреді. Ешқандай зияны жоқ.
0 дауыс
Химия оқыған болсаңыздар, дезодорант қолданбас едіңіздер.

Әрине дезодорант тері клеткаларын бітеп тасатмай ма?! Ашутас өте жақсы көмектеседі. Жағымсыз қолтық иісі біреудің киімінен жұғады. Киімдеріңізді өте таза ұстаңыздар.
0 дауыс
Ас содасын қолансаңыздар болады, әр куні аздан жағып жүрсеңіз суландырмайды да, исте шығармадйы
0 дауыс
«Қолтығым қатты терлейді. Су болып терлеймін де жүремін. Дезодорант-антиперспиранттардың біразын қолданып көрдім.  Еш көмегі жоқ. Жұқа көйлектер киіп, менің де әдемі болып жүргім келеді. Бірақ қолтығым жиі терлейтіндіктен, көйлегім су болып кетеді. Көктем шыққалы тіпті тершеңмін. Қолтығымның жағымсыз иісінен ыңғайсызданамын. Сіздерден сұрайын дегенім, тершеңдікті қалай тоқтатуға болады? Мұның қандай да бір емі бар ма?»

Қызылорда облысынан бір оқырманымыз бізге осындай хат жолдапты. Қолын ұстасаң, ала-қаны дымқылданып тұратын жандарды да, аяғының жағымсыз иісінен құтыла алмай жүрген балаларды да жиі кездестіреміз. 10-сынып оқушысының хатынан кейін Алматы қалалық тері-венерологиялық диспансерінің дерматолог дәрігері Сәуле Төлеуханқызымен тершеңдік жөнінде әңгімелескен едік.

Ұлан: Сәуле Төлеуханқызы, қолтықтың, алақанның, аяқтың терлеуі денсаулықта ақаудың барлығын білдіреді дегенді жиі естиміз. Ол қандай ақау сонда?

С.Төлеуханқызы: Тер – адам ағзасындағы сұйықтық болғандықтан, оның сыртқа шығуы заңдылық.  Бірақ шектен тыс тершеңдік жайсыздық қана емес, денсаулықта бір ақаудың бар екенін білдіреді.  Ересек адамның денесінен күніне 900 миллиграм тер бөлінсе, бұл  – қалыпты жағдай. Ал кейбір тершең адамдардан тәулігіне 3 литрден, тіпті, 14 литрге дейін тер бөлінеді. Бұл – тершеңдіктің асқынған түрі. Шектен тыс тершеңдік адамды әлсіретіп жібереді. Тершеңдік ішкі секреция безі ауруларының себебінен болуы ықтимал. Себепсіз жиі терлеу – эндокринологиялық немесе невропатологиялық ауытқулардың әсерінен де болады. Сондықтан жиі терлейтін адам эндокринолог немесе невропатолог-дәрігерге көрінгені жөн.

Ұлан: Қолтықтың терлеуі медицинада қалай аталады?

С.Төлеуханқызы: Тершеңдікті медицинада гипергидроз дейді. Қолтық гипергидрозының себебі әр адамда әртүрлі.  Қолтық астында май бөлетін без болады. Қолтықтың терлеуіне қолтық астындағы май бездері жұмысының  бұзылуы себеп болуы мүмкін. Жиі терлегендіктен, қолтықта бөртпелер пайда болып, қызарып, мұның соңы тері дерматитіне ұласуы мүмкін. Сондықтан қолтық астын үнемі құрғақ ұстау қажет. Ол үшін  қолтықты күніне екі мезгіл салқын сумен сабындап жуып, дезодарант-антиперспирант қолдану қажет. Қолтығы терлей-тін адамдар тар, жасанды матадан тігілген киімдерге жоламағаны дұрыс. Тершеңдік кейде тұқым қуалайды. Осы ретте халықтық медицинадан бір әдіс айта кетейін: жатар мезгілде қолтықты сабындап жуып, 1 шай қасық ас содасы мен 1 шай қасық тұзды 200 миллиграм суда ерітіп, мақтамен қолтығын сүртсе, қолтық гидрозы азаяды.

Ұлан: Қолтықтың не себепті терлейтінін ұқтық, ал алақанның терлеуін қалай түсіндіресіз?

С.Төлеуханқызы: Алақан мен табанның терлеуін медицинада акрогидроз дейді. Өтпелі кезеңде жасөспірімдердің алақаны жиі терлейді. Ол өтпелі кезеңдегі гормональды өзгерістердің салдарынан. Алақанның терлеуі  жүйке және жүрек ауруларының алғашқы белгісі де болуы мүмкін. Эмоциясын іште сақтай алмайтын жандардың да алақаны терлегіш келеді.   Мұндай адамдар қолын ауық-ауық сабындап жуғаны дұрыс. Бірақ сабынмен жуа беру теріні құрғатып жібереді. Сондықтан дерматологқа көрінген жөн. Біз невропатологтармен, эндокринологтармен  бірлесе отырып, алақанның терлеуінің себебін анықтап, тиісті ем-дом жасаймыз.

Аяқтың терлеуіне көбіне сапасы нашар шұлық пен сапасыз аяқ киім себепші болады.  Сондықтан синтетикалық шұлық пен  кроссовканы көп кимеген жөн. Тершең аяқты таза ұстамаса, саусақ арасында «грибок» пайда болады.

Ұлан: Аяқтың тершеңдігінен, жағымсыз иісінен құтылу үшін 5 пайыз формалин ерітіндісі сіңген мақтамен саусақ арасын сүрту қажет деп жатады. Осы дұрыс па?

С.Төлеуханқызы: Балаларға формалин ерітіндісін қолдануға болмайды. Өйткені, баланың терісі жұқа, ойып, күйдіріп кетеді.  Оның орнына «Борозин» деген ұнтақты аяқ киімге немесе шұлыққа салып жүрсе, аяқтың терлеуінің алдын алып, жағымсыз иісті болдырмайды. Аяғы терлейтіндер дерматологтың тағайындауымен дәріханадан саусақ арасын құрғататын ұнтақтар (присыпкалар) алып, пайдаланғаны дұрыс. Әрі қайталап айтатыным, тершеңдікке салғырт қарауға болмайды. Ол адам ағзасында бір ақаудың бар екенін білдіреді. Сондықтан жиі терлейтіндер міндетті түрде дермотолог, эндокринолог мамандарға көрінгені жөн.

Халықтық медицинадан тершеңдіктің алдын-алатын бірнеше әдіс ұсынып отырмыз. Үйде жасап көріңдер, балалар!

ҚОЛТЫҚ ТЕРЛЕСЕ:

1 шай қасық емен қабығына бір стақан қайнаған су құйып, оған лимон шырынын қос. Осы тұнбамен қолтықты күнделікті сүртіп жүрсең, лимон шырыны мен емен қабығының қоспасы тер безінің жұмысын бәсеңдетіп, терлеудің алдын алады. Әрі бұл тұнбаны қолданған соң,  сенен қолаңсаның емес, лимонның хош иісі аңқып тұратын болады. Сондай-ақ, қолтығы жиі терлейтіндер жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып демдеп, жатар алдында күнделікті  жарты стақан ішіп жатса, жиі терлемейтін болады.

АЯҚ ТЕРЛЕСЕ:

Аяғының шуашы барлар жалбыздың кепкен жапырағын қайнаған суға бұқтырып демдеп, сол суға  күнделікті үш мезгіл аяғын жуса, жағымсыз иістен арылады. Еменнің қабығын қайнатып, аяқты сол суға 10-15 минут салып отырса, емен қабығы тері безінің жұмысын реттеуге көмектеседі.

АЛАҚАН ТЕРЛЕСЕ:

Қолды сабындап жуып, 4 ас қасық глицерин мен 2 ас қасық лимон шырынын және 2 ас қасық спирт ерітіндісін араластырып, осы тұнбамен алақаныңды, саусақтарыңның арасын сүртіп жүр. Көп ұзамай алақаның терлемейтін болады.

Дайындаған Қ.АЙСАНҚЫЗЫ

(«Ұлан», №16. 22.04.2014)
0 дауыс
Қолтықтың терінен құтылу үшін қолтығыңызға ботокс егіңіз . Бірден құтыласыз, Бірақ ешнәрсеге аллергияңыз болмауы керек . Егерде аллергия болса бірден о дүниеге аттанасыз . Сондықтан алдын ала дәрігерлердің кеңесіне сүйенген жөн.
0 дауыс
Ботексті енді білмеймін, бірақ естігенім қолтыққа аяққа жағатын "Паста темуровый" дегенді жақса бірден жоқ болып кетеді екен деп жатадығой әйтөуір халық! Осы жайлы білетіндеріңіз болып жатса бөлісе жатарсыздар.
Апкеталарга МАХ-F деген антиперспирант сатылады. Соны пайдалансаныздар терлемейди де, жагымсыз иисте болмайды. Аптасына 1 рет жагасыз, денсаулыкка ешкандай зияныда жок
0 дауыс
паста теймурова иисти жояды и аякты кургак устайды мен колданып кордим бирак коп журсем аяк ким суланып кетеди оданда баскасын колданып кору керек шыгар маган асер етпи калдыма баска да осындай пасталар бар билетиндериниз болса айтсаныздар
0 дауыс
Ең мықтылары Dry Dry, Driclor
0 дауыс
ЕН ЗОРЫ МАХ Ф ДЕГЕН АПТЕКАЛАРДА САТЫЛАТЫНРОЛИКОВЫЙ АНТИПЕРСПИРАНТ ДЕГЕНИ БУДАН БАСКА ХАЛЫК ЕМДЕРИ УАКЫТША КЫСКА УАКЫТКА ЖАРДЕМ БЕРЕДИ БАРИН СЫНАУДАН ОТКИЗИП КОРГЕНБИЗ ЕН ЗОР ТАСИЛИ ОСЫ БОЛЫП ШЫКТЫ
0 дауыс
ботексті колданбаңыздар қазақтар оте қауыпты болуы мүмкін
0 дауыс
Егер ағзаңызды тазартатын болсаңыз бөлінетін барлық жағымсыз иістерден құтылуға болады.
0 дауыс
Борная Кислота деген комектеседи. Аптекаларда сатылады. Еш зияны жок. Калгандары уакытша. Азанда,кешке реки мезгил жагып журсениздер тех кетиреди. Жагар алдында колтыкты немесе аякты сумен жуып кургатып жагу керек. Асерин сразу байкайсыздар.
0 дауыс
Mendede osi prablema jasim15te jurt aldynda duris kine almaim halai hutluga boladi tiimdi jol
0 дауыс
менде коп дезадаранттар қолдандым .қазір Араб эмиратынын Армаф компаниясынын дезодарантары өте керемет исіде.таза натур. спиртсіз. хабар.... тел.ном/ ватсап/87757296952
0 дауыс
Медицинаға жүгініңіз
...