+3 дауыс
1.1k көрілді
Бiр таныс баланын, буйрегiнде тас болып тур. Соган осы айда операция жасату керек.Алматы, Астана каласында емделу ушiн болiнетiн арнайы квотага калай кол жеткiзуге болады? Ал шет елде емделу ушiн квотаны калай алады?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Тұрғылықты жеріңізден өзге қалаға квота алу деген азап қой. Квота түгілі сол тұрғылықты мекніңізден облыс орталығына направление алу ілуде бір орындалатын арман. Емделушіні алдымен тұрақты жерде емдейді, ем нәтижесіз, әрі қолдарынан келмеген жағдайда ғана басқа қалаға квота бере алады, жәйдан жәй бере салмай ана жаққа бір, мына жаққа бір "шапқызады". Оданда қаражат көзі болса өзге қалаға немесе сенімді дәрігер тапсаңыз ақылы түрде істеткен абзалырақ.

Мен тұратын аймақтағы дәрігерлер ғана сондай ма, жоқ әлде елдің бәрі ақЧаны ғана күйіттеп кетті ме, білмеймін енД.
Дұрыс айтасыз, жүрігтетін шаруалары бастан асады... Медицнада документацияны азайтамыз деп БАҚ өкілдеріне сайрағандары қайда, көбеймесе азаймай келеді...  Квотаны да көбіне артық қаражаты жоқ қарапайым халық дәмеленеді ғой, ақЧасы болса кәнекей...
В семье не без уродов, кез келген аймақта ондайлар табылып қалады..(
иа, бір портал арқылы жатқызу үшін бақандай 2-3 айдай кетті. Оның өзінде дәрігерге ақша бердім операция үшін.
Түх, оларда сол квотаға жібергені үшін жауап беріп отқан жоқ па? Қазіргі халыққа ешнәрсе жақпайды. "Порталға 2-3 ай күтеміз" "жәйдан жәй бере салмай ана жаққа бір, мына жаққа бір "шапқызады"" дейді. Ошем бәрімізде білеміз тегін ешнәрсе жоқ екенің. Ал күтуді білмейміз. Аурухана жатқызу үшін науқас портал арқылы немесе жолдама арқылы кетеді. Сол порталға жату үшін ЖҚА, ЖЗА ЭКГ қан тобы ВИЧке, ошем көөөпп анализдер керек я. Соның бәріне дәрігер жүгірмейтін шығар. Оларды науқастың өзі тапсырып алып келу керек. Енді күтуге келгенде тагы қиналады. Әрине күтеді. Әр емханадар кем дегенде аптасына 1 науқастан жіберсе өздерің ойлап қарандар қанша адам болатының и тооо ақшасы көптер кезек күттірмей жатып алатыны бар арасында, Сонда айына қанша адам жату керек дееп гәпіріп отырғым келмейді. Ошем сендердің сөздеріне қосылмаймын. Халыққа ешнәрсе жақпайды оны білеміз.
Қымбаттым, халыққа ешнарсе жақпағанымен денсаулық күтпейді ғой, өліп қалса не дистер?
Жедел аурулар кезек күттірмей ауруханаға жолдама арқылы жата береді жаным. Олар сол ауруханада анализдерін алады.
екеумізге сөз таластырған жараспайды негізі))
Майрош, жақында өзім операцияға код квота алу үшін, ақсаңдап бір апта жүгірдім. Анализ тапсырудың өзі бір сұмдық,таң атпай бірінші талон алуға кезекке тұрасың, егер сағат таңғы 6- дан кеш келсең талон жетпей қалады. 20 шақты анализ, бұдан басқа лоры,стоматологы,невропатологы,терапвті керек десең психологтан өтуге дейін талап қояды.Әр кабинеттің алдында кезекке адамдар толып тұрады.Біреуін тапсырып болам дегенше алдыңғы өткізген анализіңнің срогы өтіп жарамсыз болып қалады.Ақыры шыдамай ақылы операцияға бардым және бір қызығы ешқандай СПИД ,гепатиттерге, екі күн сайын үлкен дәретті өткізу сияқты  поликлиникада талап еткен анализдердің бірін де өткізгенім жоқ. Ең бірінші жатқызған күні венадан қан алды екі пробиркаға, УЗИмен ішкі құрылысты тексерді,ЭКГ ге түсірді бары сол ғана. Кешке анестезиолог келіп сөйлесіп кетті.Ертеңіне операцияжасап,бес күннен соң  үйіме жіберді.Менің емделетін ақшам болды, төледім де емделіп шықтым, ал ақшасы жоқтар,және басым көпшілігі аурудан әрең жүргендер қалай сол талаптардың бәрін орындай алады? Бүндай жүйені ойлап шығарып отырған дәрігерлер емес, біздің жоғарыдағы шенеуіктер! Менің өз басымнан өтіп түсінгенім,ақшасы барлар ақылы емделеді, ақшасы жоқ науқастарға дәрігерлік көмек көрсетілмейді.
+2 дауыс
Шет елді білмедім, елімізде квотаны алу үшін тұрғылықты жердегі поликлиникаға барып,  өз облысындағы ауруханаға жатқызылады алдымен, операцияға дайындық болады алдымен, сосын портал арқылы басқа облысқа операцияға жіберіледі. Толығырақ емханаңыздағы учасковый дәрігер түсіндіреді.
...