0 дауыс
2.2k көрілді
Бір туысқаным ауруына байланысты Астана қаласында емделгісі келеді. Осы тұрғыда білейін дегенім: облыстық денсаулық сақтау басқармасы нақты қандай ауруларға квота береді?

4 жауап

0 дауыс

Қазіргі қолданыстағы заңға байланысты әрбір азамат өзі қалаған қаланың кез келген ауруханасында жатып, ем қабылдауға құқылы. Бұған қоса республика Үкіметінің белгілі бір науқасқа шалдыққан азаматтардың шетелге шығып, емделуіне мүмкіндік беретін арнайы қаулысы да бар. Сол қаулыға сәйкес, квота негізі біздің облыста емдеуге келмейтін кез келген науқасқа беріледі.

Атап айтар болсақ, бас және ми ісіктеріне ота жасау, бауыр, бүйрек және жүректі ауыстыру мен өңеш стенозы сынды сегіз ауру түрі квота бойынша шетелге жіберіледі. Ол үшін бұған дейін науқас адамды емдеген мекеменің медициналық сараптамасы, жергілікті жердегі денсаулық сақтау басқармасының қорытынды тұжырымдамасы сынды құжат жинау керек. Соңғы жылдары облысымыздың бірталай науқастары квота бойынша емделуге алдын ала тапсырыс беру арқылы республикамыздың Алматы және Астана қалаларындағы арнаулы емдеу орындарында немесе шетелдерде емделуде. Жоғарыда атап өткеніміздей, квота алуға үміткер науқастар белгіленген тәртіп бойынша алдын ала тексеруден өтіп, соның нәтижесі бойынша ғана жіберіледі. Ал квота беру-бермеу туралы мәселені Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы арнайы комиссия жинастырылған құжаттарды қараған соң шешеді. Шетелде емделуге балалар мен жүкті әйелдер алдыңғы кезекте, қалған адамдар нақты кезек бойынша жіберіледі.

0 дауыс
Ауыруын ашып жазбапсыз. Негізі ауыр және ауырырақ науқастарға квота беріледі. Сол ауруының дәрігеріне мысалы жүрек-кардиологқа қаралып барып, сол арқылы ол дәрігер квота береді. Негізі былай да квота бере береді. Ақша беру керек.
0 дауыс
Саламатсізбе менде миома матка ота жасау керек деген қандай қағаздар қайда баруым керек?рахмет.Оралда ота 120мың тұрад деп айтқан облболнис генеколгы.
0 дауыс
Ассалаумағалайкум мен озимнин жағдайым туралы квота ала аламын ба сол туралы билгим келеді мениң ауруым стволовой энцефалит острый минингит осыған байланысты квота ала аламын ба айтынызшы
...