0 дауыс
19.2k көрілді
Ауылдық квота деген не?Және оны қалай алады? Мысалға мен 9 сыныпқа дейін 3-4ке оқып келіп 10-11де 4ке оқысам маған ауылдық квота беріледі ме әлде ауылдық квота кез келген балада болады ма?Мен КБТУдың Ақпараттық Жүйе мамандығына грантқа түскім келеді.Квота деген нәрсені кеше ған естідім бүгін анығын білгім келеді.

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ауылдық квота дегеніміз – ауыл жастарына мамандық бойынша бекітілген конкурс. Ол мынадай түрде жүреді: барлық бөлінген гранттар санының 70 пайызы жалпы конкурс бойынша берілсе, қалған 30 пайыз грант тек ауыл жастарының арасындағы конкурсқа бөлінеді.

Назар аударар болсаңыз, ауылдық квота кез-келген мамандыққа беріле салмайды. Ауылды көркейту мақсатында арнайы мамандықтар таңдалып алынады. Және ол мамандықтар жыл сайын өзгеріп отырады. Ауылдық мектептерді бітірген барлық жастарға  барлық медициналық мамандықтар бойынша квота бөлінген.

Ауылдық квотамен грантқа түскен ауыл жастарының келісуі тиіс  шарт бар. Біріншіден, ауылдық квота сізге балл қосып бермейді. Ол – медициналық және педагогикалық  мамандық бойынша бітіргеннен кейін ауылды аймақтарда орналасқан орындарда  міндетті түрде 3 жылдан кем емес уақыт жұмыс жасауы керек.

Нақтырақ, «ҚР Білім туралы» 47-бабының 17-тар­ма­ғында: «Ауылдық квота шегiнде пе­даго­гикалық, медициналық және ве­те­ри­нарлық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейiн тиісінше мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде не ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік ветеринария ұйымдарында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттi» деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Заңның бұл талабын орындамағанның жазасы да дайын: (47-бап, 17-4-тармақ:) «Осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті». Яғни, ауылға барудан бас тартқан маман өзінің білім алуы үшін қазынадан бөлінген қаржыны әр теңге, тиынына дейін санап, мемлекетке қайтаруы тиіс.
0 дауыс
салем калайсыз бир сурагым бар еди сол ауыл квотасын битирип келгенде кандай көмактер бар
0 дауыс
Салеметсіздерме! Менің қояр сұрағым? Менің балама бала аллергологына жолдама бермей отыр. Жыл аяқталды берілмейді деп. Ұлым 2 жаста аллергиялық асма немесе бронхалық асма екенін анықтауға.
...