Майрош, жақында өзім операцияға код квота алу үшін, ақсаңдап бір апта жүгірдім. Анализ тапсырудың өзі бір сұмдық,таң атпай бірінші талон алуға кезекке тұрасың, егер сағат таңғы 6- дан кеш келсең талон жетпей қалады. 20 шақты анализ, бұдан басқа лоры,стоматологы,невропатологы,терапвті керек десең психологтан өтуге дейін талап қояды.Әр кабинеттің алдында кезекке адамдар толып тұрады.Біреуін тапсырып болам дегенше алдыңғы өткізген анализіңнің срогы өтіп жарамсыз болып қалады.Ақыры шыдамай ақылы операцияға бардым және бір қызығы ешқандай СПИД ,гепатиттерге, екі күн сайын үлкен дәретті өткізу сияқты поликлиникада талап еткен анализдердің бірін де өткізгенім жоқ. Ең бірінші жатқызған күні венадан қан алды екі пробиркаға, УЗИмен ішкі құрылысты тексерді,ЭКГ ге түсірді бары сол ғана. Кешке анестезиолог келіп сөйлесіп кетті.Ертеңіне операцияжасап,бес күннен соң үйіме жіберді.Менің емделетін ақшам болды, төледім де емделіп шықтым, ал ақшасы жоқтар,және басым көпшілігі аурудан әрең жүргендер қалай сол талаптардың бәрін орындай алады? Бүндай жүйені ойлап шығарып отырған дәрігерлер емес, біздің жоғарыдағы шенеуіктер! Менің өз басымнан өтіп түсінгенім,ақшасы барлар ақылы емделеді, ақшасы жоқ науқастарға дәрігерлік көмек көрсетілмейді.
Жақсы
15.05.2013
пікір