-"Мен жақында өзіме өзім аз ұйықтаймын осыдан" деп уәде бергенмін, сөйтіп уәдемде тұрдым, азаннан қара кешке дейін сабақ, дайындық курсы деп жүрдім де кешке үйге келгенде шәйімді ішіп бірер сағат сабаққа көңіл бөліп сағат кешкі 10дарда ұйықтауға кірісіп, сосын түнгі сағат 2-де оянып тағы да сабағымды дайындап жүрдім, осы жүргенім ары кетсе 2 аптаға созылды, одан кейін ұйқының көкесін көрдім, шыдай алмай кеттім, сабақ та, курс та жартылай ұйқымен өтті, апайымыз лекция оқып жатқанда мен түс көріп жүрдім, үйге келем тағы ұйықтаймын, азанда сабаққа көзім бадырайып барып, мең-зең болып жүрдім, қазір енді өз-өзіме келіп қалдым, шүкір. Бастысы, ұйқысыз жүрмеңіздер, ұйқың келсе ұйықтап алу керек, әйтпесе жаман болады екен.
-Бірақ сол кездегі методым былай болған еді: Ұйқыңнан тұрғанда бетіңді мұздай сумен жуып жіберіп, бір шыны аяқ кофе ішіп алсаң, ұйқы шәйдай ашылады. Бір кереметі сол болды.