+1 дауыс
39.7k көрілді
ОЗОН қабатының жұқаруы жайлы! өзі 2-3мм ғана озон қабатын неге адамдар зиянын тигізіп құртуда? Ракета ұшырады, осының өзі ақ үлкен септігін тигізуде. КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫ  да үлкен себеп береді. Осыған қарсы шара таппай ма, СО2-ні фильтрлейтін.

ПыСы: ұзақ жауаптың керегі жоқ. четко,четко жауап болса))))

2 жауап

0 дауыс
Біз әдейі озон қабатын құртып жатқан жоқпыз, ракета ұшыратынымыз ғаламды танып білу үшін ал жер серігін ұшырмасақ спутник т.с.с істемейді ғой. Спутник, интернет т.с.с сыз адамдар өмір сүре алмайды. Озон қабатын жыртсақ қаншалықты зиян келетінін білеміз, күн сәулесі озон қабатынсыз терімізге, көзімізге ультра сәулесі зиян, сондықтанда 1994 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 16-қыркүйек күнін ''Халықаралық Озон қабатын қорғау күні'' етіп бекітті. Озон қабатын қолымыздан келгенше қорғап жатрық.
0 дауыс
Атмосфераның техногендік ластанудың кері әсері тек жер маңындағы аймақпен ғана шектеліп қоймайды.

Лас қосындылардың белгілі бір бөлігі озондық қабатқа жетіп, оны бұзады. Озондық қабаттың бұзылуы жерге ұзындығы 0,29км ультра күлгін сәуленің енуіне мүмкіндік туғызады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелену биосфера үшін өте қауіпті: өсімдіктер әлемі құриды, анкологиялық және көз аурулары көбейеді.

Озондық  қабаттарды талқандайтын негізгі заттар- хлор мен азот қосындылары. Хлордың бір молекуласы 10 озонның молекулаларын, ал азот оксидінің 1 молекуласы оның 10 молекулаларын талқандайды.

Хлор мен азот қосындыларының озондық қабатқа көтерілінуінің негізгі күрделі болып төмендегі факторлар саналады:
ұшақтардың шығаратын газдары;
змырандардың шығаратын газдары;
вулкан газдары;
фреонды пайдаланатын технологиялар;
атом жарылыстары.

Мысалы: “Шаттл” ракетасының бір ұшуы озонның 0,3 пайызының бұзылуына әкеліп соғады. Озон қабатының осы тесігінің қайта жабылуы ұзақ уақытты қажет ететіндігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген.

Озон қабатының бұзылуына өмірінің ұзындығы 100 жылдарға созылаты фреон үлкен әсер етеді. Фреонның шығатын негізгі көздері: тығыздалуы бұзылған мұздатқыштар, фреон қолданылатын технологиялар, тұрмыста қолданылатын аэрозоль құтылары және т.с.с.
...