0 дауыс
752 көрілді

азАзон қабатының жұқаруы және тесігі деген не, оның қандай зияны бар?

1 жауап

0 дауыс

Озон қабаты деп жазылады.

Озон қабатының жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы зор. Ультракүлгін сәулелерді жер бетіне жеткізбей, сәулеленудің алдын алады. Оның зардабы мутация өзгерістермен байланысты.

Озон Күннің ультракүлгін сәулелерінің және электр разрядтарының әсерінен екі атомдық оттек ({\displaystyle O_{\mathrm {2} }}{\displaystyle O_{\mathrm {2} }}) молекулаларының ыдырап, қайта қосылуының нәтижесінде ({\displaystyle O_{\mathrm {2} }+O_{\mathrm {} }=O_{\mathrm {3} }}{\displaystyle O_{\mathrm {2} }+O_{\mathrm {} }=O_{\mathrm {3} }}) пайда болады. Озон қалқаны күннің тіршілікті жойып жіберетін ультракүлгін сәулелерін ұстап қалады.

Озон жыртығы, озон тесігі – озоносфера қабатының жарылуы (диаметрі 1000 км-ден астам). Антарктида мен Арктикада ерекше байқалады. Бұл құбылыс 20 ғасырдың 80-жылдарында байқалғанымен, оның пайда болу себебі әлі күнге дейін талас тудыруда. Озон жыртығы табиғи, сондай-ақ антропогендік жағдайларға байланысты, әсіресе өнеркәсіпте және күнделікті тұрмыста озон қабатын бұзатын құрамында хлоры бар хладондарды (фреондарды) пайдалануға байланысты пайда болады деп есептелінеді. Соңғы 20 жылда озон жыртығы аясы ұлғая түсті (жыл сайын 4%-ға). Озон жыртығы арқылы күннің ультракүлгін сәулелерінің атмосфераға еш бөгетсіз өтіп кетуі қоршаған ортаны ластап, ондағы тірі организмдерге қауіп-қатер туғызады. Түрлі вирусты және қатерлі ісік ауруларының көбеюіне әкеледі. Сондай-ақ күннің ультракүлгін радиациясының жоғарылауынан өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесі мен протеиннің түзілуі тежеледі. 1985 ж. озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы, 1987 ж. Монреаль хаттамасы қабылданған. Озон жыртығы алғаш рет 1985 ж. ағылшын зерттеушісі Дж. Фарман байқаған.

Осы тақырыпта жақсы презентация бар екен:

https://prezi.com/aisnikzz__l5/presentation/

Озон қалқаны күннің тіршілікті жойып жіберетін ультракүлгін сәулелерін ұстап қалады. Ал оның жұқаруы немесе тесілуі сол зиянды сәулелердің жер бетіне өтіп , зиян келтіру мәселелеріне әкеледі.

...