0 дауыс
2.9k көрілді
Ағашты металмен өңдеудің жабдықтары мен техникасы

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ағаш аралайтын жақтаулар Ағаш өңдеу жабдықтары

Айналдырық (ор. шпиндель, нем. spindel) — көптеген технологиялық машиналардың және білдектердің айналып тұратын тетігі. Мысалы, метал және ағаш өңдейтін білдектердің құралға немесе өңделетін дайындамаға айналу қозғалысын беретін тетік

(ор. лесопильная рама) — бөренені бойлап аралайтын машина.
Ағаш бұйымдары мен құрылыс жұмыстарын жасауға арналғн жабдықтар

(ор. оборудование для производства столярно строительных изделий) — араланған материалдарды дайындамаларға пішіндейтін тізбектер, өлшеп-кесетін және шетжақтайтын білдектер, кесектерді ұзындығы бойынша тұтастыратын тізбектер.
Ағаш жаңқаларынан жасалған тақтайлар

(ор. древесно стружечные плиты) — мочевинді және фенол формальдегидті шайырлармен байланыстырып ыссы күйде қысымдау арқылы ағаштың ағаштың жаңқаларынан жасалған материалдар.

Ағаш кесетін құралдар

(ор. деревообрабатывающие инструменты) ағашты механикалық кесіп өңдеуге арналған құралдар. Олардың түрлері: аралар (қол ара, механизацияланған, машиналық арнайыланндырылған); беттерді өңдеуге арналған құралдар (балталар, қашаулар, сүргілер, электрсүргілер, электржоңғыштар, ағаш өңдейтін білдектердің құрама бөлшектері пышақтар мен жоңғылар); ағаш бұйымдарда тесіктер жасайтын құралдар (қашаулар, бұрғылар, электрбұрғылағыштар); ойықтарды қашайтын шынжырлы құрылғылар т.б.).

Ағаш кесу өндірісінің жабдықтары

(ор. оборудование лесопильного производства) — бөренелерді сұрыптап қажетті қималы араланған материалдар мен дайындамалар жасау үшін әртүрлі механикалық кесіп өңдеу жұмыстарын жасайтын құрылғылар.

Ағаш көмірі

(op. древесный уголь) — ағашты 623 ... 873° К температурасында ауасыз пештерде көміртегін күйдіру арқылы жасалатын кеуекті зат.

Ағаш қоспасы

(ор. древесная масса) — сумен араластырылған жаңқаларын диірменде ұнтақтау арқылы жасалған талшықты масса. Бұл зат қағаздарды, картондарды және ағаш талшықты тақталарды өңдіргенде жартылай өнім ретінде қолданылады.
Ағаш құрылымдары

(ор. деревянные конструкции) - толығымен немесе көбіне ағаш материалдарынан жасалған құрылыс құрылымдары (арқалықтар, фермалар, арқалар, жақтаулар, күмбездер т.б.). Ағаш құрылымдары өндіріс, тұрмыс, ауылшаруашылық т.б. ғимараттарды жабуға қолданылады. Сонымен қатар олар көпірлерде, эстакадаларда, электр энергиясын беретін желілерді тіреуде т.б. құрылыстарда қолданылады. Ашық ауада қолданылатын ағаш құрылымдар шіруден сақтайтын заттармен қанықтырылады. Ағаш құрылымдардан жасалған тетіктер, өзара қашалған кертіктер, кілтектер, шегелер, бұрандалар, металдан жасалған бекіткіштерді енгізу арқылы және желімдеу арқылы байланыстырылады.

Ағаш материалдарды тілетін екіқабатты жақтау

(ор. двух этажная лесопильная рама) — механизацияланған ағаш аралайтын ағындарда ұзындықтары 3 ... 7 м келетін бөренелер мен сырықтарды бойлай тілуге арналған құрылғы. Тілінетін бөренелердің диаметрлері мен сырықтардың қалыңдықтарының ең үлкен өлшемдері 240 ... 700 мм.

Ағаш материалдары

(ор. древесные материалы) — табиғи сүректі байланыстырғыш заттармен (мысалы, синтетикалық шайырлармен) қанықтырылып, желімдеп жапсырып, жоғары температурада қысымдап жасалған құрылымдық және әртүрлі жөндеу жұмыстарын жасайтын материалдар.

Ағаш материалдары, ағаш түржиындары

(ор. лесоматериалы, лесные сортаменты) — табиғи құрылымы мен химиялық құрамын сақтаған ағаштан істелген материал.
Ағаш материалдарын кесіп өңдеу

(ор. обработка резанием древесных материалов) — ағаш бұйымына сызба бойынша берілген пішінді, өлшемдерді және беттеріне қажетті сапаны қамтамасыздандыру үшін ) қаңқаны кесіп алатын өңдеу үрдісі. Ағашты белгіленген кесіп өңдеу үрдісінің сапасын көрсететін қасиеттерінің жинағы келесі көрсеткіштерден тұрады:

    1) ағаштың тұқымы;
    2) өңделетін материалдың түрі (дөңгелек бөрене, қырлы жуан бөрене, тақтай, дайындама);
    3) кесіп өңдеу технологиялық тәсілі (жақтаумен, таспамен, дөңгелек аралармен аралау; цилиндрлік, конустық, шетжақты, ойықты жоңғылармен жоңғылау; бұрғылау; жону; аршу, т.б.);
    4) кесу түрі;
    5) бас қозғалысқа қарағанда салыстырмалы беріс қозғалысының бағыты (қарама-қарсы, жолай);
    6) кескіш құралдың материалы мен құрылымының ерекшелігі (жүзінің қоспаланған болаттан жасалуы, тез кескіш болаттан жасалуы, қатты қорытпаның тілімімен жабдықталуы, араның тістерінің ажырасуына, жұқартылуына немесе тілімдерінің жан-жаққа ілінуіне, пышақтың жаңқаны сындырғышы, тіреуіші, қысқыш сызғышы бар-жоғы т.б.);
    7) ағаш кескіш білдектің құрылымдық ерекшелігі (иілткішпен немесе конвейерлі, үздіксіз немесе периодты

берісті, кесетін бір немесе бірнеше құралдар қойылулы т.б.).

Ағаш өңдейтін білдектер

(ор. деревообрабатывающие станки) — табиғи ағаш материалдарынан қажетті пішінді және өлшемді бұйымдарды кесіп өңдеу арқылы жасайтын машина. Атқаратын жұмыстарына қарай ағаш өңдейтін білдектер келесі түрлерге бөлінеді: ағаш кесетіп, ию арқылы өңдейтін, құрастырушы, желімді жағу және таза өндеу т.б,

Ағаш өңдейтін білдектердің беріс механизмдері

(ор.механизмы подачи деревообрабатывающих станков) — кескіш құралға және дайындамаларға беріс қозғалысын беретін механизмдер.Бұл механизмдер қозғалмайтын және қозғалмалы байланысты болып екі топқа болінеді.

Ағаш өңдейтін білдектердің орнықтандыру элементтері

(ор. базирующие элементы деревообрабатывающих станков)-үстелдер, бағыттайтын сызғыштар, таяныштар, аунақшалы конвейерлер құралкүймешектер, арнашық, шынжырлы және таспалы конвейерлер қысқықұрылғылар, айналмалы үстелдер, қысқылар, күймешелер.
Ағаш өңдеу жабдықтары механизмдердің бас қозғалысының (кесу) айналмалы түрі

(ор. тип вращательного движения(резания) деревообрабатывающего оборудования) - бұл механизмдердің үш түрі болады. 1) Кескіш құрал жұмыс біліктердің тіректерінің орталарында орналастырылған механизмдер. Бұған бойлай жоңғылайтын білдектер: сүргілейтін (өңдеу ендері 100...630 мм); сызбақұралды (өңдеу ендері 400...1200 мм); дөңгелете аралайтын білдектер сырықтарды тілетін білдектер (тілгілеу биіктігі 80...180 мм); сырықтардың ұштарын тегістеп кесетін білдектер (тілгілеу биіктігі 13...100 мм); 2) Кескіш құрал консольді түрде орналастырылған механизмдер Бұған жоңғылайтын: төртжақты (өңдеу ендері 5 ... 100 мм); тиектерді кесетін(тиектердің ұзындықтары 200x200 мм), жоңғылап — сырықтайтын(бөренелердің диаметрлері 500 мм-ге дейін), білдектер дөңгелете аралайтын бойлай тілетін (тілгілеу биіктігі 13 ... 100мм) көлденең тілетін тілгілеу (биіктігі 120 мм — ге дейін), пішімдеп тілетін (тілгілеу биіктігі 60 мм-ге дейін), бөренелерді тілетін (тілгілеу биіктігі 500 мм-ге дейін) білдектер жатады; тескіш: бір айналдырықты вертикальды(тесіктердің диаметрлері 40 мм-ге дейін, тереңдіктері 100 мм-ге дейін), бір айналдырықты горизонтальды (тесіктердің диаметрлері 16...25мм,тереңдіктері 50...80 мм), көп айналдырықты (тесіктердің диаметрлері 10...35 мм, тереңдіктері 65 мм-ге дейін) білдектер жатады центрлі механизмдер: бұған қабықтарды аршитын (кесінділердің ұзындықтары 1700 мм дейін жону (дайындамалардың ұзындықтары 1600...4000мм) білдектері жатады.
Өңдеу жабдықтары механизмдерінің бас қозғалысы(кесу) қайтымды-ілгерілемелі

(ор. деревообрабатываюшее оборудование с движением механизма главного движения — бұл механизмдердің екі түрі болады аралайтын жақтаушалар және құралкүймешекті; аралайтын жақтаудың ішіне кескіш құрал (көбінесе жолақты ара) керілген құрылым. Араның тістерінің қозғалу траекториясы әдейле түзу сызықты. Ағаш тілетін жақтаушалардың келесі түрлері болады: екі қабатты (тілгіш жақтаушаның аралықтары 500, 630, 750, 800, 1100 мм), арнайыландырылған (тілгіш жақтаушаның аралықтары 360, 630, 650 мм), бір қабатты (тілгіш жақтаушаның аралықтары 630, 800 мм); қайтылуы - ілгерілемелі қозғалысты механизмді құрал күймешекті жұқа табақтарды сүргілеп жасайтын білдектер: көлденең (сүргілеу ені 3000 ...4000 мм), көлбеулі (сүргілеу ені 3500 мм), вертикальды (сүргілеу ені 4000 мм).

Ағаш өңдеу жабдықтары механизмдерінің бас қозғалысы (кесу) тұйық иілген қисықпен

(ор. деревообрабатывающее оборудование с движением механизма главного движения (резания) по замкнутой выгнут

Ұқсас сұрақтар

...