+1 дауыс
2.8k көрілді
Ағашты аралау туралы керек?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Ағашты аралау

Кесінді және ағаш талшықтарының сәйкес орналасуына, сондай-ақ дайындаманы бекiту әдiсiне байланысты: дайындама көлденен бекiтiлгенде талшықтардың бойымен кесу; дайындама тiгiнен орналасқанда талшықтар бойымен кесу; дайындама келденең бекiтiлгенде көлденең кесу түрлерiн ажыратады. Сирек жағдайда талшық бағытымен еркiн бұрышпен кесуге болады. Ағашты кiшi арамен кесуге қарағанда сәулелi арамен кесу күрделiрек, себебi сәулелi араның ұзынынан қатаңдығы төмен. Бiрақ бұндай арамен жұмыс iстеуге жұмсалатын еңбек пен энергия бiршама үнемдi, себебi полотно қалыңдығы оған сәйекс кескін енi аз болып келедi. Жұмыс iстеуге ыңғайлы және кескін торналасуын бақылау үшiн сәулелi араның полотнасын барлық беткейiн бiр бұрышпен толығымен бұрады. Бұл процестi көзбен бақылайды; сондай-ақ полотноның созылуын (ол жақсы созылған, бiрақ шамадан тыс болмау керек) тексередi. Верстак столында көлденең орналасқан материалды ұзынынан кесу кезiнде (ұзындығы бойынша пiшiндеу) сәулелi араны көлденең және кескін беткейiне бiраз еңкейген түрдегi қозғалыстар орындалады. Кесу қозғалыстары төменге бағытталады; полотнаға әлсiз қысым түсiрiп, сәл алға ығыстырады. Қатты қысым түсiргенде кескін қисайып кетедi, ара кескінге қысылып қалады, кейде сынып кетуi мүмкiн. Бұндай аралауда дайындаманың ұзындығы мен қалыңдығы шектелмейдi; ал араланатын бөлiктiң енi полотно мен станок сөкпесi арасындағы қашықтықтан артық болмауы керек. кiшi арамен жұмыс iстеу барысында бұндай шектеулер болдмайды. Верстактың алдыңғы қысқыштарына тiгiнен бекiтiлген материалды пiшiндеу араның көлденең қозғалыстарымен жүзеге асырылады; кесу қозғалысы өзiнен ары қарай; ара полотносына қысымды аз түсiредi. Дайындаманың ұзындығы верстак биiктiгiмен шектеледi, ал енi - сөкпе мен ара полотносы арасындағы қашықтыққа тең. Көлденең пiшiндеудi араға әлсiз күш түсiрiп, сәл алға қарай еңкейген қозғалыстармен орындайды. Материал верстак кеңейткiштерiне бекiтiледi. Кесiп алынатын бөлiк ара қысылып қалмас үшiн iлiнiп тұрады. Кесiп алынатын ұшы сынып кетпес үшiн кесу соңына қарай сол қолмен ұстап тұрады. Сәулелi қол ара немесе арамен ағашты кесу - аз өнiмдi және үлкен еңбектi қажет ететiн операция, ол өнiм көлемi аз өндiрiсте бiрегей жағдайларда ғана қолданылады. Электрифицирленген саймандарды пайдалану еңбектi бiршама жеңiлдетедi және өндiрiсiн жоғарылатады. Механизацияланған аралау үшiн тiзбектi және дискiлi электрлiк аралар қолданылады.

...