+5 дауыс
551 көрілді
Базарға бара калсаң әр жерде қолына таспих пен қамшы ұстаған тәуiп балшы ,балгерге көзiм түседi. Жанына бара калсаң жабыса кетедi, алдағы өмiрiңдi айтып берем, қиындықтан құтылудың жолын айтам , сенi бақыт күтiп тұр деп. Соншалық мықты екен алда не боларын бiледi екен, солар неге лотереядан миллион ұтып алмайды? Үлкен үлкен алдағы 10-20 жылды болжайтын көрiпкелдердiң, де миллион ұтып алды дегенiн естiмеппiн. Ал сiздер қалай ойлайсыздар сол балгер, көрiпкелдер неге лотереядан ұтып миллионер болып кетпейдi?

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Иә, олар ешқашан болашақты біле алмайды. Ғайыпты тек бір Алла ғана біледі, сондықтан олардың айтып жүрген сөздері сылқи өтірік. Сіз дұрыс айтасыз, олар соншалықты білгір болса, өздеріне жақсылық жасап алар еді, біреудің тиын тебеніне көз тікпей. Ең дұрысы, олардың өтірікші екендіктерін елге жариялау керек. Алдарына ешкім келмесе, олар өздері де бұл "бизнестерін" қояр еді.
+5 дауыс
Мен шындығымды айтайын мен балгерлерге сенбеймін өйткені балгерлік,көріпкелдік біздің дінімізде қайшы...Қиындықтан құтылудың жолын айтам,алдағы өміріңді айтып берем..пфф..алдағы өмірімізді өзіміз шешеміз достар...Балгер емшіге барудың қажеті жоқ қазір олардың бәрі өтірік басыңды айналдырып қанша ақшаңды сыпыра кетеді...Базарда абай болыңыз Көркем гипнозға түсіріп ақша алып кететін көп...
+1 дауыс

коркем жаксы сурак койыпсын!мен де солай ойлап журетинмин!!егер олар бәрін білетін болса,неге миллион утып алмайды деп?базарда журетін балгерлердің бәрі отірік.тек акша табу ушин гой.Бірақ кейбір көріпкелдердің де дұрысы да бар.Мысалы,шетелдерден айтатын болсак Ванга.Өз Қазақстанымызда да лицензиясы бар шын көріпкелдерде бар.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
11 жауап
+2 дауыс
13 жауап
...