+2 дауыс
8.7k көрілді
Менің таныстарым бақсы-балгерге барып, болашақтарын болжатады, не істеу керектігін сұрайды, дем салдырып жатады. Сол дұрыс деп ойлайсыз ба?

13 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Басқсы балгерлерге сену дұрыс па? Болашақты білу адам тағдырын да бәрін білуші Алла. Аллах өзінің құлдарына болашақты болжайтын қасиет бермеген. Ол бақсы балгер деген де қарапайым адам. Олардың басқа адамдардан артықшылығы жоқ. Тек Аллах-Тағала адамдарға ақыл-ес берген. Яғни сол көрегенділігі арқылы өзінің болжамын айтып кеткен. Яғни білімділігі арқылы ананы салыстырып мынаны салыстырып бір кезеңдерде осындай заман тууы мүмкін деген сияқты. Ал Нострадамус, Ванга т.б орысша айтқанда показуха. Егер болашақты айнадан көргендей біліп тұрса неге айтқандарының көпшілігі шықпаған. Себебі бақсы-балгерлер шайтандармен байланысады. Шайтандар болашақта болатынды періштелерден ақпараттарды естіп балгерлерге жеткізеді. Сосын олар сол ақпараттарды адамдарға айтады. Көп созудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Себебі мұның бәрі 14ғасыр бойы еш өзгеріске түспеген қасиетті "Құран-Кәрімде жазылған. Әз Жәнібектің сұрағы: “Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады?” Біз ғайыпқа сенетін адамдардың ұрпағы едік. Баяғыда Әз Жәнібек халықты жиып: - Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады? – депті, жиылған халық көп дағдарып: - Үш арсыз: ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз. Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып, – депті. Бірақ үш жетімді таба алмапты. Сонда Әз Жәнібек хан: - Елде келмеген кім қалды? – деп сұрапты. - Келмеген Қарабас шешен қалды, – депті халық. Әз Жәнібек Қарабасты шақыртып алып, әлгі сөздің шешуін сұрапты. Сонда Қарабас: - Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой! Оты жоқ жер жетім, Басшысы жоқ ел жетім. Елінен ауған ер жетім, Тыңдаушысы жоқ сөз жетім, Жоқтаушысыз қыз жетім, – дейді. Сонда Әз Жәнібек: - Сенің атыңды қоюшы адам ақылсыз екен, «Қарабас» дегенше «Алтынбас» десе болмай ма? – деген екен. «Неке ғайып» дейтін сөз де бар. Байқасаңыздар үш ғайыпта алдағы уақытта болатын нәрселерге байланысты. Қонақтың қашан келетінін, несібең қандай болатынын, ажалдың қашан, қай жерде келетінін білмейсің. Яғни болашақ та ғайып. Кез келген ертеңгі күннің ғайыпқа жатады. Біз өзімізді «әлімсақтан мұсылманбыз» дейтін халықтан едік. Ғайыпқа иман келтіру мұсылмандық. Алла тағала Құранда «мұсылмандарды ғайыпқа иман келтіреді» деп суреттемейтін бе еді. Біздің айтпағымыз, соңғы уақыттарда болашақты болжау сәнге айналды. Жылқы жылы қарсаңында тіпті көбейіп, еліміздің 2014 жылғы жағдайын «тап басқылары келіп», әлектенеді. «Казахстанские экстрасенсы рассказали каким будет год синей лошади» деген мақала жариялаған «Нұр.кз» сайты біраз балшылардың сандырағын келтірді. Саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайларды өздерінше болжап көрген балшыларға сенбеу керектігін көзі ашық адам жақсы білсе керек. Олардың жындармен байланысы барын айтсаң, кейбір адамдар күледі. Күлетін ештеңесі жоқ. Пайғамбарымыздың хадисі бұл жағдайды ашық баяндамайтын ба еді. «Алла тағала жұлдызды тек үш мақсатта жаратқан. Аспанды безендіру, адасқандар жол табу, балшыларға ақпарат ұрлайтын шайтанды ату үшін» деген хабар осы жәйтті аңғартса керек. Қай кезде де балгерлер болған. Бірақ оған еш сенуге болмайды. Тіпті соңғы күнге дейін болуы мүмкін. Олар өздері неге ұрынғандарын білсе, бұлай істемес еді. Олар білімсіздіктен шалыс басады. Олар шайтаннан ұрлаған ақпараттарына өтірік қосып айтатынын да өзге де хабарлардан білетін боларсыз. Тіпті кей айтқандары тура келіп жатса, ол ұрлықтары түбі жазаға айналатынын да жақсы түсінерсіз. Бүгін кейбіреулер бүйректен сирақ шығарғылары келеді. Әрине алдағы күндерден тек жақсылықтан үміт етеміз. Аллаға тәуекел етеміз. Жоспар жасаймыз. Бірақ ол жоспарымыз қаншылықты жүзеге асады? Бұл – ғайып. Сол үшін дұға етеміз. Құлшылық жасаймыз. Жақсылық тілейміз. Қазір эктрасенстерді жарыстырып қоятын болды. Бұндай күпірлік тек білімсіздердің қолынан келеді. Өткен жолы бір ағамыз Ванганың айтқандарына таңғалып, маған әңгімесін айтып берді. «Аға, сенбей-ақ қойыңыз» десем, «олай бір шеңберге қамалуға болмайды, білімді Қытайдан болса да алыңдар деген жоқ па? Айтқандарының бәрі тура келіп жатыр. Қалай сенбейсің?» дейді. Мен әрине білімімнің аздығынан ағама дұрыс түсіндіре алмадым. Оған шамам жетпейтінін де білдім. Олардың айтқандары неге келіп жатқанына шариғат жауап беріп қойған. Егер шариғаттың шеңберінде жүрмесек, тозақтың шеңгеліне түсетінімізді ойлайық. Санаң жетпеген нәрсеге жүгірме, білімің жетпейтін жерде даурықпа. Алдағы уақыт еліміз үшін берекелі болғай!
+3 дауыс

Баксы-Балегге сенбегениниз жон! себебби Аллага серик косудын бири Баксы Балгерге сену!

+1 дауыс

өз басым сенемін барлығына бірдей емес әрине әр адамның өз сенімді адамдары болады бұл пікірге қосылмайтындар да бар яғни сенбейтіндер

мен сенбеймин
+2 дауыс

Сенбеу қажет.Кейбір балгерлер жолы болып дұрыс айтады.Сосын адамдар бір ғана дұрыс айтты деп,адамдар алданып қалады.Алдағы уақыттардың бәрін тек бір АЛЛА біледі.

–1 дауыс

Неге сену керегіңді ешкімнен сұрама, тек қана өз жүрегің неге сен!!! соны ғана тыңда (мен бірақ ештеңе сенбеймін) 

+1 дауыс

Адам өзіне аудитория жинау үшінде бір қабілет болу керек, ал қабілет деген адам алдарлықтай болса да білім, ақыл, ізденіс. Алдарына талай адам жинай білген бақсы-балгерлерде де демек қабілет бар. Ал сену немесе сенбеу әр адамның сол балгердің қызыметіне қанағаттану немесе қанағаттанбау деңгейіне байланысты. Ал бұл жерге әкеліп Алланы тықпалау менімше ыңғайсыз.

Астағфираллаһ! Таубеге келіңіз.Сізді жоқтан бар еткен,судан қан еткен,дүниеге адам еткен Бүкіл әлемдердің Раббысына қалайша бұндай сорақы сөз айтуға аузыныз барды?! Алланы тықпалау ынғайсыз дейсіз алла сақтасын.Сіздіде ұйыған қаннан жаратқан сол Алла емес па?! Оданда осы сұрақ-жауап сайтын екі жанарыңыз жарқырап көріп отырғаныңызға қуанбайсыз ба? Кім бақсыға сенсе оның Раббысы Бақсы болғаны,сенген адам бақсының құлы болғаны.Не істе десе соны істеп.Кім АЛЛАҒА сенсе Алла оған жеткілікті! Оның күш құдіреті барлық нәрсеге жетуші! әрине қатты айтқан болсам кешіріп қойыныз,білем мұсылман сабырлы болу керек,бірақ Раббым туралы жаман сөздерге сабырым жетпеді кешіріңіз....
0 дауыс

Естуімше қазақта   балшыға, балгерге жол аштырса, болашағын болжатса бақытсыз болып қалады немесе дуаланып қалуы мүмкін,қысқасы мүлдем бал аштыруға болмайды     деген сөз бар екен. Сені білмеймін өзім көп ырымға сенемін!

+2 дауыс

Бақсы-балгерлер көп, олар ел аралап жүріп адамдарды алдап, ақша жинайды. Діннің бұл жерде қатысы жоқ. Адамды емдей алатын, қанша жамандасақ та, дәрігерлер.

+1 дауыс

Ол дұрыс емес.Сенбеу керек,бармау керек ондайларға.

+1 дауыс

Болашақты болжаймын деп отырған адамға сенбеген дұрыс. 

+1 дауыс

Бал ашу қасиет емес,қасірет!

0 дауыс
Оз басым баксы дегенге сенбеймiн,меным енем баксы бирак мен оган сенбеймiн.Оларга сенудiнде кажетi жок.оларды тiптi капipлер деп айтуга турарлык.
0 дауыс
Балшы баксы деген Отірік əнгіме

Психологияны бұзады .Ен бірінші  психологияны дамыту керек, яғни өз  санасын дамыту керек сонда гана баксы балгерлерге сенім   азаяды.

Адам не ойласа,тілесе алладан сол болад .

Ұқсас сұрақтар

...