0 дауыс
1.5k көрілді
Ерте отбасы құрған дұрыспа, әлде бұрыспа ? Физиологиялық, Психологиялық, Маралдық тұрғыдан болсын пайдасы мен зияны?

3 жауап

–1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қыз балаға 21-22 жас дұрыс секілді.Бірақ қай жағынан алсақ та ерте үйленгенде тұрған ештеңе жоқ ең бастысы сезім,сенім,сүйіспеншілік пен махаббат басып тұрса болғаны.Осылар болмаған жерде отбасы да жоқ. Қазір ерте үйленіп жатқандар көп бірақ бәрі ажырасып жатқан жоқ қой.Сондықтан ол екі жасқа байланысты.
+1 дауыс
Әр нәрсенің өз уақытымен болғаны жақсы ғой. Біраз уақыт жастық шақтың дәмін тату керек деп ойлаймын. Мұндағы айтпағым көше кезіп қыдыру емес. Оқу бітіре салысымен отбасын құрады ғой жастарымыздың көбі. Отбасылы болған соң арқаға ауыр жүк артылады, жауапкершілік күшейе түседі. Соған бола көбі арманынан бас тартып жатады. Кеш шаңырақ көтерсін демейм, жас кезінде арманына қарай бір талпыныс жасап көру де мағыналы нәрсе сияқты. Әрине, махаббат пен отбасы бұдан әлдеқайда мәнді екені рас. Шын махаббатын жолықтырса немесе қыз жүкті болып қалса қанша ерте болса да тездетіп үйленуді құптаймын. Ал бәрі үйленіп жатыр ғой деп дүрмекке ілесіп,  асығудың қажеті жоқ сияқты.
0 дауыс
менің ойымша қыз балаға 21-22 жаста үйленген дұрыс. ал осы жастан асқан қызды кейбіреуі отырып қалған қыз деп есептейді. Бірақ ерте үйленсе жастық шақтың дәмін тата алмайды. Кейбір жігіттер ерте үйленіп, басқа қыздарды жақсы көріп, қыздардың жүрегін жаралайды. Сондықтан әр нәрсенің өз орны бар.

Ұқсас сұрақтар

...