+2 дауыс
2.2k көрілді
Кім Ванганың болашақты болжай алатын қасиеті болғанына сенеді.Кім жалпы балгер,Көр іпкел дегендерге сенеді.Ал кім Черная магия деген заттарға сенеді.Ол шын ба)))Өз басым сенбеймін.Сіздердің ойларыңызды білгім келеді.Әйтеуір өз басым сенбеймін.Сенсем тек Аллаһ тағала.Соған ғана.Ал қалғандарын шынымды айтсам білмеймін

11 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жоқ сенбеймін.Апам айтатын олзар адамның тағдыры жазылған кітапты періштелер қорғап тұрады зал,шайтандар солардан қашып жүріп бірін басын көрсе болды ары қарай құрастырып өтірікті айтады солардың құлағына дейді.Ал олар оны алдындағы адамға айтады деуші еді.Олар жолды байлайды.
+2 дауыс
Мен реалист адамдардың қатарынанмын, тек қолмен ұстап, көзбен көруге ғана келетін заттарға ғана сенемін...

Қазіргі бақсы, балгерлерлер жақсы психологтар....
1 лер артық кетіп қалыпты)
0 дауыс
Ия әрине сенбеймін, тіптен
хауияға түскің келмесе тезірек аллаға ширк қосатын діннен шық
Exo-k Аллаһ бар екеніне бір ғана дәлел келтіріп берші, сонда сенейін, менің түсінбейтінім ешқндай дәлел жоқ затқа қалай сенетіндерің
Қалай дәлел сұрайсың.Адамды,Жануарларды,сен тұрып жатқан жерді,барлық планеталарды,құбылыстарды барлығын жаратқан Алла.Ал Аллаһ адамға сана-сезім бермесе адамдар жануарлар сияқты өмір Сүрер едік.Адамдар қазір әр-түрлі заттар ойлап табуда.Бұл Аллаһтың арқасы.Негізі сенің сенбейтініңе өзім сене алмай тұрмын.Физикалық химиялық биологиялық құбылыстарды да жаратқан Аллаһ.
Екі жол бар.Біреуі Аллаһқа сеніп,құлшылық етіп,құран оқып ақ жолға түсКен адамдар жүретін жол.Ал екіншісі Шайтандардың азғыруымен,Аллаһқа сенбей(тіпті сенгеннің өзінде құлшылық қылмай)жүрген адамдар жүретін теріс жол.Дәлел бар.Ол Құран.Құран оқығайсың
Мына киноны қарап шығыңыздар аяғына дейін:
мынау не деп оттап тұр
Алла Тағала — ислам дінінде бүкіл әлемді, адамзатты, барлық тіршілік иелерін жаратушысы. Барлығы Алла Тағаланың әмірімен болады, бүкіл болмыстың түп-тірегі деп түсіндіреді. Мұсылмандардың түсінігі бойынша Алла әлемдегі баршажанды, жансызды, есті-ессізді жаратушы. Ол адамдардың өмірге келгеннен бастап, бүкіл өмір сүру мезгілін белгілейді. Оны қазақтар жазмыш, жаратқан ие деп атайды. Қасиетті Алланың өзі саналы жаратқан адамдарына дұрыс жол көрсетіп, өмір сүру қағидаларын үйрету үшін елші жіберіп, сол елшілер арқылы өзінің айтқандарын кітап етіп жерге түсірді. Елшілерінің ең соңғысы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар болып саналады. Алла ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.ғ.с.) күллі әлемге рақым нұры етіп жіберген. Ол Хақ рақымын паш етіп, барша ғаламды нұрға бөлеуде. Оған түскен кітап - Құран Кәрім Алланың адамдарға сыйлаған сөзі.

Алла Тағаланың нақты бейнесі ешкімге көрінбейді. Адамдар оған тек намаз арқылы жалбарынып, берілгендіктерін жүректері арқылы білдіреді. Соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) арқылы жеткен Құран Кәрім аяттарында Алланың жалғыз екендігі, оған тең келер ешкімнің, еш нәрсенің жоқ екендігі айтылады. Алла ерекше күш иесі. Алланың рахымына ие болу үшін әркез оған жалынып, жалбарынған. Нағыз мұсылман Алланы бірден-бір жаратушы күш ретінде мойындап, өз өмірінде оның талаптарын бұлжытпай орындап отыруға міндетті. Алла Тағала адамды сүйіспеншілікпен жараткандықтан әркез кеңшілік танытады, кешіруге әзір дейді. Қазақ түсінігінде Алла атауы Құдай (парсы), Тәңірі (түркі) сөздерімен қатар қолданылады. Бұл қазақы ортадағы исламның ерекшелігін айғақтайды. Алла Тағала - ұлы Абай мен Шәкәрім қажының еңбектеріндегі қаузалған ең негізгі этикалық категориялар - ақиқат, адамгершілік, адалдық, мәрттік, жомарттық, мейірімділік сияқты ізгілік қасиеттердің абсолюттік субстанциясы.[1] Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Барлық ізгі сөздер мен амалдар тек Құдіреті күшті Аллаға ғана тән. Алла – пәк және мейірімді. Оның серігі жоқ және ол тумайды да, туылмайды да. Алла тағаланың рақымдылығы жайлы бір хадисте «Алла жаратылысты жаратпастан бұрын рақымдылықты өзіне жазды және «Расында, менің рақымдылығым азабымнан жоғары» деген. Сондай-ақ, Алланың аса рақымдылығын айқын көрсететін көптеген хадис келтіруге болады: «Аллаһтың атымен ант етейін, Алланың құлына деген мейірім-шапағаты бір ананың баласына деген мейірімділігінен сан есе үлкен».[2]
Ayan_01 Сенбесе сенбей ақ қойсын!!!
Өзіне ертең жаман болады.Оған қанша айтса да миына кірмейді екен!
Аллаһ тағала бәрін өзі шешеді ғой.Аллаһ бәрібір көреді,біледі.Өз жазасын өзі алсын.Мен осы өмірде жүргеніңде түзеп алсын дегім келеді,әлі кеш емес,бірақ ол өзі.Мен бұл фильмді көрген жоқпын.Көрмеймін де...
+1 дауыс
Жоқ сенбеймін,олар өтірік тек жын шайтанның құлағына сыбырлағанын айтушылар.
+1 дауыс
Өз басым сенбеймін, бірақ кей көріпкелдердің қасиеттері адамдарды таңқалдыруды қоймайды! Тіпті оларға да сенбеймін. Тек қана Алла Тағалаға сеніп құлшылық жасау керек!!! Алладан басқа кімге сенеміз!!  Көріпкерлерге сену бұл серік қосу болып табылады. Яғни серік қосу бұл үлкен күнә.  Ванганың кейбір белгілері келгенімен, оның кейбір белгілері болмаған. Бұның бәрі тек Алланың қалауымен болады.  Аллаға сенейік ағайын.
0 дауыс
Әңгіменің үлкені балшылар болды, бұл күнде. Адамзаттың көңіліндегі күмәншіл күдік те солардан, арылмас мұң да солар, көл-көсір қуаныш та сол екен. Біреулер айтады: балшы-балгерлер шынайы  қасиет иелері, ол адамға керек деп. Ал біреулер айтады: олардан асқан айлакер жоқ, жер-жаһанда деп. Ия, кімнің дұрыс, кімнің бұрыс айтып жатқандығын біз білмейміз, бірақ білуге құмартамыз қашан да. Шын мәнісінеде олар кімдер? Балгер -  бал ашушы болжам жасаудың ертеден келе жатқан  сенімдік иландыру тәсілі. Балгер адам тағдырының өткені, бүгіні, болашағын болжап шамандық діни сенім бойынша әрекет ететін тылсым сырдың дарынды иесі. Кейде адамдар бал ашу көмегімен өзін не отбасы мүшелерін қауіп-қатерден сақтап отырса, бірде өмірлерін де болжаған. Алайда, бал ашу көбіне бұл мақсатта емес, яғни, біреуге қастандық жасау тұрғысында жүзеге асып отырған. Бұл жағдайға адамның санасын билеу, дуалау сынды әрекеттер жатады.

[балшы]

    Жалпы, алғанда бұл балгер-балшы атаулары қазақ тарихында болған ба? Болған. Ендеше бұл осы күннің шығарғаны емес, ата-бабадан келіп жеткен дүние. Мұны тіпті, тарих атасы Геродоттың жазған жазбаларынан да кездестіреміз. Оның айтуынша: «Сақтар – ежелде бақсы-балгерлерге кәміл сенген». Одан беріректегі ғалым Шоқанның: «Қазақтар болжаушы сәуегейді бақсы дейді. Бақсылар алдын ала болжамын өздерінің рухы атынан айтады. Бақсылар аурудың иесі  «зұлым рухтар» деп, олардың қатарына албасты, көнаяқ,  жез-тырнақ, сөрел, орман перісі, жын және шайтандарды жатқызған»,- деп жазуы да осының дәлелі. Тіпті, сонау күйзелісті жылдарға көз жібертер болсақ ел билеген хандарымыз әрдайым жандарында болжаушы, бақсыларды ұстап ертеңгі күндерін болжап, келер төтерден хабардар болып отырған.

 

   Балшының айтқандары әу баста таң қалдырады, қызықтырады, сендіреді, содан соң Алла алдында күнәшіл етіп, өз ойыңды ысырып, балгершінің айтқанын күндіз-түні ойлауға алып келеді. Соған сенген сорлы басыңды сопра қайнатқандай қайнатып ауру етіп не алған бағытыңнан тайдырып, түзу жолдан адастырады. Ал адасқан өмірдің қайта түзеліп, қалыпқа келуі үлкен жұмбақ. Ия, шынайы қасиетке ие балшыларда жоқ емес. Тек олар көше кезіп «Бал ашамын, жол ашамын» - демейді. Өз үйінде отырып-ақ, алдына келген адамын қабылдап, жөнін айтып жатады. Ол көбіне емдеу, адамды аурудан арашалау мақсатында жүзеге асады. Ислам дінінде балгерге барып болашақты болжау – Аллаға серік қосу. Бұл тұрғыда шариғат көп жайттарды баян етеді, біздерге. Аллаһ балшылықты харам етті. Болашақты, яғни жасырын нәрсені бір Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өз хадисінде былай деп айтып кеткен: «Кім көріпкелдің алдына барып, одан бір нәрсе сұраса және оның айтқанына сенсе, онда оның намазы қырық күнге дейін қабыл болмайды», – деген. (Мүслимнен келген хадис). әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызы балгер туралы былай дейді:

-«Балгерлердің ісі күнә» деп есептелуі  таухид ұғымымен байланысты, яғни Аллаһтан басқа Тәңір жоқ. Балшы-балгерлердің іс-әрекетіне сеніп, оларды құрметтеп, пірге айналдыру әлі күнге дейін қоғамда сақталап келеді, тіпті қазіргі Қазақстанда кең етек жайған десек қателеспейміз. Дінтану ғылымында эзотерикалық (ішкі, құпия) ілімдер саласы ғылыми пән ретінде оқытылады. Балгерлер адамның денсаулығы жөнінде ғылыми медицина әдіснамасы мен құралдарын пайдаланбай болжамдар жасайды. Балгерлік, көріпкелдік жайлы әзірге нақтылы бір тоқтамға келген ғылымда тұжырым жоқ. Балгерлік те осы парапсихологияның бір саласы ретінде зерттеледі.. Мысалы 1882 ж. Лондон қаласында парапсихологияны жүйелі зерттеудің және бақылаудың нысаны ретінде белгілеп, қоғам құрылған. Нью-Йоркте халықаралық парапсихологтар ассоциациясы жұмыс жасайды. Балгерлерді сатанизммен (Шайтанға табынушылармен) байланысты адамдар ретінде  қабылдайды және де оларға сеніп баратын адамдар да ой-өрісі таяз, сенімі әлсіз жандар деп түсіндіреді.

                                                                                                       

   Балгерлікті күнделікті нан жеу көзіне айналдырғандарды бір тұрғыдан түсінуге де болады. Кейбірі әлеуметтік жағдайлары төмендіктен, өмір сүрудің бір формасына айналдырғандар, бұл істі. Алайда, адамдық тұрғыдан алғанда жалғандықпен, өзгенің өмірін ойрандаумен келген ақша харам, әрине. Бұл тұстапрофессор Қарлығаш Молдағалиқызының айтары мынадай:

«Күн көріс үшін әр түрлі іспен айналысуға болады. Бірақ адам сол өзі жасаған ісі үшін ұялмауы керек. Өзінде мен жоғарыда айтқандай, «ерекше қасиет» жоқ екенін біле тұра балгерлікпен айналысып адамдарға өтірік ақпарат беріп, сол үшін ақы алса бұл мақсатты түрде жасалған алайақтық болып есептеледі. Бұл әрекет заң жүзінде жазаланады. Сондықтан күн көріс үшін ел-жұртты алдап, жоқ нәрсеге үміттендіріп немесе болашақтан күдер үздірту «күнә» ретінде ғана емес адамшылыққа жатпайтын қатыгездік болып есептеледі».

 

    Өзге елдерде мұндай харам істермен айналысатындарға қатаң тыйым салынып, тіпті жазалауға дейін барады екен. Мысалы, Шешен Республикасының мүфтияты исламның атын жамылып алаяқтықпен, яғни көрiпкелдiкпен, өтiрiк емшiлiкпен айналысатындарды бақылауда ұстайды. Оларға бiрiншi ретте мұндай iстермен айналысқанын тоқтатуға бiр жеті мерзiм бередi, егер доғармаған жағдайда Қылмыстық кодекспен тергеп, тиісті жазасын шығарады екен. Ал, біздің елдің заңында балгерлікке арнайы тыйым салынбаса да, алаяқтықпен ақша тауып, жұртты әбігерге түсіретіндерге жаза бар. Тек сол заңды жүзеге асырушылар аз. Бұл қазақ азаматтарының өз құқықтарын өздері қорғай алмайтындықтарының салдары болар бәлкім. Әлде ақиқат, әлде лақап дерсіз мұны. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 6 тарауының 177 бабында алаяқтыққа байланысты жазалау шараларын айтқан. Мұнда өзге жанның мүлігін не ақшасын иемдену сөзге тиек етіледі. Бірақ осы жолмен балгерлердің алаяқтық жасап адамзаттың сеніміне кіріп тақырға отырғызып жатқандары да аз емес. Өйткені, балгерге сенемін деп баспанасыз қалғандар да бар.
+1 дауыс
Барлығына бiрдей сене беруге болмайды, бірақ олардың Iшiнде сенуге болатын адамдар да кездеседі. Өз басым Аралкумдагы емшi балаға сенемін.
Сенетіндей ол не істеді?
Көшеде отырып бал ашып отырған адамдардан жақсы ғой
Белгісіз
+1 дауыс
Олардың арасында сенуге болатыныда сенуге болмайтыныда бар.Сондықтан барлығына сене бермеймін
+1 дауыс
Черная магия, дуа деген бар нәрсе. Небiр мықты дуагерлер бар, олар шайтандармен сыбайлас болады. Қысқасы былай: Мысалы сенi бiр қыз суретiңдi дуагерге алып барады сенi өзiне ғашық қылу мақсатында, ол шайтанмен связь-ға шығады, шайтан өзiнiң баласын н/е жындарды саған қарай жiбередi, сен боқтап қалсаңда iшiңе кiрiп кете алады жын, iшiңе кiрсе, сен қызға жiпсiз байландың деген сөз... Ертек сияқты, бiрақ мұндайлармен ойнауға болмайды...
0 дауыс
Өз басым сенбеймін.
0 дауыс
Ешқашан сенген емеспін,сенбеймін де.Аллаһ тағалаға ғана сенемін.Бір Аллаһ өзі жар болсын

Ұқсас сұрақтар

...