+2 дауыс
456 көрілді
Қазіргі уақытта қай ауылға барсаңызда ауылдың жасы мен кәрілері жиналып,арақ ішуден басқа жұмыс қалмаған сияқты.Әсіресе шағын ауылдарда.Азғындаған жастардан ертең қандай мықтылар шығады?Шынымен үкімет ауылды ойламай ма?

6 жауап

+1 дауыс
Мен керісінше қазіргі жастар араққа жолауды қойып келеді деп ойлаймын. Үкіметтін қатысы қанша, саналарына берсін. үлкімет ешкімге де "жиналып арақ ішіндер ауылдағылар" деп айтпаған болар.
0 дауыс
Сіздің көріп жүрген ауылдарыңыз қай ауылдар? Қайта ауылда ынтымақ, бірлік бар. Бәрі бірін-бірі сыйлады. Онда жасөспірімдер көбінесе құқық бұзбайды. Себебі ата-анасының алдында тыныш жүреді. Ал қалаға барғанда әй дейтін - әже, қой дейтін - қожа жоқ. Көп ұрынады.
0 дауыс
хех НЕ Айтамыз Солай кетеді енді )) ШЫНДЫҚТЫ БІЛГІН КЕЛСЕ ӨЗІН ІЗДЕН ДЕГЕН БІР СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ БАР ҚазақТа Соны ойлап көріңіз
+1 дауыс
"Ауыл арақтың ордасы ма?" деуден бұрын арақ қай қазақтың атасы деп айтқаның жөн болар еді. Сенің айтып отқаның рас ауылда көшелерде жастар қосылып арқ ішеді. Оған дәлел кеше тазалаған көшең таңертең бос бөтелкелерге толып жатады. Ішкені былай тұрсын сол арақтың кесірінен талай адам құрбан боп, талайы темір торға тоғытылды. Үкімет босқа қарап жатқан жоқ. Тек қана ауыл тыныштығы қадағалайтын полициялар жылдамдап қимылдау қажет.
+3 дауыс

Ауылдағы жастардың арақ ішуіне себепкер билік. Жастар арақ ішеді. Жастар спортпен айналыса да біледі. Бірақ... Арақпен темекі штанга гантельден арзан емеспе, жастар басқа не істесін, арақ ішеді. Спортпен айналысайын десе спорт зал жоқ. Жоғарыдағы басшылар ауылға қазақша күрес, бокс, баскетбол, футбол сияқты үйірмелер ашып жастарды жақсылыққа тәрбиелеу керек. Жастар мешітке барды. Басында риза болдық. Кейін түрлі ағымдардың кесірінен ата-аналар жастарды мешітке жібермеді. Жастарда зерігеді ғой, оқудан шаршағанда демалып қыдырғысы келеді ғой. Ал кейбір ауылдарда ондай жерлер жоқ.

 Менің өскен ауылымда болды АЛҚАШТАР. Жастарды жастар дерсің үлкендерін қайтесің? Балық басынан шіриді. Үлкендерінің де білетіндері сол арақ ішу, жік-жікке бөлініп төбелесу, бірін-бірі пышақтау, ұрып кету, жас балаларды қорқытып арақ алдырту, айта берсең көп. Олар жастарға сондай тәрбие берсе не істейміз енді? Бәрі арақтың кесірі.

Сөз соңында. Өзіміз жаман әдеттен аулақ болайық. Арақ індет. Іні, қарындастарымызды жаман әдетке жолатпайық.

оны әкімге немес жоғарыдағларға айту керек деп ойлаймын бұл жерде біз не істей аламыз?
Мен сізге ауылға барып спорт мектебін сал деп отырған жоқпын. Сізге бауырларыңызға арақтың зиянын айтып түсіндіріңіз деп отырмын.
0 дауыс
Сіз өзіңіз қаланікі боларсыз.Ауылда тұрып көрмеген соң,әйтеуір жаңалық немесе ұзын құлақтардан естіген сөздеріңіз болар.Егер ауылда тұрсаңыз бұлай айтпас едіңіз.

Ұқсас сұрақтар

...