0 дауыс
871 көрілді

Баламның Семей қаласындағы колледждің геофизик мамандығы бойынша бітіріп келгеніне 1жыл толды. Жұмыс табылар емес. Не үшін оқыды, сонда? Жұмыссыздыққа тіркелген. Қарастырмаған жеріміз жоқ. Қалайша тұруға болады?                       ОҚО,Созақ ауданы,Таукент ауылы

2 жауап

0 дауыс

Табылмаса табылған жұмысты істей беру керек. Рас, қазір жұмысқа таныс пен ақша болмаса алмайды. Бірақ таныс пен ақша арқылы кіргеннің өзінде жұмыс тәжірибелі болуды талап етеді. Колледж оқыды деген тәжірибелі деген сөз емес, оқу бөлек жұмыс тіпті бөлек нәрсе. Тәжірибесіз болса да табыған жұмысты істеп, мамандығынан емес өмірден тәжірибе жинай берсін. Жұмыс істегісі келген адамға жұмыс табылады, жұмыс істегісі келмеген адамға сылтау табылады. Сіз ана ретінде оны білмеуіңіз мүмкін емес.

Мамандық бойынша жұмыс істеген дұрыс қой. Әрине,әр жұмыстың қиыншылығы болады. Бірақ өмір үйретеді ғой барлығын.
0 дауыс
Қазір адамдардың көпшілігі өз мамандықтары бойынша жұмыс істей алмайды, кейбіреуі сұранысы аз, орыны аз мамандықтар, не табылған жұмыс істей беру керек, не болмаса сол мамандығына сұраныс көп қалаға барып жасауына тура келеді.
...