+2 дауыс
19.6k көрілді
Адам неше сагат уйыктау керек?

7 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап

Жауабы анық сияқты, бәріне белгілі болғандай — өміріміздің үштен бір бөлігі, яғни 8 сағат. Алайда ғалымдар бір шешімге келген жоқ. Кейбіреуі 8 сағаттық ұйқы — көп десе, енді біреуі ағзаға 4-5 сағат ұйқы жеткілікті дейді.

Сонымен ұйқы қанып, өздеріңізді сергек сезіну үшін қанша уақыт ұйықтаған жөн?

Тәулігіне қанша сағат ұйықтау керек?

Ересек адамдарға тәулігіне 6-8 сағат ұйқы қажет. Көбісіне үш 8 туралы ереже белгілі: 8 сағат — жұмыс үшін, 8 — демалыс, 8 — ұйқы үшін. Шынымен, көпшілік адамдар 8-сағаттық ұйқыға әдеттенген.

 

Бірақ ерекшеліктер де болады. Сонымен, Напалеон — 5 сағаттық ұйқыны жөн санаған. Ал Эйнштейн болса 12 сағат ұйықтайтын. Леонардо да Винчи әр 4 сағат сайын 15 минуттан ұйықтаған екен, тәулігіне 1,5 сағат қана!!!


Ұйқымен тәжірибелер

Ұйқының жетіспеушілігі ағзаның қорғаныс күшін азайтады, жүйке жүйесінің жұмысын бұзады (ашуланшақтық, зейінсіздік, есте сақтау қабілетінің нашарлауы). Ұйқының жиі қанбауы гипертонияны, диабеттің 2 түрін, ұйқысыздықты, меңіреу жағдайды, артық салмақты қосуды тудырады.

 

Ал тым көп ұйықтау да адам ағзасына кері әсер етеді. Ғалымдардың жаңа зерттеулері бойынша: күніне 7 сағаттан артық ұйықтайтындар, ерте қайтыс болатын адамдар санатына кіреді екен.

 

Зерттеулер көрсеткендей, ұйқы қанбау немесе тым көп ұйықтау суицидтік бейімдердің пайда болуына әкеледі. Өзін-өзі өлімге жығатындардың көпшілігі ұйқыға қатысты проблемаға шалдыққандар екен.

 

Ұйқыға деген жеке ыңғай

Көптеген зерттеушілер өз ағзаларыңыздың талабына құлақ асуды сұрайды. Егер сіздер өздеріңізді 5 сағаттық ұйқы барысында сергек сезінсеңіздер, онда бес сағат қана ұйықтасаңыздар болады, керісінше де солай. Сіздің ағзаңыз осындай ұзақтылықты талап етеді деген сөз.

Мәліметтер алынды!

+2 дауыс
Мен невропатолог маманының қабылдауында болғанымда ол маған адам минимум 8 сағат ұйықтап демалу керек деген. 5-6 сағат аздық етеді.
+2 дауыс
Негізінде адам 21:00-де ұйықтап,азанда 07:00 немесе 08:00-де тұру керек!Яғни ол адамның жасына байланысты!Күнделікті ұйықтайтын уақытты және тұратын уақытты күнделікті әдетіңізге айналдырған жөн. ))))))
0 дауыс
8-сағат жұмыс

8-сағат ұйқы

8-сағат сабақ оқу керек
Жұмыс, сабақ, ұйқы....  Серуендеу, қыдыру, ойнау, интернет, ТВ көру, спорт, хобби деген понятие жоқ па сонда?!
Осындай жауапты кімдер пүлістейді түсінбеймін, жауапты қатырдым деп ойлап қалады-ау енді...
0 дауыс

Адам өмірінің  үштен бірі ұйқыменен өтеді деген рас болса, онда тәуліктің де үштен бірін ұйқыға беру керек болар деймін.

0 дауыс

Сергек адамдар 6 немесе 8 сағат ұйықтайды.Ал ұйқысы қатты адам 9-10 сағат ұйықтайды....

0 дауыс
Ұйқы жалкаулардың ең сүйкті ісі
...