0 дауыс
663 көрілді

Бір апта бойы жұмыс жасаймын. Дүйсенбіден бастап жұмаға дейін жұмыс істеп ұйқым қанбайды. Сенбі және жексенбі демалыс күндері армансыз түске дейін, тіпті түсқайтаға дейін ұйықтап жатамын. Осылай ұйықтау адам ағзасына зиян емес пе? Жалпы жұмыс күндері шаршағандарды қалай демалып шаршағанды басуға болады?

image

2 жауап

0 дауыс
Америкалық медицина академиясының жаңа зерттеулері бойынша, шамадан тыс көп ұйқының әсерінен диабет, жүрек ауруларына шалдығу мен артық салмақ қосу қаупі бар. Сондай-ақ, ғалымдардың пікіріне сүйенсек, күніне 7 сағаттан артық ұйықтайтындар ерте қайтыс болатын адамдар қатарына жатады екен. Сонымен қатар, көп ұйықтау адамның:

1. Жүрек жұмысын нашарлатады.

2. Ағзасын әлсіретеді.

3. Есте сақтау қабілетін төмендетеді.

4. Басын ауыртады.

5. Сергектігін азайтады.

Қатты шаршаған адамның түкке қарамайтыны белгілі. Көңіл жайлап, жүйке жүйесін тыныштандыру әдісі бар.
Қайнап жатқан суға лимон шырыны мен шамалы тұз және эвкалипт жапырағы немесе эвкалипт майының тамшысын қосып, суды жайпақ ыдысқа құясыз. Еңкейіп, судың буына мұрын арқылы терең демаласыз. Кезек кезек демаласыз. Жатар алдында бір шәй қасық балға лимон шырынын қосып ішесіз. Келесіде серігіп тұрасыз.
0 дауыс
Ұйқының пайдасы да, зияны да бар. Көңіл - күйдің жақсы болуының себептерінің бірі ұйқының қанға
...