0 дауыс
427 көрілді
Ер адам үшін жұмыста табысқа жету мен үйленуінің, қызының болуының қандай байланысы бар?

Мысалы, былтыр мен былтыр жұмысты жақсы істеп жүруші едім, биыл жұмысқа құлшынысым төмендеп кетті.

Ылғи, сұрақтарымды да көріп жүрсіздер, "озабоченный" сұрақтар. Сосын туындаған сұрақ қой.

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер жұмысқа құлшыныс төмендесе, адам зауқы соқпай қалған. Бары осы.

Егер зауқы соқпаса, жеке бас дисциплинасы төмен. Дисциплина төмен болудың себебі, мақсаттың болмауы. Мақсаттың болмауы, көрегенділіктің, білімділіктің, біліктілік пен вкустың жоқтығы.

Бұларды оятатын әрине мықты адамдар, достар, таныстар, спортта, бизнесте, соғыста, әдебиетте, білім-ғылым жолындағы т.с.с. түрлі салалардағы адамдардың өмірі немесе олармен болған байланыстар, қатынастар себеп болуы мүмкін.

Өткен жылы сіз белгілі бір жетістікті бағындырған боларсыз, ол кезде мақсат та, қуат та болған шығар, бірақ адам белгілі бір уақыт сайын, яғни әр белесті бағындырып отырған сайын депрессияға ұшырап отырады. Бұл перемен (өзгеріс) белгісі. Сіз енді бір сатыға жоғарыладыңыз. Бұрын бір сағатыңызды бес мың теңгеге сататын біліміңіз бен қуатыңыз болса, енді бір сағатыңызды жиырма мың теңгеге сататын білім мен біліктілік бар, бірақ сізге бес мыңға жұмыс істеу керек, міне осы кезде адам бейсаналы түрде түсініп, жұмыс істегісі келмейді. Сондықтан, бұрынғы түсінік пен подходты адам саналы түрде өзгертіп, нәтиже жолында қайтадан іске кіріседі.
0 дауыс
Отбасылы болып, иманды болсан, мешітке барып, спортпен айналыссан бәріде түзіледі. Ең бастысы намазды ықыласты түрде оқі керек.
...