+2 дауыс
2.0k көрілді
Сұрақтың жабылу себебі: ....................................................................

9 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
En bakytty adam menin oiymsha ALLAHtyn aitkanymen juretin adam.Ondai adam bailykka kyzykpaidy, kedeilikke sabyrlyk tanytady, aieline adal, ake-sheshesi men balalaryna  kamkor, dostayna senimdi, agaiyn-tumamen jaksy aralasyp, dinine berik bolady. Osydan askan bakytty adam jok shygar!
+1 дауыс
Қайталанған сұрақ қой.
Ия, бірақ, маңыздысы сұрақтың қайталануы емес, жауаптың көптеп келуі болып тұр)))
+2 дауыс
Айжан Нұрмағамбетоваға сенсек "Бақыт деген сенің ойнап-күлгенің,

Бақытсыз да бақытты боп жүргенің"
+4 дауыс
Мен үшін бақыт деген,ата-анам сияқты жақсы жанұя құру,өмірге балалар әкеліп,соларды жақсы тәрбиелеу.Арман-мақсаттарыма жету. Жақсы жар,келін,ана болу....көп,айта берсе
+2 дауыс
Бақыт...Мұқағалидың "Бақыт" туралы бір өлеңін жазған екен бір ағамыз. Иә,дәл солай, бұл ғаламда қанша адам баласы болса, бақыт туралы түсінік те сонша емес пе?!Мен үшін бақыт дегенім - ата-анамның, апаларымның, дос-жарандарымның аман- есен болып ,ортамызда жүргені. Туғалы қатты қинайтындай қиындық көрмей, көк байрақты тәуелсіз елімздің шаңырағында білім алып өмір сүріп жатқаным...
+3 дауыс
Бақыт - Бақыт!!

Бақыт ізде, тыным таппай, күні - түн,

Бірақ оны тартып алма өзгеден!!!
+2 дауыс
Бақыт деген жүректің тыныштығы жүректің тыныштығы ол Ислам!
Маған таныс сөз. Қателеспесем жастардан оқыдым. ))
+2 дауыс

мен көшіріп алдым, бірақ осы жауапқа толықтай келісемін!

Бақыт деген не өзі?

«Бақыт деген не өзі?» деп, бастады топ таласты.

Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.

Бірі айтады: «Бақыт деген – барлық, байлық емес пе?

Керегінше киіп ішсең бақыттысың демес пе?»

Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген – қолың жетпес мансап қой.

Жұрттан гөрі жүрсең ирек, сонын өзі жақсы ат қой.»

Бірі айтады: «Бақыт деген – жүйрік мініп, той тойлау.

Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, карта ойнау.»

Бірі айтады: «Бақыт деген – адал жар мен перзент қой.

Ынтымаққа ырыс келген, ол да соған ермек қой.»

Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым.

Бақыт, адам баласына келмес оңай, соны ұқтым.

Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,

Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда.

Үміт үзбей іздейді олар, тыңдап сол бір жақұтты,

Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты.

+1 дауыс
Бақыт деген транс, ләззат алу. Сенің  Жоқ нәрседен Бар қылынғандығыңнын беретін шуағы. Бақыт деген сенің рухыңның разылығы, санаңның шарықтау шегі. Бақыт деген Сен.
Арманай, әспеттеген жоқпын. Түсінікті жаздым, неге... шашылып қалдыңыз ба?

Ұқсас сұрақтар

...