+1 дауыс
8.4k көрілді
Күніне  кешке  жүгіру пайдалы ма? шамамен 3км жүгіру денсаулыққа пайдалы ма?
Сұрақтың жабылу себебі: Жеткілікті жауабы алынды және жақсы жауап таңдалды.

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Адам денесін шынықтыру мен денсаулығын нығайтудың ең тиімді түрінің бірі – жүгіру.
Жүгіру – бұлшық еттердің жұмыс белсенділігін артырудың оңтайлы және «күй талғамайтын» түрі екені белгілі. Онымен кез келген ауа райы жағдайында, жылдың кез келген уақытында топпенен де, дербес жаттыға беруге болады, бұл ретте ерекше жағдай мен қымбат құрал-жабдық талап етпейді.
Ол үлкен маңызды ие болуымен бірге жеңіл атлетиканың негізін құрайды және спорттың көптеген түрлерінде жаттығу құралы есебінде пайдаланылады.
Жүгірудің – денсаулыққа қандай сауықтыру тиімділігі бар? – деген сұрақ туындайды осындайда.
Жүгіру «биомеханикалық дабыл» деп аталатын ерекшеліктерге ие. Аяқ жерге тигенде қарсы соққы пайда болады да, ол қан тамырлары арқылы қанның жоғары қарай ауысуына себепші болады. Жүгіру кезінде бауыр мен ішектердің дірілі өттің жүрісін жақсартады, бауыр мен ішектердің функционалдық қабілеттерін арттырады, кідірістерді жояды. Қан айналысы, лимфалар мен клеткааралық сұйық заттар жасару, жаңару тиімділігін туындата отырып ағзаны зат алмасу қалдықтарынан тазартады.
Жүгіру кезінде қанның жүру көлімі 70мл-нен 120-140мл-ға дейін ұлғаяды. Жүректің әрбір жиырылуы басты күре тамырдың созылуын туғызады. Бірнеше жыл жүйелі шұғылданудан кейін, қан жүретін тамырлардың осындай массажы, олардың саңылауын екі есеге көбейтуге әкеледі. Жүректің әсерімен жүрек еттерінде және аяқ еттерінде ұсақ қан тамырларының саны көбейеді. Жамбас пен кеуде клеткасының қозғалысы бауырдың, асқазан астындағы бездің, ағзаның жұмысын жақсартады, ас қорыту жолдарының жұмысын белсенді етеді.
Жас өскен сайын адам сүйегі минерелдығын азайтып, оның барысында олар кальциді жоғалтады да, омырылғыш болады. Түрліше зерттеулерде сүйектің жағдайы белгілі бір дәрежеге дейін жұмыс жасау белсенділігіне байланысты екендігі көрсетілген: көп жаттығу әсерімен еттер сияқты сүйек те жуандайды және көп салмақ көтеретіндей болады. Сондықтанда сүйекке көп ауырлық түсетін болса, соғұрлым жақсы болмақ. Жүзгіштерге қарағанда жүгіргіштердің сүйегі жуан екендігі байқалған.
Жүгіру несеп пен өтте тас жиналу ауыруларының алдын алудың жақсы құралы екен деген де болжам бар, өйткені ол тиісті дене мүшелері мен жүйелерінің ырғақты серпілісті әрекеттерімен қосарлана жүреді.
Жүгірудің нерв жүйесіне жағымды әсер ететіндігі ешқандай дау туғызбайтындығы өз алдына, сонымен қатар шынығудың тамаша құралы болып табылады. Кез келген ауа райы жағдайында жүгіруге болады және уақыт өте келе оның салқынынан болатын сырқаттар-
ға қарсылығы дамиды. Жүгіргіштердің ағзасы жылуды көп бөлетіндіктен аз ауырады. Дене температурасының жоғарылауы ағзаға бактериялардың енуін қиындатады немесе олардың дамуына кедергі келтіреді. Жүгірумен жүйелі түрде шұғылданатын және одан жақсы ләззат алатын адам темекі тарту, ішімдік ішу секілді зиянды әдеттермен белсенді түрде күресе бастайды. Жүгіру зиянды әдеттерді өзінен-өзі жоя алмайды, бірақ денсаулықты нығайту барысында осы зиянды әдеттерге шектеу бола алады.
Өкінішке орай, денсаулықты сақтау мен сырқаттанудың алдын алу шараларымен айналысуға қолымыз тимей жүр. Жұмыс, жалқаулық, уақыт тапшылығы, осы іспен шұғылдануды ертең бастасам да кеш болмас деген қиялдау жүйелі сауықтыру жаттығуларының бас-
талуын белгісіз бір уақытқа дейін шегереді. Ал уақыт өтіп жатыр. Көпшілік адамдардың түсінігінде жүгіру – бұл ауыр және жан қинайтын жұмыс. Бұл қате түсінік. Оған дәлел: «Жүгіру-бұл кейбіреулер айтқандай ауыр жұмыс емес, ол орасан зор қуаныш, шексіз рахаттану» - деп айтқан балалар дәрігері Бенджамин Споктың сөзі.

http://www.bsh.kz/news/1304681903.html
+1 дауыс
Иә,әрине.Әсiресе таңертең таза ауада жүгiрген денсаулыққа маңызы зор.Жүрекке пайдалы! Әркімнің денсаулығы өз қолында ғой.
+2 дауыс
Иа пайдалы болғанда қандай қан тамырларының жұмысы мен қан айналымы жақсарып түрлі сүйек ауруларын болдырмауға септігін тигізеді.
+3 дауыс
Иә пайдалы. Таза ауа және артық салмақты түсіреді. Негізі таң атқанда жүгірген пайдалы. Ауасы кешкіден дк тап-таза!!!
+2 дауыс
Жүгіру пайдалы. Толық адамдарға жүгіру пайдалы деп естігенмің, бірақ жүгіруді тастап кетсе одан сайын толып кетеді деген әңгімелерді де естігенмін.
+2 дауыс
3 км жүгіре алсаң арине болады.кешкілік мезгілде жүгіргенді қолдаймын бірақ күн жылы мезгілдерде..кешке күн суытады көбіне салқында жүгіру денсаулыққа пайдалы деп айта алмаймын.

Ұқсас сұрақтар

...