0 дауыс
118k көрілді
Ұлттар достығы татулықтың тал бесігі тақырыбында шығарма?

5 жауап

0 дауыс

Қазақстан. Құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке. 130-дан астам ұлт өкiлiнiң бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығы бұл сөзiмiзге айғақ. Мен қазақ халқының мұндай мейiрбандығын, қонақжайлылығын кең пейiлдiлiгiн үнемi мақтан етiп келемiн. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздың дана саясатының нәтижесi болса керек. Алматының өзiнде ғана 30-дан астам түрлi ұлттардың мәдени орталықтары бар. Олар Қазақстан халқы ассамблеясының үлкен шаңырағы астына топтасқан.

Ұлтаралық қатынастың жақсы жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы, әсiресе, бiздiң Қазақстан сияқты көп ұлттың өкiлi тұратын, демократиялық жолмен дамып келе жатқан республика үшiн өте қажет. Бұл бағытта елiмiз егемендiк алғалы қыруар шаруалар жүзеге асты және асырыла бермекшi. Солардың ең негiзгiсi Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы. Ассамбляның негiзгi бағыты – елiмiздiң тарихына терең үңiлiп, ұлттық дәстүр мен мәдениеттi, ана тiлiмiздi сақтау және дамыту және ұлтаралық ынтымақтастық пен сабақтастықты мейлiнше өркендету. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегi ұшан-теңiз екенiн айтуымыз керек. Елбасы «Қазақстан 2050 Стратегиясын» жасап әр ұлт өкiлдерiнiң мiндеттерiн айқындап бердi. Ал Ассамблея ұлттар достығының алтын көпiрiне айналып отыр. Бүкіл дүниежүзінде халықтар мен этностардың мүддесін ойлайтын аса мәртебелі Біріккен Ұлттар Ұйымы ҚХА-ның республикамызда қоғамдық өмірдегі атқаратын рөлін кішігірім біріккен ұлттар ұйымы деп атауы тегін емес. Себебі ҚХА дүниежүзілік деңгейде, Біріккен Ұлттар Ұйымында, ЕҚЫҰ-да өзінің жоғары бағасын алды. Қазақстан Халқы Ассамблеясы өз болмысы арқылы барлық ұлттар мен ұлыстардың басқа кез келген халықпен терезесінің тең, керегесінің кең екендігін көрсетіп отыр. Міне Елбасымыздың ұлтаралық мәселені шешудегі ұлылығы, көрегенділігі мен даналығы осында деп білемін.

Байтақ Қазақстанның әрбiр облысында түрлі ұлттардың мәдени орталықтары ашылған. Олардың мiндеттерi өз ұлтының тiлiн, мәдениет, тарихын, әдебиетiн, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрiн жаңғырту, кейiнгi жастарға үйрету сол арқылы қалпына келтiру. Мұндай еркiндiк Қазақстаннан басқа қай елде жасалды? Бұл нағыз шынайы демократияның, Елбасымыздың өз мемлекетiнде тұратын ұлттар мен ұлыстардың өкiлдерiн құрметтегенiнiң нәтижесi.

Соңғы жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесi бұрынғыдан да жоғарылады. Қазақстанның ең жоғарғы Заң шығарушы органы Парламентке депутаттар сайлау құқығына ие болды. Ассамблеяның ұсынуымен және оның мүшелерiнiң дауыс беруiмен тоғыз депутат Ассамблеядан сайланады. Бұл елiмiздiң Негiзгi Заңы — Конституция берген мүмкiндiк.

Бiздiң қоғам Қазақстандағы Ахыска түрiктерiнiң диоспорасы болып табылады. Еркiндiк бiздiң диоспораға да берiлiп отыр. Әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрiмiздi және тарихымызды дамытуға, зерттеуге толық мүмкiндiк жасалған. Жексенбiлiк мектептер ашып, ана тiлiмiздi оқытып жүрмiз. Ең бастысы осы мектептердегi оқу мемлекет тарапынан қаржыландырылған. Осы орайда айта кетейiн, бiздер, Қазақстанда мекендеген өзге ұлт өкiлдерi қазақтың тiлiн мiндеттi түрде бiлуiмiз керек. Ол мiндет қана емес, тарихи парыз да. Мен бұл туралы үнемi айтып та, жазып та жүрмiн. Халықаралық «Қазақ тiлi» қоғамының мүшесiмiн. Қиын-қыстау шақтарда басымызға пана болған, халқымызға сая болған қазақ халқының тiлiн бiлу оған деген шексiз құрметiмiздiң бiр белгiсi болса керек. Отбасымда қазақтың ұлттық тағамдарын пайдаланамын. Жан-жарым молдаван қызы Валентина қазақ тағамдарына әбден машықтанған. Үйге қонақ келсе де, жеке өзiмiз болсақ та қазы-қартасын ортаға қойып, қазақтың дастарханын жайып тастайды. Қазақ халқына деген бұл да бiр құрмет емес пе? Менiң есiмiмдi Қазақбай деп қойғанда ата-атамның көңiлiнде де осы халыққа деген бiр мейірiмдiлiк тұрған болуы керек.

Бастысы, біздің таңдап алған жолымыз дұрыс, оның айқын көрінісін өткен жылдар тәжірибесі айқындап берді. Нұрсұлтан Әбішұлының президенттік басқару жолы елімізді экономикалық және саяси күрделі жағдайда дағдарыстан абыроймен шығарды. Содан, нарықтық экономика құрылымының тетігі қалыптасты. Экономикамыздың қарқындап дамуы мен мәдениетіміздің гүлденуі ТМД елдері мен басқаларына үлгілі өнеге болды. Ал Елбасымыздың мемлекетімізде экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалардың дұрыс жүргізілуіне байланысты қалыптасқан ұлтаралық татулықтың тұрақтылығы әлем сахнасында Қазақстанның беделін арттырды.

Бүгінде Елбасымыздың сара жолды, салмақты да салиқалы кемел саясатының негізінде аз ғана уақыт ішінде ерекше ел болып қалыптасқан Қазақстан әлемдік қауымдастықтың алдыңғы көшінде келе жатқанын біз мақтан етеміз. Бүгінде ынтымақтың ошағы жағылып, тұрақтылықтың туы тігілген елімізде күллі қазақстандықтарды бір мақсатқа жұмылдырып, болашақта мемлекекетімізді заман дауылы шайқалта алмайтын, саяси жағынан сауатты, әлеуметтік жағынан тұрақты, экономикалық жағынан қуатты, өрке­ниетті, дәулетті 30 мемлекет санатына қосуға байланысты  өте жауапты, күрделі міндет алдымызда тұр. Осы міндетті іске асыру үшін Қазақстанның даму моделін халықаралық стандартқа жеткізуіміз керек. Сөзімнің соңында достық пен ынтымақты ту етіп, бірлік пен татулықты жыр еткен барша Қазақстан халықтарының мызғымас достығы мен бірлігі мәңгі жасай берсін дегім келеді.

Қазақбай ҚАСЫМОВ,

Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ахыска» түрік мәдени орталығының төрағасы.

0 дауыс
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл­ тегіннен-тегін айтыла­ салмаса керек. Ауызбірлік пен­ түсіністік, қарапайым сый­лас­тық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Қазақстанда қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының ар­қа­сында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Көпұлтты халқымыздың ын­ты­мақтастығы, бейбітшілігі мемлекетіміздің басты же­тіс­тігі, байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек. Ал жаңа қа­зақ­стан­дық патриотизм барлық қоғамды, барлық этносты бі­рік­тіруі тиіс. Бұл дегеніміз, ме­ніңше, әрбір Қазақстан аза­матының өзінен бастап, көп­ұлтты қоғамымызға барынша адал қызмет етіп, өз үлестерін қо­суы адами борышы деп білемін.

Ел ішіндегі ұлтаралық тату­лықты нығайтуда маңызды конс­титуциялық орган болып саналатын, әлем кеңістігінде теңдесі жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының Елбасы бас­тамасымен құрылуы – кө­ре­гендік пен болашақты бол­жаудың нәтижесі. Бұл Ассам­блеяның орны айрықша. Ол – бейбітшілік пен келісімді тиім­ді насихаттаушы қоғамдық институтқа, этносаралық және­ конфессияаралық толе­рант­тылықтың қазақстандық үлгісінің негізіне айналды.
Қазақстан өткен ғасырдың 40-жылдарындағы солақай саясатқа байланысты қоныс аударған әртүрлі ұлт өкілдеріне пана болды, одан соң тың игеру басталды. Қазақстанға КСРО-ның барлық республикаларынан 600 мыңнан астам адам келді. Олардың 350 мыңы жас­тар еді. Солардың көпшілігі тұ­рақтап қалып, осында өз Ота­нын тапты. Бір өлкеде тамаша өмір сүріп, тату болуға, жақ­сы жұмыс істеуге, отба­сын құру сияқты адамзат құн­дылықтарын меңгеруге біздің халқымыздың даналығы же­те­ді. Бұл орайда, Қазақстан хал­қы Ассамблеясы, оның ішін­де облыстық этномәдени бір­лестіктер ықпалды қоғамдық күшке айналған.
Қазақстанда барлық этнос­тың мәдени мұрасын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, ті­лін толыққанды жаңғырту мен дамытудың тұрақты ме­ха­низмі жүзеге асырылып келе­ді. Өңірімізді 108 этностың өкіл­дері мекендейді. Облыс аумағында 20 этномәдени бір­лестік және қалалар мен аудандарда олардың 51 филиалы жұмыс жасайды. Осы этно­мәдени бірлестіктердің жұ­мысына қолдау көрсету мақ­са­тында облыстық бюджеттен қаржы бөлінеді. Сонымен қатар, жыл сайын барлық этно­мәдени бірлестіктерге облыс әкімінің гранты беріледі, облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығы да белгіленген. Мәдени бірлес­тік­тер өзара тығыз қарым-қатынас орната отырып, әр жылы облыс жұртшылығының қатысуымен ұлттық мәдениет күндерін өткізіп келеді.
Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің достық қарым-қатынастарды өрістетіп, хал­қы­мыздың тарихын, салт-дәс­түрлерін насихаттайтын іс-шараларды көптеп ұйым­дастырулары қажеттігін Елбасы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІІ сессиясында атап айтқан болатын. Осы негізде «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» шеруі еліміздің солтүстігі мен батысындағы бірқатар өңір­лерде жалғасын тапты.
Ұлт бірлігі ұйысқан Оңтүстік Қазақстан халқы мемлекетімізде жүріп жатқан барлық бастамаларды, тапсырмаларды атқаруда республикада бірегей болып көш бастап келеді десем, артық айтқаным емес. Оған негіз болатындай облысымызда көп ұлттан құралған, ынтымағы жарасқан адам ресурсы, күші жетерлік. Оны ұйымдастыратын жергілікті жердің басшылары, зиялы қауым ауылдан бастап аудан, облысқа дейін барлығы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» қызмет етуде.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың бұл өңірге жиі келіп, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып, қазынадан қосымша қаржы бөліп, ерекше қамқорлыққа алып жүргені де сондықтан деп ойлаймын.
Негізі, Тәуелсіз Қазақстан­ның ең қастерлі құндылығы – өзінің бостандығы мен хал­қымыздың санғасырлық қа­һар­мандық тарихының ажыра­мас асыл бөлігі. Өйткені, ақ пат­ша отаршылдығы кезінде тәуелсіздікті аңсаған, жүздеген көтерілістер мен ереуілдер жа­сап қынадай қырылған ха­лық батырлары мен қолдан ашаршылық жасап, «халық жауларын» жоюды ұйымдастырған қызылдар қырғынына ұшыраған ұлтымыздың зиялылары, алаш азаматтары, Ұлы Отан соғысы кезінде ерліктің ересен үлгісін көрсеткен аталарымыз бен апаларымыз, ХХ ғасырдың соңында ұлт мүддесі үшін бас көтерген 86-ның қасіретті кезеңін бастан кешкен өрімдей жас патриоттар азаттық жолында құрбан болды. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болады. Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа кө­шіп жүріп те берекесі мен қаза­нын ортайтпаған қасиетті, қа­на­ғатшыл тал бесік пен жер бесік арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолдарында ешкімді өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен еліміз тамырын жаза, бұтағын жайқалтып, құшағын кеңейтіп келеді.
Осыншама қиындықпен келген тәуелсіздік рухымызды асқақтатып болашаққа деген сенімімізді күшейтті. Баба­лар жүріп өткен жолдың тарихи тағылымы бізге береке бас­тауы­ – бірлікте, ырыстың алды – ынтымақта екенін айқын көр­сетті. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» данышпан Абай атамыз айтқандай, тағдыр жазмышымен біздің жерімізде то­ғысқан алуан ұлт пен ұлыс­тың, өзіміздің де береке-бір­лік, достығымызды өсіп-өркен­деуіміздің алтын қазығы ретінде ұстанып, болашаққа қарай адымдай беруге тиіспіз.
Бұл орайда, ынтымақ-бір­лікке шақырар ақсақалдықтың абырой-беделін арттыру – уақыт талабы. Өйткені, еліміз ежелден ел ағаларына, ардақты абыздарына, қағидасы қазыналы қарияларына қарап, ойын да, бойын да түзеген. Талантты тұлғаларына тәу етіп, тұтқалы тәжірибелерінен үлгі алған, еңселерін тіктеп, еңбекке де, ер­лікке де ақылмандардың ақ батасы арқылы бел байлаған. Бүгінгі егемен еліміздің мамыражай жағдайында аға ұр­пақтың қадірі арта түспесе ке­міген жоқ. Әрбір игілікті іс, толағай тірлік, бәтуалы бір­лік алаш асылдарының, ақ ниетті ақсақалдарының қолдап-қуат­тауымен, ақ жол тілеп алқа­лауымен жүзеге асып жатады.
Халқымыздың осындай­ қасиеттерін пір тұтқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі рес­публикада алғаш рет «Ырыс алды – ынтымақ» тақы­ры­бымен ел ақсақалдары мен азаматтарының басын қосып келелі кеңес өткізуді қолға алған болатын. Рухани астанамыз қасиетті Түркістанда бастау алып, «Дала парламенті» атанған мәртебелі «Мәртөбе» мен қасиетті Қазығұрт пен Ордабасыда, төрелігі толық Тө­леби мен Оңтүстіктегі жер жән­наты Түлкібас аудандарында осы кеңестер жарасымды жалғасын тапты. Ол 2011 жылдың мамырынан бері ресми түрде облыс әкімі төрағалық ететін облыс әкімі жанындағы «Ырыс алды – ынтымақ» қоғам­дық форумы мәртебесіне ие болды. Осы тұста айта кеткім келеді, облыстың аудан, қала әкімдіктерінің жанынан да «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумдары отау тікті.
Көгілдір көктемді жетелеген Наурыз Оңтүстіктен бас­талады. Ал «Ырыс алды – ын­ты­мақ» жыл сайын жердің шы­райын ашар, көңіліңді шат­тыққа бөлер көктемде өтеді. Бүгінде бұл қоғамдық форум мызғымас бiрлiгiмiздi, берiк ауызбiршiлiгiмiздi, кiшiпейiл iзгiлiгiмiздi нығайта түсіп, игi iстердiң жалғасуына жол ашуда. Ежелден сөзге тоқтаған, ел арасында сыйлы, беделді ақсақалдың соңғы сөзін шешім етіп қабылдайтын халықтың ұрпағымыз ғой. Осы тұрғыда ауыл-аймақтардағы орын алған олқылықтарды жойып, шешімін күтіп жүрген күрмеуі қиын, күрделі мәселелерді жеделдету­ төңірегінде ақсақалдар кеңесі­нің ықпалы жоғары. Өз өмірінде сан-салалы білімдерін еңбектегі мол тәжірибесімен ұштастырып, бойдағы бар қазынасын ха­лық­қа жұмсаған данагөй ақ­са­қалдардан сайланған кеңес, негізінен, ауыл жастарын патриот­тық рухта тәрбиелеуге ұм­тылады. Ауыл-аймағын кө­галдандыру мен қоғамдық орындарда тазалық сақтау, саламатты өмір салтын насихаттау, темекі мен алкогольді ішімдіктердің адам ағзасына тигізетін зия­ны жөнінде үгіт-насихат жұ­мыс­тарын жүргізу, ауыл тұр­ғын­дарын имандылыққа, бауыр­мал­дыққа, ізгі қасиеттерге баулу, тұрмысы төмен отбасыларына көмек беруге ықпал ету сияқты мәселелермен айналысады.
Кеңес төрағасы тек ауылының әлеуметтік жағдайы ғана емес, тұрғындарының отбасылық қиындықтары мәселесін де қарап, шешу жолдары жайлы ұсыныс-пікірлерін жергілікті атқарушы органдардың қарауы­на ұсынады, мәселенің соңына дейін жетуін, оны бақылауды өз мойнына алады. Сөйтіп, мем­лекеттік органдарға күн сайын дерлік әртүрлі өтініш, арыз-шағымдармен толассыз келіп жататын азаматтардың, оларға жіберілетін жауаптардың санын, яғни қағазбастылықты біршама азайтуға әсер етеді.
Сондай-ақ, ел билеуге тө­селген турашыл да әділ ақса­қал­дардан сайланған «билер­ алқасының» да қоғамда алар орны ерекше. Ел ішінде кез­десетін «тентегін» сын те­зіне салатын, сахарада ерте­ден қалыптасқан билер ал­қа­сы бүгінде осынысымен құ­қық қорғау органдарының жұ­мысына көп септігін ти­гізуде. «Әр отбасының өз бас ауруы бар», ата-ана, туған-туыс, бауырға көнбейтін жас­өс­пірімдердің мәселесін көп бо­лып қолға алып, құқық бұзу­шылыққа баруының алдын алады, көршілер арасындағы дау-дамайды бейбіт жолмен шешуге көңіл бөледі. Сөйтіп, ел арасында алауыздықты болдырмай, достық пен ынтымақтастықты, елдің береке-бірлігін сақтауға өз үлестерін қосып жүрген билер алқасының қызметі әрдайым қажетті. Олар жергілікті ат­қарушы, құқық қорғау орган­дарымен және халықпен ты­ғыз байланыста жүріп ел ара­сындағы маңызды істердің ұйыт­қысы да болып отыр.
Осындай мақсатта жер­-жерлерде құрылған ақсақал­дар, билер институттары, әйелдер кеңесі, жастар ұйым­да­ры қоғамға өз үлестерін қо­суда. Мәселен, осы аталған қо­ғамдық ұйымдарда қаралған мәселелер бүгінде «Ырыс ал­ды – ынтымақ» қоғамдық форумы­ның күн тәртібінен орын алып, ауыл арасында күрмеуге кел­мей­тін тірліктер талқыға түседі, нәтижесінде, ел ағалары шешімін табуға ықпал етуде.
Соңғы кезде қоғамымызда жасөспірімдер мен мектеп­ оқушыларының және жас­тар­дың арасындағы қылмыс өсе түсуде. Бұл мәселеде ата-ана, мектеп, қоғамдық ұйымдар бір­лесе, бел шеше күнделікті тәр­бие жұмысымен айналысып, қоғамға сай лайықты ұрпақ өсіруіміз керек. Олардың сауатты маман әрі тиянақты қызметкер болуына ықпал ету азаматтық борышымыз. Себебі, білікті маман елдің ертеңін жасайды. Ал еңбекке қыры жоқ, еріншек жастар қылмыскерлер тобын арттырары сөзсіз.
Жалпы, жастар мәселесі өте өзекті әрі күрделі. Осы тұрғыда, былтыр Елбасының тапсырмасымен және облыс әкімінің тікелей қолдауымен респуб­ликада алғаш рет Оңтүстік Қа­зақстан облысында жастар сая­саты мәселелері жөнінде бас­қарма құрылған болатын. Хал­қымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар. Осы ұстаным бойынша, әрбір аудан, қалада өкілдіктері, жастар орталықтары жұмысқа кірісті. Сондай-ақ, бір терезе­ қағидаты бойынша жас кәсіп­кер­лерге қызмет көрсету орта­лықтары да алғаш рет біздің өңірде ашылды. Сөйтіп, жас кәсіпкерлерге қалай жұмыс істеу жөнінде көмек көрсетіле бастады. Тағы бір ерекшелігіміз, жас­тар үшін барлық аудандардың орталықтарынан кәсіпкерлік мектептер ашылды. Жастарға қатысты жұмыстардың атқа­рылу барысы жайлы облыстық мәслихаттың іс-жоспарына сәйкес, сессияның күн тәрті­бін­дегі басты мәселе ретінде қа­ралып, тиісті шешім шығарыл­ды. Міне, осылайша «Ырыс алды – ынтымақта» көтерілген жастар мәселесін шешуге ел ағалары, халық қалаулылары болып бірлесіп жұмыс жасаудамыз.
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатында «Ел бірлігі» депутаттық тобы құрыл­ды. Топ құрамындағы халық қалаулыларының мақсаты, атауы айтып тұрғандай, мәдени бірлестіктермен бірлесіп, облыс халқының ынтымақ-бірлігіне қажетті жағдайларды жасау.
Облыс әкімі А.Мырзахметов­тің республика бойынша облыс әкімдерінің рейтингінде екінші орынға ие болуына оңтүстіктегі осы оң істер айғақ болса керек.
Әрине, халықтар арасындағы достық, ауызбіршілік, татулық бар жерде алынбайтын асу жоқ. Күні ертең Астана қаласында еліміздің экономикалық жетіс­тіктері, әлеуметтік игіліктері, саяси тұрақтылық пен мәдени өркендеу мәселелері сөз бола­тын, «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» күн тәртібімен өткелі отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясының жұмысы жемісті болатынына сенімдімін.
Әбілқасым ДОСБОЛОВ,
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Оңтүстік Қазақстан облысы.
0 дауыс
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауында биылғы жылы мемлекеттік деңгейде тойланатын басты тойларды атап өткен болатын. Соның бірі – Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы.  1995 жылдың  1 наурызында Елбасының Жарлығымен құрылған Ассамблея содан бері елдегі ұлттар достығының ұйытқысы болып келеді.

 

Өткен ғасырдың соңында әлемнің алтыдан бірін құраған алып империя Кеңес үкіметі құлаған тұста  көптеген ұлттар мен ұлыстар сағалайтын пана іздеп босып кеткен болатын. Ол жылдар барша әлем үшін оңай кезең емес еді. Сол өтпелі кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мемлекеттің алдымен экономикасын көтеруді басты мақсат еткені де белгілі. Бірақ, бұл мақсатқа бірліксіз, ынтымақсыз қол жету мүмкін еместігін әу баста айқындап алды. Экономикалық дамумен қатар, еліміздегі татулықтың тамырын тереңдету қажеттігін жете ұғынған Елбасы қиын-қыстау кезеңге қарамай аталған Ассамблеяны құруы бүгінде өз нәтижесін беріп, еліміз әлем алдында барша ұлтты бауырына басқан бауырмал ел ретінде танылып отыр. Тіл, діні басқа, дәстүрі бөлек жүздеген ұлттың бір шаңырақ астында тату-тәтті күн кешуі шынымен де салиқалы саясатпен жасалған жұмыстың жемісі. Ассамблеяның ресми жылнамасы жиырма жылды құрағанымен, оның негізгі бастау көзі сонау тарихта жатыр. Оған тарихтың небір тар жол, тайғақ кешулерінде бабаларымыздың панасызға пана, жетімге жебеуші болып сан ұлттарды бауырына басқаны дәлел бола алады. Оның бер жағындағы ашаршылық, қуғын-сүргін, тың игеру кезеңдерінде де баба дәстүрінен жаңылмаған халқымыз өзге ұлт өкілдерімен қолындағысын бөліп жегені мәлім.

Қазағымның орысты қоңсы санап, өзбекті өз ағам, қырғызды бауырым деп жатқа да, жақынға да кең пейілділік танытуы Ассамблеяның құрылуына негіз болса керек. Халқымыздың осындай кеңдігіне сүйінген Ассамблея өкілдері де өз кезектерінде ел дамуы мен өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп, өнер мен спортта да биік белестерден көрініп келеді. Алды Олимпиада шыңын бағындырып, қазақтың әнұранын тебірене орындаса, одан бөлек елдік мәселеде үн қатып, қазақтың жоғын жоқтап жүрген  ұлт өкілдері қаншама? Міне, осындай ел үшін ерен еңбек етіп жүрген Ассамблея өкілдеріне еліміздің Конституциясында басымдық беріліп, олардың құқықтары мен міндеттері айқын көрсетілген. Соның бір жарқын дәлелі – Қазақстан Халқы Ассамблеясы парламент мәжілісіне 9 депутатын өкіл ретінде сайлай алады. Бұл да болса еліміздегі  зайырлылық пен толеранттылықтың айқын көрінісі. Сондай-ақ, елімізде Ассамблеяның абыройын асыратын мыңға жуық этно-мәдени бірлестіктер, достық үйлері жұмыс жасайды. Соның ең үлкені Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайы. Мұнда жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары, әлемдік және дәстүрлі діндер съезі өзге де маңызды кездесулер мен іс-шаралар өтіп тұрады. Осындай бейбітшілк пен тұрақтылықтың тал бесігі бола білген елімізді бүгінде әлемдегі дамыған мелекеттер берекелі ел ретінде танып, ЕҚЫҰ сияқты беделді ұйымға төрағалық еткізіп, әлемдегі саяси-шиеленісті оқиғаларды шешу жолында бірлесіп жұмыстар жасап отырғаны мәлім.

Ел беделі мен алаш абыройын асырып, тұрақтылықтың кепілі болып отырған Ассамблея өкілдері бүгінде еліміздің әр аймағында қазақ халқымен бірлесе күн кешуде. Қыз алысып, қыз берісіп өзара құдандалы болып отырған өзге ұлт өкілдері де жетерлік. Қазақпен біте қайнасып бір ауылда тату-тәтті тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері біздің ауданымызда да көптеп кездеседі. Солардың ішінде аудан абыройын асырып, өнер мен спортта жетістікке жетіп жүрген Стоммалар мен Ревковтар әулеті аудан мақтанышы. Өз дәстүрін берік сақтап, қазақылықты да қанына сіңіріп келе жатқан осындай әулеттер аудандағы береке мен бірліктің символындай десекте болады. Ендеше, ұлт пен ұлысты бір тудың астына жинап, тату тірлікте болашаққа бағыт алған еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, әлемге үлгі боларлық мемлекетке айнала бергей.
0 дауыс
маған Халықтар достығы дегенге әңгіме керек еді тез тауып бересіздеме Әңгіме
0 дауыс
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл тегіннен-тегін айтыла салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Қазақстанда қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Көпұлтты халқымыздың ынтымақтастығы, бейбітшілігі мемлекетіміздің басты жетістігі, байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек. Ал жаңа қазақстандық патриотизм барлық қоғамды, барлық этносты біріктіруі тиіс. Бұл дегеніміз, меніңше, әрбір Қазақстан азаматының өзінен бастап, көпұлтты қоғамымызға барынша адал қызмет етіп, өз үлестерін қосуы адами борышы деп білемін.

Ел ішіндегі ұлтаралық татулықты нығайтуда маңызды конституциялық орган болып саналатын, әлем кеңістігінде теңдесі жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының Елбасы бастамасымен құрылуы – көрегендік пен болашақты болжаудың нәтижесі. Бұл Ассамблеяның орны айрықша. Ол – бейбітшілік пен келісімді тиімді насихаттаушы қоғамдық институтқа, этносаралық және конфессияаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісінің негізіне айналды.
Қазақстан өткен ғасырдың 40-жылдарындағы солақай саясатқа байланысты қоныс аударған әртүрлі ұлт өкілдеріне пана болды, одан соң тың игеру басталды. Қазақстанға КСРО-ның барлық республикаларынан 600 мыңнан астам адам келді. Олардың 350 мыңы жастар еді. Солардың көпшілігі тұрақтап қалып, осында өз Отанын тапты. Бір өлкеде тамаша өмір сүріп, тату болуға, жақсы жұмыс істеуге, отбасын құру сияқты адамзат құндылықтарын меңгеруге біздің халқымыздың даналығы жетеді. Бұл орайда, Қазақстан халқы Ассамблеясы, оның ішінде облыстық этномәдени бірлестіктер ықпалды қоғамдық күшке айналған.
Қазақстанда барлық этностың мәдени мұрасын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тілін толыққанды жаңғырту мен дамытудың тұрақты механизмі жүзеге асырылып келеді. Өңірімізді 108 этностың өкілдері мекендейді. Облыс аумағында 20 этномәдени бірлестік және қалалар мен аудандарда олардың 51 филиалы жұмыс жасайды. Осы этномәдени бірлестіктердің жұмысына қолдау көрсету мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлінеді. Сонымен қатар, жыл сайын барлық этномәдени бірлестіктерге облыс әкімінің гранты беріледі, облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығы да белгіленген. Мәдени бірлестіктер өзара тығыз қарым-қатынас орната отырып, әр жылы облыс жұртшылығының қатысуымен ұлттық мәдениет күндерін өткізіп келеді.
Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің достық қарым-қатынастарды өрістетіп, халқымыздың тарихын, салт-дәстүрлерін насихаттайтын іс-шараларды көптеп ұйымдастырулары қажеттігін Елбасы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІІ сессиясында атап айтқан болатын. Осы негізде «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» шеруі еліміздің солтүстігі мен батысындағы бірқатар өңірлерде жалғасын тапты.
Ұлт бірлігі ұйысқан Оңтүстік Қазақстан халқы мемлекетімізде жүріп жатқан барлық бастамаларды, тапсырмаларды атқаруда республикада бірегей болып көш бастап келеді десем, артық айтқаным емес. Оған негіз болатындай облысымызда көп ұлттан құралған, ынтымағы жарасқан адам ресурсы, күші жетерлік. Оны ұйымдастыратын жергілікті жердің басшылары, зиялы қауым ауылдан бастап аудан, облысқа дейін барлығы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» қызмет етуде.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың бұл өңірге жиі келіп, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып, қазынадан қосымша қаржы бөліп, ерекше қамқорлыққа алып жүргені де сондықтан деп ойлаймын.
Негізі, Тәуелсіз Қазақстанның ең қастерлі құндылығы – өзінің бостандығы мен халқымыздың санғасырлық қаһармандық тарихының ажырамас асыл бөлігі. Өйткені, ақ патша отаршылдығы кезінде тәуелсіздікті аңсаған, жүздеген көтерілістер мен ереуілдер жасап қынадай қырылған халық батырлары мен қолдан ашаршылық жасап, «халық жауларын» жоюды ұйымдастырған қызылдар қырғынына ұшыраған ұлтымыздың зиялылары, алаш азаматтары, Ұлы Отан соғысы кезінде ерліктің ересен үлгісін көрсеткен аталарымыз бен апаларымыз, ХХ ғасырдың соңында ұлт мүддесі үшін бас көтерген 86-ның қасіретті кезеңін бастан кешкен өрімдей жас патриоттар азаттық жолында құрбан болды. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болады. Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті, қанағатшыл тал бесік пен жер бесік арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолдарында ешкімді өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен еліміз тамырын жаза, бұтағын жайқалтып, құшағын кеңейтіп келеді.
Осыншама қиындықпен келген тәуелсіздік рухымызды асқақтатып болашаққа деген сенімімізді күшейтті. Бабалар жүріп өткен жолдың тарихи тағылымы бізге береке бастауы – бірлікте, ырыстың алды – ынтымақта екенін айқын көрсетті. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» данышпан Абай атамыз айтқандай, тағдыр жазмышымен біздің жерімізде тоғысқан алуан ұлт пен ұлыстың, өзіміздің де береке-бірлік, достығымызды өсіп-өркендеуіміздің алтын қазығы ретінде ұстанып, болашаққа қарай адымдай беруге тиіспіз.
Бұл орайда, ынтымақ-бірлікке шақырар ақсақалдықтың абырой-беделін арттыру – уақыт талабы. Өйткені, еліміз ежелден ел ағаларына, ардақты абыздарына, қағидасы қазыналы қарияларына қарап, ойын да, бойын да түзеген. Талантты тұлғаларына тәу етіп, тұтқалы тәжірибелерінен үлгі алған, еңселерін тіктеп, еңбекке де, ерлікке де ақылмандардың ақ батасы арқылы бел байлаған. Бүгінгі егемен еліміздің мамыражай жағдайында аға ұрпақтың қадірі арта түспесе кеміген жоқ. Әрбір игілікті іс, толағай тірлік, бәтуалы бірлік алаш асылдарының, ақ ниетті ақсақалдарының қолдап-қуаттауымен, ақ жол тілеп алқалауымен жүзеге асып жатады.
Халқымыздың осындай қасиеттерін пір тұтқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі республикада алғаш рет «Ырыс алды – ынтымақ» тақырыбымен ел ақсақалдары мен азаматтарының басын қосып келелі кеңес өткізуді қолға алған болатын. Рухани астанамыз қасиетті Түркістанда бастау алып, «Дала парламенті» атанған мәртебелі «Мәртөбе» мен қасиетті Қазығұрт пен Ордабасыда, төрелігі толық Төлеби мен Оңтүстіктегі жер жәннаты Түлкібас аудандарында осы кеңестер жарасымды жалғасын тапты. Ол 2011 жылдың мамырынан бері ресми түрде облыс әкімі төрағалық ететін облыс әкімі жанындағы «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумы мәртебесіне ие болды. Осы тұста айта кеткім келеді, облыстың аудан, қала әкімдіктерінің жанынан да «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумдары отау тікті.
Көгілдір көктемді жетелеген Наурыз Оңтүстіктен басталады. Ал «Ырыс алды – ынтымақ» жыл сайын жердің шырайын ашар, көңіліңді шаттыққа бөлер көктемде өтеді. Бүгінде бұл қоғамдық форум мызғымас бiрлiгiмiздi, берiк ауызбiршiлiгiмiздi, кiшiпейiл iзгiлiгiмiздi нығайта түсіп, игi iстердiң жалғасуына жол ашуда. Ежелден сөзге тоқтаған, ел арасында сыйлы, беделді ақсақалдың соңғы сөзін шешім етіп қабылдайтын халықтың ұрпағымыз ғой. Осы тұрғыда ауыл-аймақтардағы орын алған олқылықтарды жойып, шешімін күтіп жүрген күрмеуі қиын, күрделі мәселелерді жеделдету төңірегінде ақсақалдар кеңесінің ықпалы жоғары. Өз өмірінде сан-салалы білімдерін еңбектегі мол тәжірибесімен ұштастырып, бойдағы бар қазынасын халыққа жұмсаған данагөй ақсақалдардан сайланған кеңес, негізінен, ауыл жастарын патриоттық рухта тәрбиелеуге ұмтылады. Ауыл-аймағын көгалдандыру мен қоғамдық орындарда тазалық сақтау, саламатты өмір салтын насихаттау, темекі мен алкогольді ішімдіктердің адам ағзасына тигізетін зияны жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, ауыл тұрғындарын имандылыққа, бауырмалдыққа, ізгі қасиеттерге баулу, тұрмысы төмен отбасыларына көмек беруге ықпал ету сияқты мәселелермен айналысады.
Кеңес төрағасы тек ауылының әлеуметтік жағдайы ғана емес, тұрғындарының отбасылық қиындықтары мәселесін де қарап, шешу жолдары жайлы ұсыныс-пікірлерін жергілікті атқарушы органдардың қарауына ұсынады, мәселенің соңына дейін жетуін, оны бақылауды өз мойнына алады. Сөйтіп, мемлекеттік органдарға күн сайын дерлік әртүрлі өтініш, арыз-шағымдармен толассыз келіп жататын азаматтардың, оларға жіберілетін жауаптардың санын, яғни қағазбастылықты біршама азайтуға әсер етеді.
Сондай-ақ, ел билеуге төселген турашыл да әділ ақсақалдардан сайланған «билер алқасының» да қоғамда алар орны ерекше. Ел ішінде кездесетін «тентегін» сын тезіне салатын, сахарада ертеден қалыптасқан билер алқасы бүгінде осынысымен құқық қорғау органдарының жұмысына көп септігін тигізуде. «Әр отбасының өз бас ауруы бар», ата-ана, туған-туыс, бауырға көнбейтін жасөспірімдердің мәселесін көп болып қолға алып, құқық бұзушылыққа баруының алдын алады, көршілер арасындағы дау-дамайды бейбіт жолмен шешуге көңіл бөледі. Сөйтіп, ел арасында алауыздықты болдырмай, достық пен ынтымақтастықты, елдің береке-бірлігін сақтауға өз үлестерін қосып жүрген билер алқасының қызметі әрдайым қажетті. Олар жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарымен және халықпен тығыз байланыста жүріп ел арасындағы маңызды істердің ұйытқысы да болып отыр.
Осындай мақсатта жер-жерлерде құрылған ақсақалдар, билер институттары, әйелдер кеңесі, жастар ұйымдары қоғамға өз үлестерін қосуда. Мәселен, осы аталған қоғамдық ұйымдарда қаралған мәселелер бүгінде «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумының күн тәртібінен орын алып, ауыл арасында күрмеуге келмейтін тірліктер талқыға түседі, нәтижесінде, ел ағалары шешімін табуға ықпал етуде.
Соңғы кезде қоғамымызда жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының және жастардың арасындағы қылмыс өсе түсуде. Бұл мәселеде ата-ана, мектеп, қоғамдық ұйымдар бірлесе, бел шеше күнделікті тәрбие жұмысымен айналысып, қоғамға сай лайықты ұрпақ өсіруіміз керек. Олардың сауатты маман әрі тиянақты қызметкер болуына ықпал ету азаматтық борышымыз. Себебі, білікті маман елдің ертеңін жасайды. Ал еңбекке қыры жоқ, еріншек жастар қылмыскерлер тобын арттырары сөзсіз.
Жалпы, жастар мәселесі өте өзекті әрі күрделі. Осы тұрғыда, былтыр Елбасының тапсырмасымен және облыс әкімінің тікелей қолдауымен республикада алғаш рет Оңтүстік Қазақстан облысында жастар саясаты мәселелері жөнінде басқарма құрылған болатын. Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар. Осы ұстаным бойынша, әрбір аудан, қалада өкілдіктері, жастар орталықтары жұмысқа кірісті. Сондай-ақ, бір терезе қағидаты бойынша жас кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары да алғаш рет біздің өңірде ашылды. Сөйтіп, жас кәсіпкерлерге қалай жұмыс істеу жөнінде көмек көрсетіле бастады. Тағы бір ерекшелігіміз, жастар үшін барлық аудандардың орталықтарынан кәсіпкерлік мектептер ашылды. Жастарға қатысты жұмыстардың атқарылу барысы жайлы облыстық мәслихаттың іс-жоспарына сәйкес, сессияның күн тәртібіндегі басты мәселе ретінде қаралып, тиісті шешім шығарылды. Міне, осылайша «Ырыс алды – ынтымақта» көтерілген жастар мәселесін шешуге ел ағалары, халық қалаулылары болып бірлесіп жұмыс жасаудамыз.
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатында «Ел бірлігі» депутаттық тобы құрылды. Топ құрамындағы халық қалаулыларының мақсаты, атауы айтып тұрғандай, мәдени бірлестіктермен бірлесіп, облыс халқының ынтымақ-бірлігіне қажетті жағдайларды жасау.
Облыс әкімі А.Мырзахметовтің республика бойынша облыс әкімдерінің рейтингінде екінші орынға ие болуына оңтүстіктегі осы оң істер айғақ болса керек.
Әрине, халықтар арасындағы достық, ауызбіршілік, татулық бар жерде алынбайтын асу жоқ. Күні ертең Астана қаласында еліміздің экономикалық жетістіктері, әлеуметтік игіліктері, саяси тұрақтылық пен мәдени өркендеу мәселелері сөз болатын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» күн тәртібімен өткелі отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясының жұмысы жемісті болатынына сенімдімін.
Әбілқасым ДОСБОЛОВ,
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Оңтүстік Қазақстан облысы.
...