+1 дауыс
5.8k көрілді

Еврейлер жұтыр халық дейді,кімдер яғни қазіргі кездегі қай ұлттар еврейлерге жатады?

Жұтыр деген не?

Жұтыр деген не мағына береді ?! Израиль халқы еврейлер.

Артық шығынсыз, артық ештеңе бермейтін адам
Менде түсінбедім жұтыр дегенді ол не нәрсе әлде қате жазылып кетті ме?
Сосын өзіне қарсы сұрақ қойылғанда жауапқа емес пікірге жазылған дұрыс деп ойлаймын.
Белгісіз
Жұтыр деп батыс жақта айтылады.
Ұлықбек, сенікі дұрыс.
Мында кіріп кетсеңші:
https://surak.baribar.kz/396685/сайтқа-үлес-қосамын-деушілерге-кіріп-кетсеңіздер?show=396831#a396831

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мына жерден қарап көрСосын мына жерден.

Еврей (араб.: يهود‎ - яһуди дінін қабылдаған Израиль пайғамбар ұрпақтары) — бастапқы атауы және көне еврей халықтарынан тарайтын әртүрлі елдерде тұратын халықтардың жалпы этностық атауы.

Еуропа мен Америкада тұратын еврейлердің көпшілігі индоеуропалық тілдер әулетінің герман тобына жататын идиш тілінде сөйлейді. Израильде еврейлердің көп бөлігі семит әулетіне жататын иврит тілінде сөйлейді. Балкан мен Таяу шығыстағы еврейлердің бір бөлігі роман тобына жататын испаноль (ладино) тілінде сөйлейді.

 

Мына бір әңгімеден оқығам,,,,,,
№2.          Екінші әңгіме: Мейрамхана есеп шоты
Бір күні түскі астан кейін біздің бір азамат қызметтік кофеханада өзінің кофесін ішіп отырған сәтте, сол түскі асқа қыз әріптесіміз кешігіп келді. Амандасып болғаннан соң, қыз тәрекелкесіне түскі асты сала бастады. Кейін өзінің жігітпен сәтсіз өткен махаббат кездесуін есіне алып, оны бізбен бөліспек болды.  
«Енді ешқашан еврейлермен махаббат кездесуіне бармаймын!», – деді.  
«Еврейлердің Сирияға Голандық төбелерді бермегенінен басқа қандай кемшілігі бар», деген, біздің азаматтың сұрағына, қыз былай жауап береді: «еврейлер мейрамхананың есеп шотын өтейтін сәтте, чекті мұқият қарап, соманың дұрыстығын тексереді, ал біздің қазақтар ешқашан шотқа қарамай, даяшыға көп ақша береді!», – деп әңгімесін әрі қарай жалғастырды.  
Негізінен, көптеген адамдарды мазалайтын, оларға тыныш өмір сүруге мүмкіндік бермейтін, бастарын қаттыратын  «ейрейлік мәселеге» тоқталсақ, бұл жерде бізге әрқашанда Черчилльдің көзқарасы ұнаған:
«Ұлтымыз еврейлер, ағылшындықтардан мықтырақ және табыстырақ деп санамайды, сол себептен Англияда антисемитизм жоқ».
Содан кейін біздің азамат оған келесідей мысал келтірді: «мәселен, - деді ол, бірдей 1000 доллар жалақы алатын екі адам бар делік. Оның бірі, әрқашан махаббат кездесулерінде шотқа мән беріп, үнемдей білетін еврей, ал екіншісі ақшасын оңды солды шашатын қазақ. Бастапқы кезеңде екеуінің де жағдайы тең болады. Алайда, еврей көбірек жинақтап, аз шығындалатындықтан, айналасында оның есебінен мейрамханаға отыратын адамдардың саны аз болып, бұл еврей «тойдан, мейрамнан, ойын-сауықтан аулақ» өмір сүреді. Сыртынан қарасаң, бұл еврей мейлінше «жұпыны, кедей» көрінеді.  
Ал қазақ болса, о қазақты оның есебінен мейрамханаға баратын адамдар қоршаған және қазақ тойлап, мейрамдатып, ойын-сауық құрып өмір сүруде. Сыртынан қарасаң, ол анағұрлым «бай» көрінеді және барлығы оны сәтті азамат деп санайды.  
Біраз уақыт өткеннен соң еврей жинақтаған ақшасына тігін машинасын сатып алып, тігінші жалдайды. Еврейдің табысы арта береді, алайда ол оны өзіне жұмсамайды. Ақшасын одан әрі жинақтай беріп, өз бизнесін тігін шеберханасына дейін, кейін фабрика, одан әрі бірнеше фабрикалардан тұратын тігін компаниясына дейін дамытады. Содан біздің әлгі қазақ осы еврейге 10 000 доллар жалақы алатын директор болып жалданады да, айналасындағылардың бәріне «еврейлер барлығын сатып алып қойып, қазақтарға мүмкіндік бермей отыр» деген әңгіме таратады». Осынмен келтірген мысал аяқталады.
Мұны мұқияттылықпен тыңдаған қыз әріптесіміз ойланып, біраз уақыттан кейін өмірге деген көзқарасын өзгертті. Ол әркез өзінің әріптестері мен туысқандарына «ұсақ-түйек әшекей» сыйлауды тоқтатты. Кейін жұмыстан шығып, өзінің жеке ательесін ашты. Алайда еврейлермен сол күйі махаббат кездесуіне бармайтын болды, себебі енді біздің қыз еврейлерге жігіт ретінде емес, бәсекелес ретінде қарай бастады. Жанұяны қазақ жігітпен құрды, ал бизнесін дамытып жатыр. Жақында ол тігін патшалығының патшайымына айналатын тәрізді.  
Бізге өз проблемамыздың себептерін басқа адамдардын немесе этникалық топтардан іздестіруді тоқтату қажет. Біз өмірімізде болып жатқан нәрселердің бәріне өзіміз жауап береміз. Біз өмізіміздің жеңісіміз бен жеңілісімізді өз қолымызбен жасаймыз.
+1 дауыс

Жұтыр дегенді білмедім. Бірақ еврейлер түріктерге ұқсап келеді.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
5 жауап
0 дауыс
2 жауап
...