+1 дауыс
3.4k көрілді
P,S,: мен журналист емеспін, жай ғана мектеп оқушысымын :D

Мұғалім үй жұмысына қала халқынан сауалнама ал деген тапсырма берген болатын  :D Қара суық аязда көше кезіп, елді тоқтатып, интервью алған қолайсыз екен. Сол себепті сұрақ жауап сайтының қолданушыларынан сауалнама алайын деп шештім. Сұрақтарыма мәнді әрі мағыналы қылып жауап берулеріңізді өтінем. Алдын-ала рақмеет!!! Аттарыңызды ешкімге жарияламаймын, бәрі де анонимно :D Ойларыңызды қорықпай, ашық айтуларыңызды өтінем. Хотя бы бір сұраққа жауап берулеріңізді өтінем :3

1. Сізге көпұлтты елде тұрған ұнай ма?

2. Көпұлтты елде тұрудың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар деп ойлайсыз?

3. Басқа ұлттар тарапынан қысым көрмейсіз бе?

4. Елімізде болып жатқан ұлттар арасындағы алауыздық пен қақтығыстарға қалай қарайсыз?

4 жауап

0 дауыс
1 иа, 2 жоқ            ,
0 дауыс

1. Өзім көп ұлтты ортада өскесін адамдарды ұлтқа бөлмеймін, сондықтан ұнайды, ұнамайды деп айта алмаймын. Тіпті жақын араласатын кейбір адамдардың да ұлтын сұраған емеспін

2.Ешқандай артықшылығы да да, кемшілігі де жоқ, Тек жақсы адамдар көп болса болды

3.Әрине жоқ

4.Ұлттар арасындағы алауыздық негізінен ұлттар арасына іріткі салушы бір адамның әсерінен болады деп ойлаймын (көбіне ұлттар араздығы кейбір саясаткерлерге тиімді ме деп ойлаймын), Ешкім әдейілеп араздастырмаса халық бейбіт өмір сүрер ме еді

Сосын сұрақ қояр алдында сайттың ережесін тағы бір оқып шықсаңыз (7.18 бөлімін) Сол Ережеге сай сұрағыңыз өшірілу тиіс, (жәй ескерткенім ғой). Келесіде Сұрақтың негізгі бөлігіне "Қолданушылар арасында сауалнама жүргізенйін деп едім" деген сияқты толықтау жазсаңыз

0 дауыс
Ұнайды ұнамайды деп кесіп айту қиын ал кемшілігі мен артықшылығы бəріне белгілі
0 дауыс
1. Ұнаса да, ұнамаса да тұруға мәжбүрміз.. 2. Артықшылықтары: басқа ұлттардың мәдениетімен, салтымен таныс боламыз, өзіміз де қазақтың кім екенін көрсетуге мүмкіндігіміз туады, жалпы өмір сүру қызығырақ болатын сияқты. Кемшіліктері: әр түрлі ұлттардың арасында келіспеушілік, түсініспеушілік туындап, даулар мен қақтығыстар болып тұрады, ол қалыпты жағдай. Оның үстіне жергілікті ұлт тілінің (қазақ тілі) қолданылуы сирек, әр ұлт өз тілінде (көбінесе орысша) сөйлеуі басты кемшілігі. 3. Басқа ұлттар маған (бізге) ашық қысым көрсете алмайды, саяси жағдай арқылы көрсетпесе.. 4. Жаман қараймын) Қарсымын ондайға! Бірақ, басқа ұлттар басына бастаса, Сарыағаштағыдай үйлерін өртеп, елден қуып шығуға қарсы емеспін.
...