Қалай болса солай жауап жазуға болмайды. Мен түсінемін қатарлармен ойнауға болады,бірақ сайтқа басқа да адамдар,басқа ұлт өкілдері де кіруі әбден мүмкін. Сонда олар біздің бұрынғы бабаларымыз туралы не ойлауы мүмкін. Малдың миын үлкендер жастарға асататын болған,демек жеуге тиым болмаған.Ал балаларға тиым салу себебі ми тез бұзылатывн тағам,бұрынғы уақытта қазіргідей тоңазытқыштар,анау-мынау ұшынатын жағдай болса жедел жәрдем болмағандықтан болмағандықтан сақтандыру мақсатында болған. Ал құлақты балаларға ұсынуда өте зор мән болған. Ол заманда мектеп,кітап,ғаламтор,кино т.с.с болмағандықтан, негізгі тәрбие үлкендердің ақыл айтуымен берілген. Сондықтан да қариялар балаларға құлақ ұсынып "Айтқанды қағып алатындай ұғымтал бол"-деп бата берген. Қазіргі балалардың құлақ жемейтіні күнделікті өмірде байқалып жүргендей ғой))))