+2 дауыс
590 көрілді

ТҮСІМЕ ТАҒЫ ДА ЕНДІҢ
Бүгін және тағы да түсіме ендің,
Қызыл – жасыл гүлдермен көмкерілдің.
Көңіліме қайтадан серпін беріп,
Оянғанша сезімге көрік бердің.
Өткен жолы түсіме енгеніңде,
Тұрып едік, екеуміз жар шетінде.
Өзгеге көңілімді бұрғызбаған,
Жалғыздықты сезіндім сонда мен де…
Бүгін және түсімде сені көрдім,
Түстің сырын әлі де түсінбедім.
Қандай сыр бар бұл түсте сен енетін,?
Ояна сап, сені еске ала егілетін.
Бүгінгі түс өзгеше өзгелерден,
Көз алдымда сол бейнең өзгермеген.
Аңсап… Сені көргенде қанатындай,
Сөздер айттың мен көптен естімеген.
Тас боп қатқан жүрегім балқып, еріп,
Жақын тарттым түсімде қасыма ертіп.
Аралында жүргендей көктем бақтың,
Қайта оралған махаббат күйін кештім.
Тәтті түстер соңынан қалды елесің,
Жылап жатты қан жұтып, жан жүрегім.
Ұмыта алмай жұргенде солғын тартып,
Айтшы жаным түсіме несіне ендің…?
Осылай шығарсам қалай болады?wink

3 жауап

0 дауыс

Менің Нұсқам Мынадай:

Бүгін және тағы да түсіме ендің,
Қызыл – жасыл гүлмен келдің.
Көңіліме қайтадан серпін беріп,
Оянғанша сезімге көрік бердің.
Өткен жолы түсіме енгеніңде,
Тұрып едік, екеуміз жар шетінде.
Өзгеге көңілімді бұрғызбаған,
Жалғыздық жанымды жалмады…
Бүгін және түсімде сені көрдім,
Түстің сырын әлі де түсінбедім.
Қандай сыр бар сені көрген бұл түсте...?
Ояна сап, сені еске алдым, сүйгенім.
Бүгінгі түс өзгеше ғой өзгелерден,
Көз алдымда сол бейнең өзгермеген.
Аңсап… Сені көруге келгенімде,
Сөздер айтшы... мен көптен естімеген.
Тас боп қатқан жүрегімді балқытатын, ерітіп,
Жақын тартшы, дәл мына түстегідей.

Ерітіп ап касыңа, кол ұстасып,

Аралында жүргендей махаббаттың,
Қайта оралған махаббат күйін кештім.
Тәтті түстер соңынан, жалғыздықтың мұңын кештім
Жылап жатты қан жұтып, жан жүрегім, сүйгенім.
Ұмыта алмай жұргенімде, сағынып,
Айтшы жаным түсіме сен неге ендің…? 

 

Өлең шығаратын талантың бар екее ғой бауырм
Белгісіз
Әу! демейтін қазақ жоқ әйтседе)
+1 дауыс
Талабың бар екен. Керемет өлең! Деседе өлең жазудың қыр-сырын білетін елміз ғой. Аздаған айтылар сын бар. Өлеңнің ұйқасына баса назар аудару қажет. Мына сөзбен мына сөз ұйқасады деп жазудың керегі жоқ. Аздап өңдеп көргін!
Сонда басты назар мағынасы ма бауырым
Белгісіз
0 дауыс
Бауырым оу бұл өлеңнің авторы мен ғой. Біреудің өлеңіна
...