+3 дауыс
6.1k көрілді

3 жауап

+4 дауыс

с. Н.Шәкенов
ә. Б.Жамақаев

Таң атқанда гүл бағын суарамын
Күнде ертемен өзеннен су аламын
Алтын сәуле көремін сол бір шақта
Сенің нұрың болар деп қуанамын

Жаным деп маған үн қатқан
Жүрекпен сүйіп ұнатқан
Бақытым менің
Таппаспын теңін
Махаббат гүл атқан

Сағынышпен күтемін әрбір таңды
Жақсы үмітпен арнаймын толқын әнді
Бақытымдай жалт еткен жанарыңнан
Ұшқын түсті жаныма өшпес мәңгі

Жаным деп маған үн қатқан
Жүрекпен сүйіп ұнатқан
Бақытым менің
Таппаспын теңін
Махаббат гүл атқан

Өзің сүйіп аңсаған ардағыңмын
Өзің едің жұлдызы арманымның
Көгершіндей ұялап көңіліңе
Жүрегіңде табысқан жан жарыңмын

Жаным деп маған үн қатқан
Жүрекпен сүйіп ұнатқан
Бақытым менің
Таппаспын теңін
Махаббат гүл атқан

Барi дурыс. Бiрак сiз аннiн атын жазуды умыткан сияктысыз?! Ан "Махаббат вальсi" деп аталады.
+2 дауыс
Ел арнадан болатын "Бәрі есімде" бағдаралмасының әр санынды қандай тақырып қозғалатынын көріп жүр. Сол бағдарламада әндердің тарихы жайлы айтады. Мүмкін сол әннің тарихын айтып қалар.
0 дауыс
http://sal-seri.kz/article/view?id=88 Ерке Ертіс жағасында достарымен ән салып жүрген қайран күндер тым алыстап бара жатқандай көрінген. Кенет сазгердің өн бойында сезім ұшқындары жылт етті. Аңқылдаған, ақпейіл, ақсазан Майнұр атты әдемі қыз композитордың нәзік жүрегін абайсызда дір еткізген-ді.    Күндер өте келе жан түкперінен Майнұрға деген бір сиқырлы әуен жүрегін тербеп сиқырлы үміт ширай бастады. Кіршіксіз мақам нотаға түсті, бірақ қанаттанып, еркін самғап кете алмады... Ол ән сазын оңашада сол қызына сырнай арқылы тыңдатып жүргені болмаса, бір ғажайып ән туды деп, жаћанға жар салуға асықпаған, тек көпке дейін әнге мәтін іздеумен әуреленген. Талай ақынның өлең жинақтарын ақтарғанымен осы әнге сұранып тұрған мәтін таба алмапты. Осылайша қиналып жүрген күндерінің бірінде құдай айдағандай Семейге ақын Нұтфолла Шәкенов келе қалады да, Бекен оған әуенді сырнайда ойнап береді. Бір ғажап, лирикалық әннің дүниеге келгенін қапысыз түсінген сезімтал ақын әннің сөзін кешіктірмей  жазып беріпті. Бекен көзі тірісінде «қысқа жіпті күрмеуге келтіре алмай» жүрсе де, көпшіл, әдебиет, өнер қайраткерлерімен мұңдас-сырлас,олармен тығыз байланыста жүрген. Сол сырлы көңілінің ақ ниеті болар 1954ж Роза Бағланова Семейде болған сапарында бірнеше әнді өзімен бірге ала кетеді. Жерлес ақын Нұтфолла Шакенов осы әнді таңдап, аяғынан тік тұрғызып, мәпелеп, тұмар тағып «Махаббат вальсі» деп ат қойып мәңгілікке жан бітіреді. 1955ж ән бұлбұлы Р.Бағланованың орындауында қазақ радиосы арқылы эфирге таратылады.
...