+1 дауыс
439 көрілді
Мейірім жүректен басталады деген тақырыпқа эссе 60-70 сөз

1 жауап

0 дауыс
Мейірімділік – адам бойындағы ең ұлы қасиеттердің бірі. Ол адамдардың басқаларға жан жылуын, ізгі ниеті мен лебізін білдіруінің көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, жанашырлық, қамқорлық сияқты қасиеттерге негізделеді.

Мейірімділік біздің өміріміздің барлық саласында бар және қоғамда өмір сүру сапасын жақсартады. Біз мейірімділіктің кішкентай қимылының қаншалықты үлкен әсер ететінін кейде байқамай қаламыз.

Мейірімділік – басқаларға қамқорлық және олардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге көмектесетін іс-әрекеттің бірі. Бұл бізге өзге адаммен мағыналы және сау байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Мейірімді болу басқаларға тікелей әсер етіп қана қоймайды, өзіңізге де оң әсерін тигізеді. Біреу бізге жақсылық жасағанда, біз оны сезінеміз және олармен жұмыс істеуге дайын екенімізді білдіреміз. Ал біз біреуге жақсылық жасағанда, біз сенімділікті дамытамыз және өзімізді жақсы сезінеміз.
Әр адамның мейірімді әрі қайырымды болуы оның отбасындағы тәрбиесіне, өскен ортасына да тікелей байланысты. Қазақ халқы қашаннан балаларын ата-анаға, өзінен кішілерге қамқор болуға баулып отырды. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді», «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деген нақыл сөздер арқылы айналасындағы адамдарды мейірімділікке тәрбиеледі. Аталмыш қасиет адамдарға ғана мейірімділік көрсетумен шектелмейді. Өзіңді қоршаған ортаға, жан-жануарларға, табиғатқа деген мейірімділіктің де болуы қажет. Шынайы мейірімді болу – өзіңнен гөрі басқаларға қамқор болу, өзгенің мүддесін өз мүддеңнен жоғары қою деген сөз. Мейірімді адам әрқашан басқаларға көмекке келіп, әркез жақсылық жасағысы келіп тұрады.

«XXI жаңа ғасыр»  деп атап жүрген заманымызда мейірімге толы жүрегі бар адамдар санаулы сияқты. Өйткені теледидардан «Балалар үйіндегі» аналары тастап кеткен балалардың бейнесін көргенде, ата – әжелеріміздің «Қарттар үйін» паналап жатқандығын көргенде мына әлемде мейірімділік қалмаған секілді.

Ұрпақтың мейірімді болып өсуі ананың ақ сүтімен бала бойына дариды. Сондықтан қыз баланың адамгершілігі, тәрбиелілігі, сұлулығы сыртқы көрінісінен ғана емес, ішкі жан дүниесінің сұлулығымен үндес болуы тиіс. Қыздардың бойында мейірімділік, қамқорлық сезімі болуы үшін, олар сол сезімге бөленіп бой жетіп, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттерін қалыптастырады. Қазіргі кезде жаһандану үрдісі жайлап жатқан уақытта балалар ақпарат құралдарынан неше түрлі жауыздықты, қаныпезерлікті көріп өсіп келеді.

Мейірімділік, сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып, адамдар бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді.
...