Менің Нұсқам Мынадай:
Бүгін және тағы да түсіме ендің,
Қызыл – жасыл гүлмен келдің.
Көңіліме қайтадан серпін беріп,
Оянғанша сезімге көрік бердің.
Өткен жолы түсіме енгеніңде,
Тұрып едік, екеуміз жар шетінде.
Өзгеге көңілімді бұрғызбаған,
Жалғыздық жанымды жалмады…
Бүгін және түсімде сені көрдім,
Түстің сырын әлі де түсінбедім.
Қандай сыр бар сені көрген бұл түсте...?
Ояна сап, сені еске алдым, сүйгенім.
Бүгінгі түс өзгеше ғой өзгелерден,
Көз алдымда сол бейнең өзгермеген.
Аңсап… Сені көруге келгенімде,
Сөздер айтшы... мен көптен естімеген.
Тас боп қатқан жүрегімді балқытатын, ерітіп,
Жақын тартшы, дәл мына түстегідей.
Ерітіп ап касыңа, кол ұстасып,
Аралында жүргендей махаббаттың,
Қайта оралған махаббат күйін кештім.
Тәтті түстер соңынан, жалғыздықтың мұңын кештім
Жылап жатты қан жұтып, жан жүрегім, сүйгенім.
Ұмыта алмай жұргенімде, сағынып,
Айтшы жаным түсіме сен неге ендің…?