+2 дауыс
866 көрілді

Қай елдің дәстүрі бойынша ер азаматтар тізе тоғыстырып амандасады?
 

Сұрақтың жабылу себебі: Нақты жауап берілмеді.....

1 жауап

0 дауыс
Дария ЕРТАЙҚЫЗЫ. Тізе соғыстырып амандасу қайдан шықты?
28 тамыз, 2012

Бүгінде халқымызда сәлемдесудің өз үрдісі қалыптасты. Ер адамдар бір-бірімен кездескенде, «Ассалаумағалейкүм!» деп қол беріп амандасса, әйелдер «Сәлеметсіз бе?», «Есенсіз бе?», «Қалыңыз жақсы ма?» деп ілтипат білдіріп жатады. Жастар арасындағы «Сәлем бердік» деген амандасу салты да қалыпты жағдайға айналды.

Дәтке қуат етерлігі – соңғы уақытта «Хэллоу!», «Салам» деп сәлемдесудің ишарасын жасайтындардың қатары азайып бара жатқан секілді.

Әйтсе де соңғы кезде көңілімізге кірбің ұялатқан төмендегі жайды оқырман талқысына ұсынғанды жөн көрдік.

Қаламыздағы сән-салтанаты келіскен үлкен мейрамхананың кең залы. Мерейтой иесі әйел адам әдемі киініп, қонақтарды күтіп алу қамымен жүр. Есік жаққа қарағыштап тұрған туған күн иесі есіктен кіріп келе жатқан жастау келіншекті көріп, оған қарай беттеді. Әлгі келіншек аса құрметті қонағы ма, кім білсін, бізге оғаштау көрінгені – екеуінің амандасу рәсімін жасағаны. Сағынып, көріскен олар бір-бірімен құшақтасып, қауыша ма деген ойымыз айдалада қалды. Жақындаған сәтте олар алақандарын бір-біріне шарт еткізіп ұрды да, ол аздай... аяқтарын соғыстырды.

Амандасудың мына түрі сырт көзге біртүрлі ерсі көрінді. Әйелдердің кездесуін сырттай бақылап тұрған көпшілік аңтарылып қалды.

Осы оқиғаны көзбен көргеннен кейін «Әшейін құрбылар арасындағы қалжыңның түрі шығар», деп мән бермеуге тырыстық.

Көп ұзамай әлгі көрініс тағы да қайталанды. Бірде көршіміздің үйіне барған біз жоғарыдағы амандасудың айна-қатесіз көшірмесін көрдік. Көршіміздің кішкентай қызы үйге кірген жездесімен алақандарын тигізіп, «тізе соғыстырып» амандасып жатты. Шыны керек, ер адам мен қыз баланың тізе соғыстырып амандасуын бұл жолы да қабылдай алмадық.

Біз еліктегіш халықпыз ғой. Сынықтан басқаның бәрі – жұққыш. Қазақтың салтында тізе соғыстырып амандасу ешқашанда болмаған. Амандасудың мына бір оспадар түріне уақытында тыйым салмасақ, ел арасында әдетке айналып кетуі ықтимал.
Екібастұз қаласы

ақпарат мына жерден алынды http://www.masa.kz/article/view/id/3762
төс емес,енді тізе соқтыратын болган ба????
...