+2 дауыс
5.8k көрілді
Қыз балалар ер баламен қолмен амандасуға болмайды деп естідім. Бұл рас па? себебі неде?

12 жауап

+3 дауыс
бұндайды бірінші рет естіп тұрмын..күнде амандасып жүрк қой кластастарымызбен
+2 дауыс
Біздің жақта солай ер баламен қыз бала қол беріп амандаспайды, бір түрлі ерсі көрінеді, себебін білмедім
соны менде естідім бір жерден. бірақ есіме түсіре алмай отырм
Қол беріп амандаспағанда, бет қағысып немесе сөзбен айтып па? Бірақ, шыныменде қол беріп амандасқан ерсі көрінеді екен...байқағаным бар...
бет қағысып емес ауызша "сәлем" немесе "қалайсыз" деп қоя салса жақсы жарасатын сияқты
+3 дауыс
сол ғой, қайдан естідіңіз? Ол бұрынғы заманда болған шығар. Ер адамға беттен басқа ештеңені көрсетуге болмайды деуші еді ғой, сондықтан шығар
+4 дауыс
Белгілі бір шектеу қойылмаған, болады. Мысалы сіз бен ініңізге қол алысып немесе сүйіктіңізбен қол алысып амандаса аласыз, тағы сол сияқты жақын адамдарыңызбен. Ер адам мен әйел адамның амандаспайтын кездері болады және белгілі бір адамдармен. Мысалы, қайынатаңызбен, қайныңызбен, танымайтын ер адаммен, үлкен жастағы ер адамдармен, т.б. сол сияқты. Ал оның себебін өзіңіз де түсінетін боларсыз....
+2 дауыс
Біз кластас қыздармен  қол алысып амандасамыз.
+2 дауыс
Ерсі болып көрінеді, негізі, бірақ барі амандасқан соң біздеде қол беріп амандасып жатады!
+4 дауыс
Қол беріп амандасуға дін жағынан шектеу қойылған. Мүмкін содан шығар?! Яғни, қыз бен жігіттің қол ұстасуы діни түсінік бойынша  зинаға апаратын жол деп саналады.
+2 дауыс
Жалпы осы жауаптарыңызға қарап мен мынадай ойға келдім. Көбісі менімен келісіп қол амандасуға қарсы кеп жатыр. әрине ол дұрыс. Қарапайым эксперимент жасап көруге болады. "сіз алғаш кездесуге келгенде қолмен емес жай ауызша салем десеңіз сіздің мәдениетті екніңізді көрсетеді. Бұл дұрыс сияқты. Жауаптарыңызға рахмет:)
0 дауыс
Қызық екен,бірінші рет естіп тұрмын.
0 дауыс
Негізі қыз баламен қол беріп амандаспаған дұрыс та, бұрыс та емес. Өз қалауың қалай амандасам десеңде. Ал ер баламен қол беріп амандасу міндетті түрде амандасу керек, егер қол беріп амандасатын жағдай болып тұрса әрине. Өйткені ер баласы қыз баласынан бір саты жоғары болғасын қол беріп амандасапада болады. Жай ғана ауызбен "Саламатсыз ба!" деп қоя салу керек. Ал қол беріп амандасқан олда бір сыйлағанның белгісі болып саналады. Өйткені сен өз құрдастарыңды, үлкен кісілерге, аталарымызға "Саламатсыз ба!" деп айта алмаймыз ғой, сондықтан ол кісілерді сыйлап қолмен амандасамыз. Амандасудың еш ерсі қылықтары жоқ, өз еркіңде бәрі. Мысалға әйел кісілерменде "Ассалаумағалейкум" деп амандасуғада болады. "Ассалаумағалейкум"  деп амандасатын болсаңыздар сіздерге сауап жазылады. "Ассалаумағалейкум" араб тілінен аударған "Алланың нұры жаусын" деген мағына береді. Сондықтан "Ассалаумағалейкум" деп амандасқанда "Алланың нұры жаусын" деп тілейді екенсіз, ал "Уағалейкум ассалам" деп амандасын болса сіз амандасқан адамыңыз олда сізге "Сізге де Алланың нұры жаусын" деп тілейді екен. Егер сіз бірінші "Ассалаумағалейкум" деп амандасатын болсаңыз-сізге "99 сауап" жазылады екен, ал сізге "Уағалейкум ассалам" деп амандасын болса ол кісіге "1 сауап" жазылады, егер "Уағалейкум ассалам" деп амандаспайтын болса ол адамның бойына күнә болып жазылады.
Сондықтан "Ассалаумағалейкум"  деп амандасуға тырысайық жамағат.
0 дауыс
қыз бала мен ер баланың қол алысып амандасуының бұрыстығы мен дұрыстығын білмеймін.егер сіз солай естісеңіз оның да бір себебі бары анық.мүмкін тәрбиеге жат,оғаштау қылық болып көрінетін болар,қалай ойлайсыз?
негізі қыз балалар мен ер балалардың қол берісіп амандасуы дұрыс емес. тарихтан да, дәстүрден де, "Абай жолынан" да қыздардың ер балалармен қол беріп, амандасқаны туралы  сәттерді оқыған емеспін. Себебі, қыз балаларға мұсылмандық және қазақы дәстүр тұрғысынан өзінің болашақ жарынан басқа адаммен қол алысуына, иық қағыстырып жақын тұруына болмайды! Тіпті  әкесі де, шариғат бойынша қыз бала балиғатқа жеткен соң  оның бетінен сүйіп, еркелетпейді. тек маңдайынан ғана ийіскеп қояды. бүгінгі күні бұл қыздар мен балалардың, әпкелер мен ағалардың жас ерекшеліктеріне қарамай, қол алысып, амандасу дәстүрі оңтүстікте қалыптасқан. аздап өзбек дәсүрі енген. жалпылай амандасып, қоя салсаңыз, адамдарды елемеген сияқты көрінеді. Барған бетте қанша адам отыр, танысаңыз, қолдарын алып шықсаңыз, сіз әдепті, сыпайы болып көрінесіз.
0 дауыс
Шариғатымызда бар,қыз бала өзінің ет жақын ер адамдарымен ғана қол беріп амандасады.Пайғамбарымыз Мухаммед с.а.у өзінің жұбайларынан бас әйел кісінің қолын ұстамаған екен.
...