+6 дауыс
1.9k көрілді

Сәлем, достар!
Баршаңызды келіп жеткен Ұлыстың Ұлы мерекесі Әз Наурызбен құттықтаймын! Күн мен түн теңеліп, күн шуағы кеңінен шашылатын бұл күн баршамызға ырыс-құт, бақ-береке, шаттық пен қуаныштар әкелсін!

Назарларыңызға қазақтың ұлттық тағамдарының бірі құрттың дайындалуын ұсынамын. Алдымен, осы тағам жайлы өзім білетін аз-маз ақпарат бере кетейін. Құрт - ұзақ уақыт сақтауға арналған мал сүтінен дайындалатын тағам. Ескіде әжелеріміз сабаға сүтті құйып, оны ашытқан. Кейін сүт бетіне қалқып шыққан майды жеке алып, тұздап, қарынға салады. Ал іркіген бөлігін қазанға салып қайнатқан. Содан соң арнайы қапқа я дорбаға салып, жоғары жаққа іліп, сары суын ағызады. Шамамен, бір күн тұрған соң, ол өздігінен қатып, құрғай бастайды. Осы кезде оны бөліп, шиге немесе өреге жайып кептіреді. Қалалық жағдайда тақтайға жаюға тура келеді. Негізі, құрттың да бірнеше түрі бар: жас құрт, көбік, сықпа құрт, ыстық құрт, сүзбе құрт, малта тсс. Құртты тұрақты пайдаланатын тағам ғана емес, оны тұздық ретінде де пайдалануға болады.
Бүгінде қатық дайындау дәстүрі әр өңірде әрқалай сақталған. Біз көбіне айран іріткісінен қатық жасаймыз. Менің жеңгем ауылдан дайын қатық беріп жіберген соң, мен бірден құрт жасауға кірістім. Алдымен қатықты араластырып алған дұрыс. Құртты әр түрлі пішінде жасауға болады. Мерекеге орайластырып, мен келесідей пішінде жасауға бел будым.

Samsung - Nauryz =)

Назарларыңызға рахмет!

Мереке құтты болсын!
Құрметпен, Ғазиза

8 жауап

–1 дауыс
Құртпен керемет жазыпсыз! ! ! Сөз жоқ!Қолыңыз дерт көрмесін!Құрт жегім келіп кетті ғоййййй))))))
+1 дауыс
Плюс 1, ұнады, бiрақ тек құрт жасағаның болмаған сияқты, тағы наурыз көже болғанда қасына жақсы болар едi.
Наурыз көжені өзгелер де жасаған соң, оны қоспаған едім)
+1 дауыс
Маған да қатты ұнады ! Плюс1
+2 дауыс

Креативно!!! ))) Ұп-Ұнады)

Саусақтарыңыз түп-түзу ұзын әдемі екен))

Көп рахмет)
+2 дауыс
Дүкенде сатылатын дайын творогтан жасаган жоксыз ба? Сіздің берген мәзіріңіз сүзбе яғни творог жасау жолығой. Менің әжем сүзбені осылай жасайтын, ал құртты қазанға қайнататын еді және түсі сіздің жасағаныңызға қарағанда қоңырлау болып шығатын.
Жоқ, мен дайын қатықтан жасадым. Ол езіліп тұрған соң, оны қайнатпадым. Мұндай қатықтан әдетте сықпа құрт жасайды (біздің елде осындай, бәлкім, басқа аймақтарда ерекшеліктер бар шығар)
Креатив!
+2 дауыс
Қолыңыз дерт көрмесін Ғазиза әпке!Құртпен керемет жазып шығыпсыз,ұнады!Байқауда тек қана сәттілік тілеймін!
Көп-көп рахмет!
+2 дауыс
Базар жоқ, қуантады. Қолыңа қуат берсін! Ғажап екен!
+1 дауыс

Ыыыыййй құртты көріп жегім келіп кетті ғой. Ғазиза КЕРЕМЕТ !!!!

...