Сіздерше наурыз көже қалай жасайды?

+9 дауыс
6.0k қаралым
Ассаламу алайкум  сұрақ және жауап сайтының қолданушылары. Қазақ интернетін дамытуда өзіндік үлесін қосып  жүрген, танымал, қолданушылары басқа сайттардан ана ғұрлым көп сұрақ және жауап сайтына алғаш рет өз қолтаңбамды қалдырып, жазба жазып отырмын. Осы сайтта Ұлыстың ұлы күніне орай аспазшылардың байқауы болып жатқаның анау шығыс өңірде жатып құлағымыз шалып, арнайы ат басын бұрып келіп отырған жайым бар. Орталарыңызға жылы қабылдап, құшақтарыңызды кере аша отырыңыздар. Сіздерге құр қол келмей өзімнің аспаздық өнерімді ала келдім. Қабыл алыңыздар.

      Нан – ең қасиетті дәм. Кішкентай кезімізден  ең алғаш аузымызға алатын тағам нан екеніне белгілі. Нан ауыз тиіңі деп есіктен кірген қонағымызды да нан мен сыйлап жатамыз.  Ата бабамыздан бері келе жатқан ұлттық тағамдардың төресі де нан өнімдері. Осы нан өнімдердің бірі үлкен бауырсақ (шығыста осылай атайды) Үлкен бауырсақты (бұдан былай бауырсақ) пысыру үшін ұн, су, ашытқы (қамыр ашыытқысы) тұз, май керек. Ұнды ыдысқа салып ашытқыны жылы суға езіп, ұнға құяды. Тұз езілген сумен қамырды илейміз. Иленген қамырды жылы орап, үш төрт сағатқа жауып қоямыз, қамыр ашу үшін. Қамыр ашыған соң мынандай етіп кесіп:

image

Орамал үстіне тізіп, көтерілуін күтеміз.

image

Көтерілген бауырсақтарды қазанға салып пысырамыз.



image

Дайын болған бауырсақтар

image

Сүт төрт түлік малдың аттарына қарай бие сүті, түйе сүті, қой – ешкі сүті, сиыр сүті делінеді.  Күнделікті қолданысымызда қолданылатын сиыр сүті. Үйде ешқандай мал ұстамайтындықтан, сүтті көршіден сатып аламыз. Сатып алған сүтті сүзіп пысырып, суытамыз қаймағын алып.

image image

Қаймағы алынған сүттің біраз бөлігіне аздаған айран қосып жылы жерге бір сағатқа орап қоямыз.
Ұйытылған айран.

image

Пісірілген сүттің қалған бөлігіне ұйыған айранның бір кесесін құйып сүтті отқа қойып қайнатамыз.

image

Шамалы қайнаған соң сары су болініп ақ ірімшікке айналады

image

Отты баяу етіп қойып, қант салып қайнатамыз ірімшік қызарғанша.

image

Дайын болған ірімшік.

image

Айранның біраз бөлігін алып дорбаға сары суынан айыру үшін сүзіп қоямыз.

image

Сүзілген айраннан қатық дайын болады.

image

Қатықты бір күнге бастырып қойып, сығылған құрт жасауға болады

Ет дегенде бет бар ма деп қазақ атамыз бекер айтпаған ғой, соғым етінің қалғанын қазанға жуып салып,

image

екі сағатқа қайнатамыз.

image

Қайнап пысқан етті сүзіп алып, тураймыз

image

Етіміз қайнап дайын болып қалғанда, жұмыртқа қосып қамыр етіп илейміз

image
Тынған қамырды жайып, (қамырды жеңгеме жайдыпдым, өзім жая алмаймын)

image

екіге бөлеміз, бір бөлігін жіңішке етіп, екінші бөлігін жуан етііп кеспе кесеміз

image

Бірінші кеспені жеке еттің сорпасына пысырып, сүзіп аламыз. Екінші жуан етіп кесілген кеспені пысырып алып, туралған еттің астына салып, дастарханға қоямыз.

image

Енді осы дайындаған өнімдерімізден «Наурыз көже» әзірлейміз. Алдымен бидайды жуып, қыбығын ұшырып алып, келіге түйеміз.

image

Келіге түйілген бидайды суық суға жуып алып,

image

Су қуйып қайнатамыз, жұмсарғанша. Пысқан бидайды суытып, үстіне айран құямыз.

image

Оның үстіне туралған етпен жіңішке етіп пісірілген кеспені саламыз.

image

Қатықты еттің сорпасына езіп құямыз.

image

Көжеміздің дәміне қарай тұз салып. Салқын жерге суытып, қонақтарға ұсынамыз.

image

image

Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барса жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәлі-жала жерге енсін!
• Санаты: Жалпы сұрақ | 6.0k қаралым

16 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Уау! Міне, ғажап! уууууууууууууууу қолыңыз дерт көрмесін)))))))))))
Жанатқа тұрмысқа шыққан қыз қандай бақытты десеңші
ағасы, айтпаңыз)))))
рахмет, сізде ғажапсыз)
мақтауыңызға ризамын аға)
:o жолым боп тұр ғой иа аға)))
Айкона, қолдан жіберіп алма, Сарыағашқа жіберші тандырға нан жабуды, өзбекше палау басуды үйретіп жіберейін
+1 дауыс
Біздің наурыз көжеміз де шамамаен осылай жасалады.

Маған қатты ұнағаны ірімшік, қант қосып жасап, сосын кептіріп, ой қытырлатып жегенді абажаююю!

Керемет, ат салысқан жандардың қолдары дерт көрмесін!
ұнағанына қуаныштымын, рахмет
+1 дауыс
сүреттерді көріп көзім жайнап кетті ! Тәттісін ай ! Наурыз көже 7 түрлі дән қосылып жасалады
негізі жеті түрлі міндет емес, қыстан шыққандарына қуанып, үйде бар нәрсені қазанға салып жасаған бұрынғы ата бабамыз
+1 дауыс
тц тц тц ))) керемет)) Жако брат сізге ризамын)))
рахмет қарындасым
0 дауыс
муахахахах видеоңа сындым бырат!
өзіме қашан сынады екенсің)
+1 дауыс
Жанат, бәрі тамаша, әсіресе бауырсақ өте татымды көрінеді екен. Халқымыздың керемет жұғымды, ағзаға пайдасы өте зор ірімшік туралы,оның дайындалу жолын жазғаныңа өте риза болдым.
рахмет аға
Жер шұқып қалдық қой біз:)) Қолыңыз дерт көрмесін, жеңіс тіледім!
хехе , рахмет Нурзияш)
0 дауыс
Керемет! Жеңуге лайықсыз! Қиын нәрсенің бәрін өзіңіз жасапсыз. Айтарға сөзім жоқ!!!
Рахмет Сәния
0 дауыс
Сіз сияқты азаматтарымыз көп болсын, ағасы, керемет жансыз. Керемет.
рахмет інішеке
0 дауыс
уау/уау супер/пупер))) ажь сөзім жоқ))))
рахмет)))))))))))))))))))
0 дауыс
Jako  brat  bazar  jok  mykty  shykkan  !!!  Aitarga  sozim  jok!!!!!!Jaraisynyz!!!!!!!
рахмет бауырым
Құдай ай, Жанат осының бәрін өзің дайындадың ба? Қамырды да өзің иледің бе?
Супер!  Бауырсақты айтсаңшы)))))
рахмет апай)
0 дауыс
Керемет жаным! Мен жасай алмаймын даже мыналарды
0 дауыс
Тууу, мынау біздің Семейдің бауырсақтары ғой !!! Кеттім ,бауырсақ жасаймын.Жарайсың, керемет жазыпсың !!!   Нан жайып жатқан әдемііі  томпақ қолдар кімдікі , анаң ба ?Айтарға сөз жоқ керемет!!!
жазбаны толық оқысаңыз кім екенін білесіз))) рахмет Семейдің бауырсағына пікір жазғаныңызға
Жеңгең тамаша екен, көмектескен !!! Бақытты ғой сен сияқты қайнысы бар !!!
иа жеңгем аздап көмектесті
0 дауыс
Қарап отырып, қарным ашып кетті ғой ))
0 дауыс
Қааааатты ұнады! Сәттілік тілеймін!)
рахмет)ұнағанына қуаныштымын
0 дауыс
Вааааау, Жанат аға! Керемет! Шеберсіз ғой :)
сіздерге жету қайда))
0 дауыс
өте дәмді сияқты түріне қарасам))

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
3 жауап
127,937 сұрақ
322,824 жауап
153,169 пікір
72,934 қолданушы