+1 дауыс
1.9k көрілді
Күн мен түннің теңелген уақыты. Көктемнің Ұлы мерекелерінің бірі Наурыз да өтті. Осы күнгі берілетін Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен дайындалады?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Көркем әпке,осы жайлы бір жерден оқығаным бар еді.Негізі,бұл жайлы пікір көп.Мен мынаны жаза кетейін...

Халқымыз даналықпен тағам түрлерін топтап, белгілі бір түстерге балап айтады екен.

Олар:

1. Көк. Көктемде тасыған су жер-дүниені көк толқын етеді.
2. Қызыл. Қарындары тойғанда қазы-қартаға да қарамай қалатын халқымыз 3 күн ет жемесе, тістері қышып, қызылсырайтыны тағы бар. Ендеше, барлық ет тағамын қызылға балайды.
3. Жасыл. Жерден өсетін өнімдердің бәрін жасыл өсімдіктің дәні деп түсінеміз.
4. Ақ. Барлық сүт тағамдарын ақ сүтке теңеу орынды.
5. Сары. Май өзінің түсінің сарылығымен бірге ең асылын «сары майдай» сақтаған.
6. Қоңыр. Бидайдың, тарының талқанын көжеге умаждап қосатын ұнды, кеспені қоңыр түске теңейді.
7. Қара — тұзды қасиетті қара дәм, қара бас тұз дейді.

Осы жеті түс белгілі тәртіппен орналастырылғанда, қайтадан ақ сәуле түзеді.

Ақ сәуле дегеніміз — Күн-Ананың нұры, шуағы, жылуы. Наурыз күні ақ дастарқан жайылып, ақ тілектер айтылып, ақ пейілді аталар ақ баталарын берген, төрт түлік төлдеп, аузымыз аққа кенелген уақыт емес пе!?Мүмкін дана халқымыз осылай пайымдаған болар...
+1 дауыс
жеті деген сан киелі  сан болғандықтын шығар мүмкін
+2 дауыс
Міндетті түрде жеті түрлі емес, бұл мейрам ертеде пайда болған, өлмеген құлға көктем келеді дегендей қыстан азып тозып әрен көктемге жеткенде кімде не бар көрші болып қосып, жинақтап үлкен ас пісірген, біреу тарысын құшақтап келсе, біреуі күрішін, құрт, ағарғанын, жүгерісін қосып пісірген-мыс
Жақсы жауап.

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
3 жауап
+1 дауыс
3 жауап
0 дауыс
3 жауап
...