Қыз балаға қойдың басын неге ұстауға болмайды? Бас тарту (байқау)

+12 дауыс
9.8k қаралым

Достар,  Samsung Electronics Kazakhstan және SURAK-ZHAUAP.KZ сайты бірлесіп, көктемгі Наурыз мейрамына қарсы "Samsung-тің наурыз көжесі" атты байқауы үшін алдарыңызға Бас тартамын. Бір қойдың басын мүжіп кетіңіздер!

Жаңа жылым келіп жетті аңсаған,
Басқа ұлттармен татулыққа жар салған.
Дәстүрімен мақтанамын елімнің,
«Мен қазақ!»- деп дүниеге жар салам

Бас тарту - кәде, жиын-той, аста, қонақ күткенде, осындай мерейлі мерекелерде сойылған малдың басын қадірлі адамға сыбағалы, кәделі, сыйлы мүше ретінде тарту. Бас мүшесін дүниенің, жаратылыстың, әлемнің бастаушы күші деген ежелгі наным-сенімге байланысты оны жасы үлкен, сыйлы қонаққа немесе мәртебесі жоғары адамға Бас тарту байырғы ортада ежелден орныққан.

Бас тарту әдебін сақтай отырып, керекті дүниелерді түгендеп алалық. Ол үшін бізге: қойдың ұйытылған басы, қой еті (жылқы еті), қазы, картоп, сәбіз, тұз, қамыр үшін жұмыртқа, су, ұн қажет:

Алдымен басты құйқаларынан тазартып, жағын екіге айырамыз:

Тазартып, жуылған басты суға салып отқа қоямыз. Тұздаймыз және шамалы сода салсаңыз бас еті жұмсақ болып піседі:

Енді қой еті мен, қазыны да отқа саламыз, дәміне қарай тұз салынады. Пісру барысында бетіндегі көбігін тазартқан жөн, сондай-ақ етті қайнатуға жеткізбей бүлкілдеп қайнату керек. Қатты қайнап кеткен жағдайда етіңіз сағыз секілденіп, дәмсіз шығады Сондықтан жиі қадағалау керек:

Етті пісіріп, бетін жауып қойғаннан соң қамыр илеп қоямыз. Қамырды осылай ертерек илеп, илеуін қандырып қойса қамырыңыз жақсы шығады. Ол үшін екі жұмыртқаны жарып, су, тұз қосын қамыр илейміз:

Әдеттегідей бетін жауып, ара-арасында илеп отырамыз:

Етіміз қайнап тұр:

6-7 үлкен бас пиязды аршып, текшелеп турап ыдысқа саламыз да, қайнап тұрған еттің бетіндегі майын сүзіп алып үстіне құямыз да баяу отқа қоямыз. Бұл бізге піскен қамырдың бетіне себуге керек:

Бас та қайнап жатыр:

Енді қамырымызды жаямыз:

Жайылған қамырды біркелкі етіп кесіп, жайып қоямыз:

Ет пісуге жақындағанда (пиязды бұрынырақ, бүтіндей) аршылып, тазартылған картоп, сәбіз саламыз. Бәрі піскеннен соң сүзіп аламыз:

Оттың астын күшейтіп, қайнаған соң қамырларды бір-біреуден саламыз:

Қамыр әдемі пісу үшін бетін жауып қойған жөн. Бетін ашып пісірсеңіз қамырыңыз жұмсақ болып, езіліп кетуі мүмкін. Қамыр піскеннен соң бетіне бір кеседей салқын су құйып жіберіңіз, ол қамырлардың жабысып қалмауын қамтамасыз етеді. Содан кейін бірден сүзіп аласыз. Суретке түсіретін ешкім болмай қалғаны(((

Піскен бешбармақтың бетіне ет, қазы, картоп, сәбіздерджі турап, сәндейміз:

Әдетте бізде басты тартар алдында маңдайын айқастыра тіліп қояды. Ол дегені бастың жолын ашу деп біледі. Суретке түсіру үшін маңдайын тілмедім:

Кей өңірлерде бас тамақпен бірге де тартылады екен:

Немесе былай:

 

Алтын күні шуақ шашып аспаннан,
Жаңа жылым жыр думанмен басталған.
Ақ дастархан жайып қазақ төріне,
Ақ ниетпен үлкендерден бата алған.

Астарыңыз дәмді болсын!

 

Енді сұрағым: Неге қойдың басын қыздарға ұстауға болмайды?

Пы/сы: Сұрақты бағалай отырыңыздар!

• Санаты: Жалпы сұрақ

20 жауап

0 дауыс

Қойдың басын қыз балаға ұстауға болмайды деп қана емес жалпы жас балаларға ұстауға болмайды деп жатады. Бірақ бұл ырым. Басты ұтаудың Ешқандай зияны да пайдасы да жоқ. Егер солай ойласақ, яғни халық ойлайтындай басты ұстаса атасы қайтыс болады, әкесі қайтыс болады деп сенсек онда ол Аллаһқа серік қосу болып қалады. Өйткені ол қойдың басы тірісінде зиян жеткізбей, өлгеннен соң зиян жеткізе ме? Мына сілтемеде жақсы уағыз бар екен. http://kattani.kz/?p=10179

0 дауыс
Қойдың басын ер балдарға да ұстауға болмайды(әкесі болса) соны білсең!
0 дауыс
Ол бір атамыздан қалған ырым-тыйымдар! Ал мұсылмандарда ырымға сену күнә! Ал енді ырымды былай ысырып қойсам, ең алдымен қойдың басын жақсылап үйітілгеннен кейін, көмекей, құлақ ұшы, тамақ без сынды жеуге болмайтын еттерін сонымен қатар жақ, тістерін алып тастайды! Сіздің мына ұсынып отырған суреттеріңізден бір байқағаным тісі қағылмаған екен! Етті қайнатып пісіргенімен тіс піспейді ғой! Ал тіс малдың тісі болғаннан кейін өздеріңізде түсінетін шығарсыздар!!!
0 дауыс
Мен осы сұрақты қойған адамға ризамын,жаңағы суреттерді материалдарды дайындауға қанша уақытың кетті,соны білгім келеді?
0 дауыс
Себебі қазақтың салт-дәстүрі, біздің дәстүріміздің көп бөлігі Ислам дінімен тығыз байланыста.
Белгісіз

Ұқсас сұрақтар

127,761 сұрақ
322,326 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы