Наурыз менің елімнің берекесі,
Жаңа жылы қазақтың мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге жақын,
Ұлаңғайыр керілсін керегесі.
Құрметті, Сұрақ және Жауап сайтының қолданушылары! Сіздерді алда келе жатқан Қазақтың төл мерекесі, Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтай отырып, назарларыңызға
Samsung Electronics Kazakhstan және SURAK-ZHAUAP.KZ сайты бірлесіп бастаған "Samsung-тің наурыз көжесі" атты байқауына атсалыса отырып, қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынамын.
Бауырсақ, шитоқаш және қаттама дайындау үшін бізге керектілер: ұн, сұйық май, ашытқы, жұмыртқа, шекер, тұз, маргарин немесе сары май, майонез (қаймақ, ашыған айран), су қажет.
Алдымен бауырсақтың қамырын ашытып аламыз. Ол үшін шұңғыл ыдысқа 1,5 стақан жылы су құйып үстіне 1 жұмыртқа, 1 ас қасық тұз, 3-4 ас қасық шекер, 4-5 ас қасық сұйық май және 1,5 шәй қасық құрғақ ашытқы саламыз:
Бәрін біркелкі етіп жақсылап араластырамыз:
Дайын болған қоймалжыңға ұн қосып, қамыр илейміз. Қамырыңыз мейілінше жұмсақ болғаны жөн. Шамамен 25-30 ас қасықпен ұн салсаңыз жетіп артылады. Қамыр қолға жабысатындай болып жатса сұйық маймен сылап алыңыз:
Қамырды илеуін қандыра илеу керек. Содан соң кленкамен бетін ажауып:
Жылы жерге қымтап, орап қойыңыз:
Қамыр шамамен 1-1,5 сағатта ашып, ыдыс ернеуіне дейін көтеріледі:
Көтерілген қамырды екі немесе үшке бөлеміз:
Қамырды қалыңдығы 1 см болатындай етіп жаямыз:
Жайылған қамырдың пішінін дөңгелек пішінге келтіру үшін стақанмен дөңгелете ойып аламыз:
Алдын ала отта қызып тұрған майға екі бетін аудара отырып пісіріп аламыз:
Дайын болған бауырсақ:
Бауырсақты дайындау барысында артық қалған қамырларды майдалап турап шитоқаш жасауыңызға болады:
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды,
Тебіренген табиғатта мәз мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.
Бауырсақ қамырын ашытуға кеткен 1-1,5 сағат уақытты пайдаланып, қаттама қамырын дайындауға көшеміз. Ол үшін бір кесеге суық су құйып тұз саламыз, араластырамыз:
Кесе түбінде тұзын қалдырып, суын шұңғыл ыдысқа құйып аламыз да бір жұмыртқа салып, араластырамыз:
Үстінен ұн салып:
Жұмсақ етіп қамыр илейміз:
Қайта-қайта илеп, илеуін қандырамыз. Қамыр илеуі біркелкі қану үшін 10-15 минутқа ыдыспен бетін жауып қоямыз. Ара арасында ашып, илеп тұруды ұмытпау керек. Илеуі қанбаған қамыр сіздің ойыңыздағыдай піспеуі мүмкін:
Қамыр арасына жағар сары май немесе маргаринді үй температурасында еріткен жөн:
Дайын болған қамырды жазып, жаямыз. Тым жұқа болмауын қадағалаңыз:
Жайылған қамыр үстіне еріген мкайды біркелкі етіп жағып шығып, оны ораймыз:
Оралған қамырдыңекі ұшын ішке қарай бекітеміз:
Одан кейін бөліктерге бөлеміз:
Әр бөліктің екі ұшын бітей отырып, зуалалап қоямыз:
Дайын болған зуалаларды пісіргенге дейін 15 минутқа сүлгімен дауып қоямыз:
Уақыты болғаннан соң қамырларды жаямыз:
Әдетте қаттамаларды қазанға пісіріп жатамыз. Тез әрі дәмдірек пісуі үшін оны қазан қақпағы немесе жәйпек легенде пісірсе болады екен. Майланған легенді отқа қойып, қызған соң жайылған жайманы саламыз. Қамыр бетінде шариктер пайда болғанда келесі бетіне аударып, май құя отырып пісіріп аламыз:
Қаттамаларымыз да дайын:
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Күн мен түн теңеліп жер анаға жылу силаған Наурыз мерекесі құтты болсын. Әз наурыз еліміздің керегесін кең тереземізді өзгелермен тең етсін. Астарыңыз дәмді болсын:
Сәулеңді, шуағыңды аямашы,
Сәбидей жас-кәрімді аялашы.
Құтты қонақ секілді емін-еркін,
Даламды, тау-тасымды аралашы.
Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Сондықтан сіздерден сұрағым Ұлыстың ұлы күні туралы тілектер жазсаңыздар екен?