0 дауыс
13.0k көрілді
Тұмаудан, жөтелден тез қалай айығуға болады?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Тұмау - жұқпалы ауру, ол дене қызуының көтерілуімен, қысқа мерзімді қалтырауымен, ағзаның уыттануымен және жоғарғы тыныс алу жолдарының сілемей қабығының кабынуымен сипатталады.

Алдын алу шаралары:

 

1. Аскорбин қышқылы мен поливитаминдерді қабылдау;
2. Науқас адамды жеке бөлмеге оқшаулау:
3. Науқас адамды күтуші және қарым-қатынаста болатын тұлғалар (тек ауруханада ғана емес, үйде де) төрт қабатты бетперде киюі керек;
4. Науқас адамның жеке ыдысы, күнделікті қолданылатын заттары, төсек жабдықтары болуы қажет;
5. Бөлмені жиі желдетіп, күнделікті ылғалды жинау жүргізген жөн;
8. Тұмаудың алғашқы белгілері біліне бастағаннан соң, төсек тәртібін сақтап, жылы дәрумендік сусындарды: итмұрынның тұнбасын, қара және қызыл қарақаттан, құлпынайдан, таңқұрайдан жасалған сусындар, лимонмен шәй ішу керек;
9. Тұмау індеті кезінде мәдени - бұқаралық іс-шараларға, кинотеатрларға: клубтарға, кітапханаларға, денешыңықтыру залдарына баруды шектеу керек;
10. Аурушаңдықтың алдын алу және жұқпаның таралуына жол бермеу мақсатында мектеп және мектеп алды мекемелеріне науқас баланы жібермеу үшін, ата-аналар балаларының денсаулығын күнделікті мұқият қадағалап отыруы тиіс, мектепке барар алдында дене қызуын өлшеп, ал ағзаның уыттануы немесе жоғарғы тыныс алу жолдарының кабынуы, дене қызуының көтерілуі байқалған жағдайда, баланы үйде қалтырып, дәрігерді үйге шақыру керек;
11. Қолды жиі сабындап жуу керек, өйткені вирус есіктің тұтқасы, күнделікті қолданылатын заттар арқылы, науқас адамнан сау адамның қолына жұғып, мұрын, ауыз қуысы, көз арқылы ағзаға түсүі мүмкін;
12. Аурушаңдықтың деңгейі күрт көтерілген кезеңде, сау адамдар 0,25% оксалин майын үйден далаға шығар алдында күніне 2-3 рет қолдану керек;
13. Тұмау аурушаңдығының алдын алу мақсатында, лекоцитарлық интерферонды 0,25 мл. немесе танаудың әр құысына шашыратқыш аркылы 5 тамшыдан тәулігіне 2 рет тамызу керек:
+1 дауыс
лимон қосылған шай ішшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшш
+1 дауыс
Моншаға барып , парда ұзақтау отсаң  демде кетеді!
+1 дауыс
Ыстық сүт іш палмен қосып ! Баня болса оған бар ! дәрігер үйде болса тіпті жақсы дәрі іш
+2 дауыс
Баняға бар,лимонмен шай іш,антигриппин кабылда, ең бастысы пиязды кесіп-кесіп бір ыдыска салда өз бөлмеңе қой және көп емес 1 пияздан болсын жеп тур тез жазыласың,шынымен,бұл дәлелденген)))
0 дауыс
РАХМЕТ!!!! Барлықтарыңызға!!!
...