0 дауыс
72.2k көрілді

Тұмауды антибиотикпен емдегіштерге

Обшым Бэлланың тұмау туралы постында оқырманның екіден үші антибиотикпен емделуге кеңес беріпті. Егер ол точно тұмау (ОРВИ) болса, оған антибиотиктің еш пайдасы жоқ. Неге? Түсіндіруге тырысайын. Антибиотиктер бактерияның клетка қабырғасын бұзады, осылайша оларды "өлтіреді".

Ал тұмау дегеніміз - вирус. Олар тіпті кішкентааай, және олардың клетка қабырғасы жоқ. Сонда әлгі антибиотигің нені бұзу керек? Әшейін ауаға оқ атқанмен бірдей боласың. Тіпті керісінше, вируспен күресіп жатқан ағзаңды одан сайын титықтатасың.

Айналайын, егер сен тұмаудан антибиотикпен емделген болсаң, ол жай ғана сәйкестік, яғни ағзаң вирусты өзі жеңген. Немесе ол тұмау емес, ол ангина, отит, синусит, пневмония тырым-пырым шығар, бірақ тұмау емес. Бұл аурулар тұмаудың дұрыс емделмей асқынуынан болады немесе жеке ауру ретінде де басталып кетуі мүмкін.

Сонда тұмауды қалай емдеу керек?

Мұрынды әлсін-әлсін тұзды ерітіндімен (аквамарис, аквалор) шаю, тамақты тұзды ерітіндімен (бір стақанға бір қасық тұз), фурацилинмен, ромашкамен шаю. Және көп-көп жылы сұйықтық ішу. Лимон, итмұрын қосылған шай, зімбір, бал қосып ішіңіз, морс, компот қайнатып ішіңіз. Обшым в любой непонятной ситуации ішіңіз. Вирус термен, зәрмен шығады.

Бөлмені қайта-қайта желдетіңіз. Артыңызбен емес, терезені ашып.
А лучше, дәрігерге барыңыз.

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Тұмау , грипп (лат. grіppus фр. grіpper – “бас салу, шап беру”), инфлуэнца – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңавариантын түзуі мүмкін.
Кейде ол асқынып кетіп тынысжолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады.
Таралуы
Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор,қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.
Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы – тұмаумен ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы таралады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғ. тыныс жолдарының беткей клеткаларына еніп, өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың жасырын кезеңі 1 – 4 күнге созылады. Тұмау кезінде науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен тыныс жолдары ашиды, дене қызуы көтеріліп (38С-қа дейін), асқа тәбеті болмайды. Басы ауырып, бұлшық еттері сыздайды. Адамға тұмау тигеннен кейін бірнеше сағ-тансоң (кейде 1 – 2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, даусы қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі қызарады. Тұмау, әсіресе, емшек еметін сәбиді қатты әлсіретеді. Баланың танауы бітеліп, демалысы қиындайды, мазасызданып, ұйқысы бұзылады. Тұмау ересек адамдар үшін де қауіпті, ол құлаққа, тамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіруі мүмкін. Т-дан жазылғаннан кейін организмде иммунитет пайда болады, ол А типінен кейін 1 – 2 жылға, В типінен – 2 – 3 жылға созылады, С типінен кейін тұрақтанады. Сондықтан С типімен ауырған адамдар тұмаудың бұл түрімен қайталап ауырмайды.- Лимон қосылған шәй тұмау тигенде, тыныс алу жолдары қабынғанда жақсы көмектеседі. Шөлді қандырады.
0 дауыс

Қаһарлы қыспен бірге, «тұмау» атты адамзаттың жауы да ілесіп келеді. Эпидемияның жыл сайынғы қайталануы кезінде оған халықтың 15-тен 60 пайызға дейінгі бөлігі шалдығады екен.

Тұмау біздің эрамызға дейінгі 412 жылдары пайда болған. Эпидемия халық арасында тез таралып, мыңдаған адам осы аурудан көз жұмған. Сол кездерден бастап індеттен емделу жолдары іздестірілді. 1931 жылы Америка ғалымы Ричард Шоуп ауруды зерттей келе тұмау бактериядан емес, вирустан болатынын анықтаған соң, емшілер әртүрлі шөп тұнбаларынан сұйықтық жасап, науқасқа ішкізіп, аталған аурудың алдыналуға тырысқан. Қазіргі таңда, тұмаудың алдын алу үшін шығарылған түрлі емдік дәрілерден бөлек, суық тигенде емделудің түрлі жолдары бар.

«Әр елдің салты басқа…» демекші, тұмауды емделудің және суық тиюдің алдын алу үшін әр ұлт өзіне тән емдік тәсілді қолданады. Мәселен, Финдар денсаулыққа қатысты кез-келген мәселені шешу үшінмоншаны пайдаланады. Ең бастысы дене температурасы 37,5 градустан жоғары болуы керек. Арнайы саунаны үй жағдайында да жасауға болады. Ол үшін бір ас қасық түймедағы мен ащы жалбыздың гүлдерін алып, 4-5 литр қайнаған суға құйып, баяуотта 10 минут бойы ұстайды. Белге дейін шешініп, орындыққа отырып, екінші орындықта тұрған ыстық тұнбаға басына жамылғыны жамылып, будың үстінен 10-15минут дем алады. Соңынан жылы сумен, одан кейін салқын сумен шайынады.

Ал сырқаттанған жапондық 10 кесе ыстық көк шайішеді. Өйткені бұл емдік сусынның құрамында вирустың белсенділігіне қарсы тұратын катехин бар. Сондықтан, шәй плантацияларымен аты мәшһүр болған Сузоки ауданының тұрғындары респираторлық індеттерге аз шалдығады екен.

Мексикалықтар үшін жөтел, тұмау және өзгеде тамақ ауруларының алдын-алу үшін қызыл собықты бұрыштан пайдалы «дәрі» жоқ. Өзін жайсыз сезіне бастаған әрбір Мехико тұрғыны ас қасықтың төрттен бір бөлігіне ұнтақталған бұрыш салып, күніне үш мәрте ішіп отырады. Ал мұндай «дәрі» денені күйдірмес үшін, оны тілдің арасына сепкен соң, ізінше суық суды ішеді. Алайда, бұрыштың ащы дәмін тез қабылдайтын рецепторлар жинақталған тілдің түбіріне түсіп кетпеуін қадағалаңыз

0 дауыс
О Аллам сурак пен жауаптын уйкастыгын корип турган жохпын. Бир такырып болганмен далбаса
...