0 дауыс
47.8k көрілді

оңай тортты қалай жасауға болады,,,рецепт керек еді онша қиын емес

7 жауап

+1 дауыс
4 жұмыртқа, 200грамм қант екеуін әбден көпіргенше араластырасың сосын қоюланғанша ұн салып тағы араластырасың, арсындаға түйдек боп қалған ұндарды әбден ез, көпірт сосын тапаны майлап пісір ең оңайы!
0 дауыс
http://www.kuroed.com/?id=2322 мыналарды көр
0 дауыс

Бал арасы торты

Кәдімгі медовый торты. Медовый торт рецептерінің ішіндегі ең дәмдісі десем болады. Себебі бірнеше медовый тортын пісіргенмін, солардың ішінде ерекше ұнағаны осы болды. Енді медовый тортын пісіргенде үнемі қолданатын рецептім болады инш.

500 гр. ұн

2 жұмыртқа

200 гр. шекер

80 гр. сары май

115 гр. бал (3 ас қасық шамамен)

2 шәй қасығы ас содасы

крем үшін:

400 гр. Қаймақ

150 гр. қою сүт  (сливки 33%)

1 қоюлатылған тәтті сүт (сгущенка)

2 ас қасық бал

ара үшін:

қара шоколад

ақ шоколад

өрік дәнегі


Бисквиттерді пісіру үшін әуелі жұмыртқа мен шекерді жақсылап миксерлейміз. Сосын осы қоспаға бал, сары май және соданы қосып, осы ыдысымызды буға қоямыз. (Яғни қазандағы қайнап тұрған судың үстіне бисквитті әзірлеп жатқан ыдысыңызды қоясыз). Үнемі қозғап отыруыңыз қажет, қоңырқай түске айналып, өнім екі есеге ұлғайғанда ыдысыңызды оттан түсіресіз. Енді ұнды қосып, қамыр әзірлейсіз. Қамырдың бетін жауып қойыңыз. 10-15 минуттан соң қамырыңызды 3 бөлікке бөліп, бисквиттерді 200С-де пісіресіз. Өте жылдам піседі, абай болыңыз. Әр бисквит 5-7 минутта дайын болады.  Дайын болған бисквиттерді шеңбер ретінде формаға келтіріп, калған қамырды үгітіп алып қойыңыз торттың шетіне себесіз.
Крем үшін жоғарыдағы заттарды араластырып, жақсылап миксерлеп, біраз уақытқа тоңазытқышқа қойыңыз.
Торттың араларына, бетіне креміңізді жағып, қалауыңыз бойынша сәндеңіз.
Мен бисквиттың үгітінділерін шеттеріне сеуіп, бетіне шоколад пен өрік дәнінен аралар жасадым. Араларды көргенде қызымның қуанышында шек болмады. Бірінші аралардың қанаттарын теріп жеп алды.  Жаңғақ, өрік дәндерін қатты жақсы көреміз.

Одан бөлек мына жазбаларды оқи отырыңыздар.

http://yvision.kz/post/280776

http://massaget.kz/bastangy/kulinariya/1799

0 дауыс

Оңа жасалатын балды торт

http://www.gourmania.kz/2014/08/baldy-tort.html

0 дауыс
Қантпен(1 стакан( жұмыртқаны(3жұмртқа) араластырыңыз.Сосын 3ас қасық ұн ,ванилин(қалағаныңызша) қамыр қопсытқыш(0,5 шай қасық) қосып араластырыңыз.(миксермен)Табаны майлап құйыңыз.10-15 мин дайын болады.
+1 дауыс
Градксы мен минуты канша
0 дауыс
2жұмыртқа, 1 стакан қант ,1стакан сүт, разлыхитель ,1қасық, 2 стакан ұн.Осы рет бойынша 1.жұмыртқа мен қантты араластырамыз,2.оған сүт қосып тағы араластырамыз,3.рахрыхительмен ұнды араластырып ,бағанығы қоспамызға қосып миксермен жақсылап араластырамыз.

Ұқсас сұрақтар

...