+1 дауыс
3.5k көрілді
Біз студентпіз күнделікті тамақтан жалықтық. Сондықтан торт пісірсекпа деген ойымыз бар. Соның ретцепін көрсетіп жіберсеңдер.

4 жауап

+1 дауыс

Ғаламторда жасалу әдістері көпко соларды қарап көрмедіңізбе? Мысалы: мына жерді қарап көріңіз жәнеде Аспаз жобасының ішінде де жақсы-жақсы дәмді торттардың жасалу жолдары бар. Іске сәт!

+1 дауыс

 

Жаңа жылдық банан торты

Құрамы:

Жеміс шырын 150г
Жұмыртқа 2дана
Өсімдік майы 160мл
Майлылығы төмен сүт 160мл
Банан 2дана
Ұн 300мл
Үгітілген шоколад немесе какао
Разрыхлитель 1 ас қасық
Сода 1 ас қасық

Глазуріне :

Сары май 60мл
Сүт 2 ас қасық
Кішкене ванилин
Қант ұнтағы 3стакан
Үгітілген шоколад 3 ас қасық
Банан 1 дана
Лимон шырыны

Банан тортының дайындалуы:
Үлкендеу ыдысқа шырынды , жұмыртқа , қант, сүт , өсімдік майы және банан барлығын араластырамыз. Ал екінші ыдысқа ұн мен шоколад сода және разрихлителді араластырыып, екі қоспаны біріктіріп араластырамыз. Пешке табаны майлап қамырымызды құйып тортымызды пісіреміз.
Тортымыз піскенше глазурін дайындап аламыз. Ванилин мен сары майды араласытырп оған қант ұнтағы мен үгітілген шоколадты қосамыз.
Тортымыз піскен соң суытып бетіне глазурін айналдыра жағып, бананымызды дөңгелектеп турап , лимон шырынына бір бірден салып торттың бетіне қойып шығамыз. Бананды лимон шырынына салуымыз сонда бананымыз қарайып кетпейді. Және де торт бетін бананмен қоса өз қалауыңызша әсемдеп қойуыңызға болады.

+1 дауыс

http://epovar.kz/ сайтына кіріп, ұнаған рецептіні таңдап алыңдар. Ас болсын!

0 дауыс

Сәбізді торт

Құрамы:


Қамырына:

Грек жаңғағы  – 100 гр.,
Үгітілген сәбіз - 2 ½ стақан (340 гр),
Ұн - 2 стақан,
Ас содасы -1 шай қасық, 
Қамыр қопсытқыш - 1 1/2 шай қасық,
Тұз - 1/2 шай қасық,
Жұмыртқа - 4 дана (үлкендері),
Қант - 1 стақан, 
Өсімдік майы - 150 мл,
Даршын, ванилин.

Креміне:

Сүзбелі ірімшік (творожный сыр) - 150 гр.,
Сары май - 75 гр.,
Қант пудрасы - 100 гр.,
Лимон цедрасы.

Торттың толық жасалу жолы суреттерімен (фото) http://www.gourmania.kz/2014/07/sabizdi-tort.html

Ұқсас сұрақтар

...